ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет2/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

мҮШАЙРА ЖАЙлЫ
Құрметті  оқырман!  Тіл  мен  әдебиет  қашан  да 
халықтың  руханиятын  байытуға  қызмет  етуі  тиіс. 
Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.):  «Сөзде  сиқыр  бар»  деп 
ескерткеніндей,  сөздің  құдіреті  мол.  Сөз  адамның 
жан  дүниесін  жадыратып,  алпыс  екі  тамырын  ара-
лап,  жүрек  қылын  тербейтіні  сөзсіз.  Бір  ауыз  сөзбен 
қасіретті тарқатып, айықпас дертті жазуға болатынын да 
ақындарымыз жырлап өткен.
Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасы  2010 
жылы  Діни  өлеңдер  мүшайрасын  ұйымдастырды. 
Мақсат  –  хақ  дініміз  Исламның  құндылықтарын  тек 
мешіттердегі  имам-молдалардың  сөздері  немесе  газет-
терде  жарияланатын  діни  мақалалар  арқылы  ғана  емес, 
сондай-ақ  әдебиетіміз,  соның  ішінде  поэзия  арқылы 
да  насихаттау.  Өйткені  халқымыздың  жүрегіне  жай 
қара  сөзден  өлең  жақын.  Қазақтың  жай  сөздің  өзін 
ұйқастырып,  өлең  етіп  сөйлейтіндігін  айтып,  кезінде 
немістің әйгілі ғалымы В.В. Радловтың тамсанғаны бар. 
Халқымыздың  бас  ақыны,  хакім  Абай  да  өлеңді  сөздің 
патшасына  тегіннен  тегін  баламаса  керек.  Тіпті  «тілге 
жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айна-
ласы» деп өлеңнің негізгі өлшемін де ұсынған жоқ па еді? 
Олай болса, дініміздің асыл қазыналары да неге шумақ-
шумақ  жыр  дестелерімен  төгілмесін?!  Екіншіден,  сәтті 
шыққан бірқатар өлеңдердің сазын жаздырып, биік сах-
наларда ән етіп шырқату ниетіміз де болды. Себебі кейде 
әншілеріміз сахнаға алып шығатын мазмұны дұрыс өлең 


4
Аллаға мадақ
таппай қиналатынын да көріп жүрміз. «Ән–көңілдің ажа-
ры» деп әнді сүйетін көңілдер қанша десеңізші! Байыппен 
бақыласақ, табиғаттың өзі де әнге тұнып тұр. Тамшының 
тырсылы мен бұлақтың сылдыры тыңдай білгенге тама-
ша әуен. Теңіздің буырқанып тасуы, жыршы құстардың 
сайрап ән салуы да кісінің жан дүниесін рахатқа бөлейтін 
керемет  саз.  Ән  еш  уақытта  тоқтамайды.  Себебі  дұрыс 
әуен,  мазмұны терең саз адам табиғатының қажеттілігі. 
Сондықтан  қазақ  әндеріне  арқау  болатын  өлеңдердің 
мазмұны тереңдесе деген тілегіміз бар. Міне, бұлардың 
барлығы асыл дініміздің басқа қырларынан да өрістетіп, 
өркен жаюына септігін  тигізері анық. Ислам тек мешіт-
медресесімен, намаз, оразасымен ғана емес, ғылым-білім, 
өнер, мәдениет, әдебиет секілді өзге салалар бойынша да 
көркеюі тиіс. 
Ал дінді өлең-жыр шумақтарымен толғау бүгін ғана 
пайда  болған  дүние  емес.  Бұл  бұрыннан  келе  жатқан 
дәстүр. Ілгеріде өткен ақын-жырауларымыздың дін жай-
лы айтқан өлеңдері көп болған. Ал шығыс әдебиеті екі 
бастан Аллаға ғашықтық тақырыбын қозғады. Өкінішке 
орай, кешегі Кеңес үкіметі кезінде бұл игі үрдіс тоқтап 
қалды.  Сондықтан  біз  осы  тоқырауға  ұшырап  қалған 
жақсы дәстүрді қайта жандандыруды ниет еттік.  
Мүшайра  «Шеберді  шебер  дегенше,  Алланы  шебер 
десейші», «Әз Пайғамбар Мұхаммед (саллаллаһу алейһи 
уәсәлләм)», «Көркем мінез – көркіміз» деген үш тақырып 
аясында өтті. Себебі бұл тақырыптар Исламның негізгі 
мазмұнын қамтиды.
Мүшайрада  көптеген  ақындарымыз  сынға  түсті. 
Орта  мектептерде  оқитын  7-11  сынып  оқушылары  мен 
жоғарғы оқу орындарының студенттерінен бастап, қазіргі 
әдебиетте салмақты орны бар танымал жазба ақындар мен 


