1. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
2. Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың негізгі
кезеңдері.
3. Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты. Үштілділік және
кириллицадан латын әрпіне көшу мәселесі.
1) Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын
бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің
өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды.
Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен
еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі
есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды,
мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген
кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының
қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты.
Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың
жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет
етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян
шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз
жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан
өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда
шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың
басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп
шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор
қиыншылықпен жүргізілді.
1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады,
ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді.
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл
бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын
қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс
өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында,
Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту
өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда
май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты
салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық
байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны
қажет етпейтін
Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда
болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-
на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ
кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет
меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда
еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда
басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.Солай дегенмен
де, бұл кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол
Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз
бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс істеген
өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта
қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің
мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай
жол қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші
жартысында — 30-жылдарда Мәскеудің, Ленинградтың, Донбастың,
Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының кәсіпорындары сияқты
жергілікті «индустрияландыру құралы» бола алмады. Оның үстіне ескі
кәсіпорындар мен теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе
оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға жергілікті
тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының,
құрылыс материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып
отырды.Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі -
оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі
уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да
пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп
болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде
зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол
кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті
жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да
кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында
Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде
ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен
Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында
«халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-
нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке
алынбаған», - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның
бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық
зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді
зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік
жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі
бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай,
сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге
асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс», - деп
ерекше атап өтілді.
2) Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш
қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға
«буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге
түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт
қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын
контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен
қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп
айыптады.
50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға
қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды.
Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа
шығарылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау - 1920-1950
жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты
асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін
дәлелдеді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін
құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн
адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары
тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып
отыр.
3) Латын әліпбиін пайдалану мемлекеттіліктің іс жүзінде барлық бағыттарын
қозғайтын маңызды қажеттілігі болып табылады. Қазақ жазуының
қалыптасуы күрделі және көп қырлы процесс болып саналады. Тарихи және
саяси оқиғалар тілдік ортаға және олардың жазбаша ойлар жолдарын
қалыптастыруына үлкен әсер етті. Ғасырлар бойы графиканы өзгертудің бір
маңызды себебі қазақ дыбыстық ауқымының кейбір элементтерінің айтуы
ерекшелігі болғандықтан белгілі бір алфавитті таңдауды қиындатты. Араб,
латын немесе славян графиктерін пайдалана жүріп және пайдалану үшін
қазақ халқының ғалымдары, әйгілі тұлғалары мен қайраткерлерінің
арасындағы талай уақыт бойы келіспеушілік пен пікірталас сүйемелдеуіне
пайда болды. Уақыт талаптарына байланысты, сондай-ақ ағылшын тілінде
бірқатар пәндерді оқыту, жас ұрпақ үшін көп тілді ортаны дамытуға
байланысты латын алфавитін таңдау туралы жалпы шешім қабылданды. Бұл
мақалада осы процестің негізгі мәселелері қарастырылады.
Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп.
«Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік»
-деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп,
оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз
керектігі де түсінікті.
Сөйтіп, ғалымдар 30-31 әріптен тұратын әліпби жасауды нысана етіп отыр.
Бұл бұрынғы 42 әріптің қысқарып, 10 таңбасы алып тасталынатынын
көрсетеді.
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге
кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен
оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ,
Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды
тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу
қажеттігін атап өтті.
Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы
ықпал етері сөзсіз. Себебі латын әліпбиіне көшу арқылы біз
психологиямызды, ми қабыршығы астындағы санамызды орыс тіліне деген
тәуелділіктен босатамыз деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік тілдің латын
әрпіне көшуі – заман талабы.
Достарыңызбен бөлісу: |