ІІ Дизайнер Аида Кауменова: «Егер менің киімдерімді бірден танып
жатсаңыздар, бұл мен үшін үлкен жетістік. Мен өз киім үлгілерім арқылы қазақ
қызының бейнесін, қазақтың тарихынан сыр шертетін дәстүрін сомдағым келді.
Сондықтан мен өзіндік қолтаңбамды қалыптастыра алдым деп толық айта аламын.
Қазақ қызына лайық ою-өрнегі бар киім шығаруды басты мақсат етіп қойдым. «Өзге
елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші, елімді тастап шетелде танымал
болуды мұрат қылмадым. Мен үшін елімнің дамуына, көркеюіне өз еңбегімді сіңіруден
артық ешнәрсе жоқ еді».
Достарыңызбен бөлісу: |