Ұ лЫ ҰсТАЗЫм Жалғыз дос жаратқанға Нұр Мұхаммет
Алла сүйіп жаратып берген медет
Тілейді ыстық сәлем игілікпен
Мархабалап соңынан ерген үмбет
Азанда асқақтаған бұл бір есім
Адамзаттың сұлтаны біз білетін
Айналдым сүннетің мен хадисіңнен
Естігеннің жүрегін идіретін
Көрсеткен дей құранда
Салауат айтып бір Алла
Періштелер үн қосып
Айналдырған ұранға
Мархабалап үмбеті
Қосылады бұларға
33
Таңдаулы діни өлеңдер Екі дүниенің мырзасы ардақтысы
Адамзаттың абзалы салмақтысы
- Алла досы – атанған жан біткеннің
Ақырғысы бір өзі алғашқысы
Жаратқанды танытып құлдарына
Қиналғанның құлақ сап мұң зарына
Жан-баласын бөлеген жын-баласын
Хақтан түскен ғажайып нұрға мына.
О менің екі дүниелік ырыс бағым
Сені сүйдім ісіңді ұлықтадым
Сен таныттың Алланың өзін сөзін
Нұр мүбарак болмысы ҰЛЫ ҰСТАЗЫМ