5
Таңдаулы діни өлеңдер
суырыпсалма айтыскерлерге дейін қатысып, өз өлеңдерін 
бәйгеге қосты. Оларға Алла разы болсын дейміз. 
Енді қоржынға түскен өлеңдер жайлы да айта кетелік. 
Өйткені  мүшайра  қорытындысы  жайлы  және  өздері 
ұсынған өлеңдерінің жай-күйі туралы білгісі келген са-
уалдар  өте  көп  болды.    Бұл  жерде  екі  мәселенің  басын 
ашып айтуымыз керек. Біріншіден, мүшайраға қатысқан 
ақындардың деңгейі әр түрлі. Олардың арасында әдебиет 
пен тілдің  жайын керемет меңгерген тәжірибелі ақындар 
да,  дініміздің  құндылықтарын  біршама  тереңдеу 
білгенмен,  өлең  жазуды  енді  ғана  бастап  жүрген  та-
лапкерлер  де  бар.  Өлеңдердің  арасында  сыртқы  пішіні 
мен  көркемдігі  жоғары  деңгейде  болғанмен,  мазмұны 
төмендеулері де немесе діни мазмұны жоғары, бірақ фор-
масы келіспегендері де ұшырасып жатты. 
Бірақ  осындай  жағдайда  жиналған  өлеңдердің 
мазмұнына  көбірек  көңіл  бөлінді.  Өйткені  мүшайраны 
ұйымдастырып  отырған  Діни  басқарма  болғандықтан, 
ондағы  өлеңдердің  мазмұнында  шариғат  жөнінен 
олқылықтар болмауы тиіс. 
Ал  қолымыздағы  жинаққа  мүшайрада  оза  шауып 
бәйге  алған  жүлдегерлердің  өлеңдері  мен  мазмұны 
терең, ұйқасы мен көркемдігі келіскен діни жырлар ғана 
таңдалып алынды. 
Өлеңдерді  сараптаған  қазылар  алқасы  өлеңдердің 
мазмұны  мен  көркемдік  шеберлігіне  қатар  көңіл  бөле 
отырып,  жүлдегерлерді  анықтады.  Алайда  жазылған 
өлеңдердің  шын  бағасын  Алла  тағаланың  өзі  беретінін 
ұмытпағанымыз  абзал.  Мақсат  атақ-абыройға  кене-
лу  емес,  Алланың  разылығы  болуы  керек.  Мүшайраға 
қатысып, жүлдеге іліне алмағандардың сауабын Алланың 
өзі беретіні сөзсіз. 


6
Аллаға мадақ
Әрине, бұл мүшайра тек бастама ғана, келешекте әлі 
үлкен  деңгейде  көркейіп,  тиісті  мақсаттарына  жететін 
болады. Ең бастысы, кеңес үкіметі кезінде сіресіп қатқан 
тоңның жібіп, сеңнің жылжығандығы. Алла тағала осы 
мүшайраға  атсалысқан  әрбір  жанға  мол  сауабын  нәсіп 
етіп, шексіз мейіріміне бөлесін. Әмин. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет