Қазақ тілі (бірінші тіл)
1-
мәтін
Қоқыс дерті – ғасыр мәселесі
1.
Қай қаланың шынайы келбетін көргіңіз
келсе, ең бірінші сол қала маңындағы күл-
қоқысқа мән бергеніңіз жөн. Қазіргі таңда бұл
басты мәселенің біріне айналды. Бүгінде
республика аумағында 43 миллиард тоннадан
астам қоқыс жинақталған. Оның тек 5 пайызы
ғана кәдеге жараса, қалғаны жер қойнауына
жіберіліп, одан әрісі қауіпті үйінділердің
маңына төгіледі. Қазіргі уақытта тұрмыстық
қалдықтарды жинау, сақтау және өңдеу
мәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті жағдайдың қатарында тұр.
2. Қоқыс полигондарының жетіспеушілігінен, оның сыйымдылығына шыдамай,
күн сайын қоқыс қалдықтарының саны өсуде. Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын
тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға
дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып
алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер
қойнын ластап, топырақ құнарын жеп жатады.
Тау-тау болып үйілген қалдықтардың
экологияға кері әсер ететіні белгілі. Дәлірек айтқанда, бүлінген заттар топырақтың
құнарын кемітіп, улы газдар арқылы ауаны ластайды.
Оны өртесе, адам ағзасына
зиянды заттар бөлінеді. Сол секілді басқа да қоқыс қалдығы адамға, ауаға, қоршаған
ортаға кері әсерін тигізуде.
3
. Қаланың әдемі келбеті, әсіресе, тазалығы табалдырығынан басталған халықтың
мәдениетімен тығыз байланысты. Ал, мәдениет бар жерде қалаға деген жанашырлық,
сүйіспеншілік те бар. «Тазалық – иманның жартысы» демекші, адамдар тазалыққа
ортақ жауапкершілікпен қараса дұрыс болар еді! Қай уақытта да өмір сүріп жүрген
ортамызды таза ұстау, Жер-Анаға қиянат жасамау адамзаттың қолында. Ендеше,
қаламызды күл-қоқыстан таза ұстайық, ағайын!
1.