жеке
тұлғалар(азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматтары, қос
азаматығы бар азаматтар) жəне заңды тұлғалар (мемлекеттік органдар,
ұйым, ұжым, мекеме) болып екі топқа бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз – оқшау
мүлкі бар, сол мүлікпен жауап беретін, сотта талапкер не жауапкер бола алатын,
дербес мөрі, сметасы жəне балансы бар ұйым болып табылады. Заңды тұлғалар
коммерциялық жəне коммерциялық емес болып екіге бөлінеді.
Құқықтық қатынастың субъектісі болу үшін құқық қабілеттілік жəне əрекет
қабілеттілік болуы керек. Құқық қабілеттілік – тұлғаның құқықтар мен
міндеттерге ие болуы қабілеттілігі болып табылады. Əрекет қабілеттілік –
тұлғаның өз əрекеттері арқылы құқықтары мен міндеттерін іске асыру
қабілеттілігі болып танылады. Жеке тұлға үшін əреке қабілеттілік толық 18
жастан басталады, ішінара 14 жастан бастап 18 жасқа дейін болады.
2) құқықтық қатынастың объектісі – құқықтық қатынастың субъектілерінің
құқықтары мен міндеттері неге бағытталғандығын көрсетеді. Объектіге рухани
(өмір, денсаулық, ар-намыс, абырой жəне т.б.) жəне материалдық игіліктер
(ақша, зат, мүлік жəне т.б.) жатады.
3) құқықтық қатынастың мазмұны – субъективтік құқықтар мен заңи
міндеттердің іске асырылуы деп түсініледі. Субъективтік құқық дегеніміз –
субъектіге өзіндік мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңи мүмкін
мінез-құлықтың шарасы болып табылады. Заңи міндет дегеніміз – субъективтік
26
құқықты іске асыру кепілдігі, құзырлы тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін
белгіленген заңи қажетті мінез-құлықтың шарасы болып танылады.
Құқықтық қатынастың пайда болуы үшін алғышарттар бар, олар:
1) құқық нормасы болуы керек;
2) құқық субъектілік (құқық жəне əрекет қабілеттілік) болуы керек;
3) заңды фактілер болуы керек.
Заңды фактілер – құқықтық қатнастың пайда болуына, өзгеруіне жəне
тоқтатылуына əкеп соқтыратын нақты өмірлік жағдайлар болып табылады.
Заңды фактілер оқиға жəне əрекеттен тұрады. Оқиға – адамның еркінен,
санасынан тыс жағдайлар, мысалы, табиғи апаттар, өлім жəне т.б. Əрекет –
адамның еркінен туындайтын жағдайлар. Ол құқыққа сай жəне құқыққа қарсы
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |