ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет1/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)



 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

КІРІСПЕ 



 

          Өткен 2012 жылы  Қазақстан  Республикасының  Президенті – Ұлт 

көшбасшысы  Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаетың «Назарбаев Университетіндегі 

Қазақстан  білім  қоғамы  жолында»  атты  интерактивті  дəрісін  барлық  жастар, 

студенттер,  ұстаздар  қауымы  зор  ықыласпен  тыңдады.  Бұл  дəріс-

тыңдаушылардың  барлығына  да  үлкен  серпін  беріп,  келешекке  деген  зор 

сенімді ұялатты, жастардың болашағына жол ашты. Дүниенің кілті, жетістіктің 

негізі білім, ғылым екендігін айғақтай отырып, Ел Президенті жастарға, алдағы 

уақытта олардың атқаратын міндеттерін де саралап берді. 

         Қазақстанның өсіп-өркендеуінің кілті жастарда. Ел дамуының жаңа кезеңі 

мен  тəуелсіздігіміздің  үшінші  он  жылдығында  білімді,  тəрбиелі,  өнегелі 

жастарды  қалыптастыру  тəуелсіз  мемлекетіміздің  өркен  жаюының  негізі 

екендігін де Елбасы баса айтты. Президент дəрісінде елімізде құқықтық білімді, 

құқықтық  білімді,  құқықтық  сана  мен  тəрбиені,  одан  əрі  өмір  талабына  сай 

жетілдіру қажеттілігі баса айтылды. 

         Конституцияға  сəйкес  Қазақстан  Республикасы  демократиялық  зайырлы, 

əлеуметтік, құқықтық мемлекет. 

         Құқықтық мемлекеттің негізі атқаратын қызметі қоғамдық өмірдің барлық 

салаларын  заң,  əділетті  құқық  нормасымен  ретке  келтіру,  басқару,  қызмет 

көрсету  салаларында  заң  талаптарын  басты  басшылыққа  ала  отырып,  адам, 

қоғам, мемлекет мүддесіне адал қызмет атқару болып табылады. 

Өйткені,  құқықтық  норма-əділет  жолы,  адам,  қоғам,  мемлекет  мүддесінің 

үйлестірушісі,  заңдылық  пен  демократияның  даму  негізі.  Осыған  орай, 

Президент дəрісінде Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүние жүзінде алдыңғы 

қатарлы  мемлекет  санатында  көрініу  үшін  құқықтық  сауаттылықты,  тəрбиені, 

сананы жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға аян. Еліміздің 

əрбір азаматы өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, əрбір азамат 

құқық  нормаларын,  заңдылық  талаптарын  берік  ұстануы  керек.  Сонда  ғана 

мемлекетіміз  саяси,  экономикалық,  əлеуметтік  тұрғыдан  дамып,  тəртіп 

нығаяды.  

Құқықтық  сана,  құқықтық  мəдениет  жəне  құқықтық  тəрбие  əрбір 

азаматтың қалыптасуының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс. 

Құқықтық  сана  дегеніміз-тұлғаның  қолданыстағы  немесе  қабылданатын 

құқық нормаларына деген көзқарастары мен сезімдерінен, оларға тиісінше баға 

беру мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады. 

Бұдан  құқықтық  сананың  негізінен  құқықтық  психология  жəне  идея 

жиынтығынан  құралатынын  көреміз.  Құқықтық  психология  қолданыстағы 

құқық  нормаларын  жетілдіруге,  жаңа  құқықтық  нормаларды  қабылдау 

қажеттілігінің  денгейін,  сезімін  білдірсе,  құқықтық  идея  құқықтық  сананың  өз 



 

дəрежесіне  көтерілуінің  нəтижесінде  адам,  қоғам,  мемлекет  мүддесі  үшін 



қажетті құқық нормаларының қабылдану қажеттілігін білдіреді. 

  

Құқықтық  сана  сезімнің  басты  мақсаты-адам,  азамат,  қоғам  мүддесіне 



сəйкес келетін, олардың мүдделерін қанағаттандыратын құқықтық нормаларды 

ортақ  игілік  үшін  қабылдау  қажеттілігінің  негізгі  бастамашысы  болып 

табылатындығында.  Құқықтық  мəдениет  боса  құқық  нормаларын  білу,  толық 

түсіну,  оларды    басшылыққа  ала  отырып  адамзаттың  ортақ  мүддесіне  қызмет 

істеуді білдіреді. 

