ҚҰҚЫҚ негіздері


  Əкімшілік  алдын  алу  (ескерту)  шаралары  –



Pdf көрінісі
бет197/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

1.  Əкімшілік  алдын  алу  (ескерту)  шаралары  –  мемлекеттік  басқару 

саласындағы 

мүмкін  болатын  құқық  бұзушылықтардың,  сонымен  қатар  қоғамға  қауіпті 

құбылыстардың    алдын  алу  мақсатында  қолданылатын  əкімшілік  мəжбүрлеу 

шарасының бір түрі. 

Заңнамада  əкімшілік  алдын  алу  (ескерту)  шараларының  ондаған  түрі 

көрсетілген.  Мысал  ретінде  карантин  енгізу;  мемлекеттік  шекараның  уақытша 

жабылуы; құжаттарды тексеру; тұрғын немесе басқа да ғимараттарға кіру; көлік 

немесе жаяу жүрушілердің қозғалысын тоқтату немесе шектеу; заттарды, жүкті 

тексеру;  жеке  тексеру;  азаматтарды  мəжбүрлеп  медициналық  куəландыру. 

Əкімшілік  алдын  алудың(ескертудің)  нақты  шаралары  қоғам  өмірінің  əртүрлі 

салаларын реттейтін нормативтік актілермен реттеледі. Солардың бірнеше түрін 

қарастырайық.  Сонымен,  карантин – бұл  санитарлы-эпидемиялық  шаралардың 

бірі ретінде санитарлық заңнамалармен реттеледі. Ол инфекциялық, паразиттік 

жəне  уланудың  туындауы  мен  жайылып  кетуінің  алдын  алу(ескерту) 

мақсатында енгізіледі.  Мемлекеттік шекараның уақытша жабылуы мемлекеттік  

шекараны  қорғау  туралы  заңнамамен  реттеледі.  Аталған  шара  азаматтардың 

денсаулығын,  құқықтары  мен  бостандықтарын,  мемелекеттік  жəне  ұлттық 

қауіпсіздікті  қорғау  мақсатында  енгізіледі.  Мемлекеттік  шекара  мына 

жағдайларда жабылады: 

- Босқындардың жаппай өтуі кезінде; 

-  Біздің  республиканың  немесе  шекаралас  мемлекеттің  территориясындағы 

жаппай немесе қарулы тəртіпсіздік кезінде; 

-  Қоғамға  қауіпті  инфекциялық  ауру  ошағының  пайда  болуы  жəне  оның 

Қазақстан территориясына əкелінуі мүмкін жағдайларда; 

-  Шекаралас  мемлекетпен  саяси  жəне  əскери  жағдайдың  ушығуы.  Əскери 

жағдайдың енгізілуі; 

- Табиғи немесе техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың туындауы кезінде. 

Құжаттарды  тексеру  əкімшілік  алдын  алудың  (ескертудің),  сондай - ақ 

мəжбүрлеудің ең қиын түрлерінің бірі болып табылады. Ол, бір жағынан, алдын 

алу  (ескерту)  шарасы  ретінде,  ал  екінші  жағынан,  əкімшілік  жауапкершілікке 

тартуды  қамтамасыз  ететін  процессуалдық  шара  ретінде  де  қарастырылуы 

мүмкін.  Бұл  шара  ішкі  істер  органдарымен,  кеден  органдарымен  жəне  шекара 

органдарымен қаралуы мүмкін. 




238 

 

Алдын  алу  (ескерту)  сипатындағы  шаралардың  тағы  бір  түріне  көшелер 



мен  жолдардағы  көлік  жəне  жаяу  жүрушілердің  қозғалысын  уақытша  шектеу 

немесе тоқтату, сондай-ақ, ол жерлерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 

мақсатында жол полициясы органдары жүргізетін жұмыстардың барлық түрлері 

жатады.  Ол  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрінің 2011 жылғы 1 

қыркүйектегі  Бұйрығымен  бекітілген  «ҚР  ішкі  істер  органдарының  жол 

қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулықта» бекітілген. 

Аталған  шараны  қолданудың  негізі  болып  мыналар  табылады:  жаппай 

наразылық білдіруге, митингтерге, шерулерге, жаппай сайранға шығу, спорттық 

іс-шаралар  немесе  жаппай  тəртіпсіздіктер  өткізу;  жөндеу  немесе  басқа  да 

жұмыстарды  жүргізу;  дүлей  апат  немесе  ірі  апат  не  зілзала;  үкіметтік 

салтанатты шеру қозғалысы не балаларды тасу жəне т.б.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет