2010 жыл есебінде: Мен төл жұрналымыздың 1997 жылдан бергі тұрақты оқырманымын. Өзім Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы №4 орта мектептің мұғалімімін... Мұғалім болып жұмыс жасағаныма 13 жыл болады. Мұғалім шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинақтауына сіздердің жұрналдарыңыздың жәрдемі мол. Осы жылдар ішінде сабақ не сыныптан тыс сабақ өткізу барысында көмек керек болған жағдайда «Қазақ тілі мен әдебиетіне», әріптестерімнің осында жарияланған әдістемелік мақалаларына сүйеніп келемін... Сәлеммен: Есенқазақова Ақмарал Еркебайқызы. Менің білім ошағында қызмет атқарғаныма 7 жыл болды. Осы жылдар ішінде тіл мамандарының төл жұрна- лы болып саналатын «Қазақ тілі мен әдебиетіне» үзбей жазылып келе жатырмын. Сіздердің басылымдарыңыздан көп нәрсе үйренуге болады. Ғалымдардың, зерттеушілердің, тәжірибелі ұстаздардың мақалалары, сабақтары да біз
111
сияқты жаңа бастаушы мұғалімдерге ауадай қажет екені сөзсіз. Алдағы жылдарда да өзімнің сүйікті басылымыма жазылуды жалғастыру арқылы халыққа беделі бар, жас мамандарға тигізер пайдасы мол жұрналдың өмір сүруіне аз болса да өз үлесімді қосармын деп ойлаймын.