 

Құқықтық  мəдениет  құқықтық  сана  сезіммен  тығыз  байланысты  жəне 



содан  негіз  алып  дамиды,  жетіледі.  Субъектінің  өзінін  іс-əрекетінде  құқық 

нормаларын  басшылыққа  алуы  оның  құқықтық  мəдениеттінің  ерекшелігін, 

дəрежесін білдіреді. 

 

Құқықтық  тəрбие-қоғам  мүшелерінің  құқықтық  санасы  мен  құқықтық 



мəдениетін 

қалыптастырудағы 

мемлекеттік 

органдар 

мен 

қоғамдық 



ұйымдардың  іс-əрекетінің  көрінісі  болып  табылады.  Мемлекет  неғұрлым 

құқықтық  тəрбиеге  ерекше  мəн  берсе – құқықтық  сана,  құқықтық  мəдениет, 

құқықтық  білім  биік  дəрежеден  көрініс  табады.  Өйткені  құқықтық  сана, 

мəдениет, құқықтық ғылым – тəртіптің қайнар көзі, бастауы. 

 

Тəртіп барлық жетістіктердің қайнар көзі, негізі Президент дəрісіндегі осы 



айтылған  идеяларды  жүзеге  асыру  үшін  не  істеуіміз  керек  деген  сұрақ 

тұындайды.  Ол  үшін – отбасында,  бала  бақшада,  орта  мектепте,  жоғарғы  оқу 

орындарында  құқықтық  тəрбие,  білім  беруді  заман  талабына  сай  жетілдіру 

қажет.  Əрбір  отбасы  бала  тəрбиесінде  дəстүрлі  əдет-ғұрып  заңдарының  тиімді 

жақтарын  ұрпақтар  санасына  сіңіріп,  оларды  заңды  құрметтеуге,  əділеттілікке, 

туращылдық жолға түсетіндей етіп тəрбиелеуі қажет. 

 

Бала  бақшаларда – еліміздің  Ата  Заңы  Конституцияда  көрсетілген – 



адамның,  азаматтың  басты  құндылықтары – құқықтары  мен  бостандықтары 

туралы  айқындалған  түсініктердің  мазмұнын  мемлекеттің,  мемлекетіміздің 

рəміздерін  маңызын,  мемлекеттік  құрылысының  негізгі  ұғымдарын  түсіндіру 

қажет.  Орта  мектепте  оқылатын  құқық  негіздері  пəнін  қайта  сапалы  түрде 

дайындап, Қазақстанның негізгі заңы Конституциясына негіздеп шығару керек, 

осы пəнге бөлінген сағат санын көбейтіп, бір жүктемеге толтырып, дəріс беретін 

пəн  мұғалімінің  арнаулы  заң  білімі  болуына  талап  қойған  жөн.  Өйткені,  білім 

сапасы ұстаздың мамандығына, білгірлігіне тікелей байланысты.  

 

Жоғарғы оқу орындарында қазіргі кезде «Мемлекет жəне құқық негіздері 



пəні балама пəн ретінде оқытылады. Яғни, студенттердің қалауы бойынша оқу 

жоспарына  енгізіледі.  Бұл  дұрыс  емес.  Мемлекет  жəне  құқық  негіздері  пəні 

барлық  жоғары  оқу  орындарының  оқу  бағдарламасында  міндетті  түрде 

оқытылатын  пəн  болуы  қажет.  Президент  дəрісінде,  сондай-ақ,  Президенттің 

жалпыға  бірдей  еңбек  қоғамның 20 қағидалары  атты  мақаласында  да  құқық 

негіздері  оқу  құралын  даярлау,  жоғарғы  білімді  оқу  орындарын  бітірген 




 

жастардың  құқықтық  білімді  меңгеру  қажеттілігі  нақты  көрсетілген.  Осыған, 



орай осы аталған пəн бойынша жаңа оқу құралын дайындау қажеттілігі өзінен-

өзі  туындап  отыр.  Құқықтық  білімді  жетілдіру  саласында  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  маңызы  да  ерекше.  Елімізде  құқықтық  сауаттылықты 

насихаттайтын арнаулы телехабар арнасы да қажет.  

 

Құқықтық білімді, сананы, тəрбиені жетілдіру – кең байтақ Қазақстанның 



барлық жерінде үздіксіз, біркелкі, биік дəрежеде жүзеге асырылуы керек.           

 

  Білім берудің негізгі көзі – білікті ұстаз екені ақиқат жəне осыған орай заң 



оқу орындарында ұстаздық қызметке алғанда ең алдымен олардың өзі оқытатын 

пəннің  шын  мəніндегі  білгері  екендігі  сот,  тергеу,  құқық  қорғау  қызметіндегі 

тəжірибесі,  болашақ  заңгерлерді  əділеттілікке  тəрбиелейтін  өзіндік  адами 

қасиеттері, дəріс берудегі шешендік ерекшеліктері басты назарға алынуы керек. 

Оқытушыларды конкурстық қызметке алғанда оларды ең алдымен студенттерге 

дəріс  оқытып,  білім  деңгейі  туралы  студенттердің  де  пікірі  басшылыққа 

алынғаны  жөн.  Өйткені  қазір  ғылыми  дəрежесі  барлар  көп,  ал  студенттерге 

дəріс  беру,  шынайы  ұстаз  болу  өте  жауапты  іс.  Жоғары  білімді  заңгерлердің 

білім саласы тиісті дəрежеде болса, мемлекетімізде заңдылық пен құқық тəртібі 

де  биік  деңгейде  болады  заңдылық  пен  құқық  тəртібі  биік  деңгейде  болады. 

Сонда ғана біз алдыңғы қатарлы 30-мемлекеттің қатарында боламыз. 

Тəуелсіз Қазақстан Республикасының өркендеуіне, дамуына, дүние жүзіне 

танылуына  тікелей  əсер  етіп  жатқан  құнды  құндылықтардың  бірегейі  елімізде 

жүзеге  асырылып  жатқан  құқықтық  реформа  болып  табылады.  Құқықтық 

реформаны  жетілдіру – елімізде  мемлекеттілікті  нығайтуға,  əрбір  қоғам 

мүшесінің  құқықтық  сана-сезімін  жетілдіруге,  Қазақстан  Республикасын 

құқықтық  мемлекет  ретінде  əлемге  танытуға  жол  ашатын  бірден-бір  жасалған 

алғышарт.  

Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасы  əлемге  өзін  демократиялық, 

зайырлы, құқықтық, əлеуметтік мемлекет екендігін əлі де танытуға тиіс. Осыған 

орай,  Қазақстан  Республикасының  Президенті-Елбасы  Н.Ə.Назарбаевтың 

«Қазақстанның əлеуметтік  жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 

20  қадам»  атты  құнды  мақаласында  өте  көкейкесті  болып  табылатын. 

«Қазақстан құқығы» пəнін жетілдіруге аса мəн беру қажеттігін атап өтті, оның 

болмауы,  жастардың  құқықтық  нигилизмі  мен  сауатсыздығына  соқтырады  деп 

Президент ескерту жасады. 

Қазіргі  уақытта  еліміз  бойынша  өскелең  ұрпаққа,  тұрғындарға  құқықтық 

білім  беруді  жетілдіру,  осыған  орай  окулықтар  мен  оқу  құралдарын  өмір 

талабына  сай  дайындалған  заңдарға  негіздеп  қайта  дайындау  міндеті  алға 

қойылып отыр. Өйткені, мемелекет, қоғам, жеке адам іс-əрекеттерінің барлығы 

дерлік  құқық  нормалары  арқылы  реттеліп  жүзеге  асырылды.  Демек,  қоғамның 

əрбір  мүшесі  өз  құқығын,  міндетін  заң  нормалары  негізінде  жүзеге  асыруы 

керек. Өйткені, құқық нормалары адамның туған сəтінен бастап өмірінің сонғы 



 

сəтіне  дейінгі  қолданылатын  заңдылық  құралы.  Қазіргі  кезде  кез-келген  адам 



қоғам,  мемлекет  арасындағы  қарым-қатынас  құқықтық  нормалар  арқылы 

реттеліп,  жүзеге  асырылды.  Қоғам  мүшелері  əсіресе,  жастар  конституциялық, 

əкімшілік,  азаматтық,  қылмыстық,  жер,  су,  экология,  салық,  қаржы,  еңбек, 

отбасылық құқық салаларын білуі қажеттілік. 

Осы  оқу  құралының  басты  мақсаты - Қазақстан  Республикасының 

азаматтарының  құқықтық  санасын,  құқықтық  мəдениетін,  құқықтық  білімін 

жетілдіруге  арналған.  Оқулық  Қазақстан  Республикасының  заңдарына 

негізделген  жəне  ол  құқық  мəселесіне  қызығушылық  білдіретін  барлық 

оқырмандарға арналған. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет