109
Сондай-ақ басылымның тұрақты авторлары қатарында
тараздық Меңдібай Әбілұлы, жармалық Рахметова
Жұмабақыт Толышқызы, жаңақорғандық Байдүйсенова
Гүлнара Сейітханқызы, аралдық Жанзақова Рахия
Тәңірбергенқызы, т.б. бар. Осы орайда жуырда зейнет
жасына сан қырлы, тәлімдік қызметімен келіп жеткен
Жұмабақыт Рахметоваға «Бейнетіңіздің зейнетін ғұмыр
жасыңыз көрсете беруге жазсын» деп бірауыз тілек айта
кеткен орынды болар.
Нені, қай тақырыпты жазу керектігі, жұрналға, әсіресе,
қандай мақала керектігі жөнінде хабарласқан оқырманымыз-
ға бағыт-бағдар беруге қашанда жалықпаймыз. Келіп түскен
мақаласының болмысынан кісінің жұрналды мән беріп
оқитыны, оқымайтыны аңғарылып-ақ тұрады. Сарашы
ретінде өткір дүниенің жүзін майырылтқан жеріміз жоқ.
Мектепте, білім беру саласында ер адамдар аз дейміз.
Барын бағалай білейік. Қайта жарық көргенінен бастап
басылымның әр нөмірі мазмұнында кем дегенде үш ер адам
еңбегі тіркелуін заңдылық ретінде ұстанудамыз.
«Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс», «Қазақ әдебиеті:
озық тәжірибе, ортақ әдіс» айдарында талай жылдан
бері негізінен жаңа сабақ үлгілері орын алуда. Қайталау
сабағыңызды ол арадан іздеп әуре болмаңыз. Мұғалімнің
кәсіби нақты шеберлігі, іскерлігі жаңа тақырыпты
оқушыларға
игертуі кезінде анық, айқын көрінеді.
Мағжан Жұмабаев 1923 жылы шығарған «Пидагогика»
еңбегінде (А., «Рауан», 1993) «Қазақтың тағдыры, келешекте
ел болуы да мектебінің қандай құрылуына барып тіреледі.
Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын,
үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-
ақ серттесуге болады» депті (109-бет). Мектебімізді «өз
жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге» келтіре алдық
110
па?! Қарайған-зорайғанды қалқа тұтып, соңынан ереміз деп
жүріп далақтап айдалада ұлтсызданып қалмаймыз ба?.. Иә,
айтуға – оңай, жазуға – қиын.
Алла бұйыртып жарты ғасыр ғұмыр кешіппіз. Бағалай-
тын жандар үшін – білімдіміз, өсіппіз. Алқын-жұлқын
көзбояушы-пысықай (халтурщик) жазғаныңды, сызғаныңды
неғылсын, олар үшін керексізбіз, құр бос сөзді бөсіппіз...
Ширек ғасырдай тіршілігіміз осы басылыммен
байланысты болды. Жұрналдағы жұмысымыздың бағасын
ұстаздар дұрыс берген болар, шындығы сол шығар. Бәлкім,
көңілжықпастық, т.б. орын алды ма екен?..
Қалай болғанмен де ұстаздардың үш жыл көлеміндегі
(2010, 2011, 2012) пікірлерімен сөзімізді түйіндегенді жөн
көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: