аумақтық кеңiстiк, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндiрiс құралы жəне кез
келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi. Осы анықтамаға сəйкес, жердiң
375
2. Жерге барлық халықтың мұқтаж жəне халық санының өсуiмен аталған
ресурсты тұтынуы жерге деген сұранысты күшей-тiп отыр;
3. Жер – тек адамзат баласымен ғана емес, сонымен бiрге, адам өмiрiн
қамтамасыз ететiн тiршiлiктiң өзге де жандарымен тұтынылады;
4. Жердiң саны мен сапасы өндiрiстiк қызмет нəтижесiнде, өзге кейбiр
объектiлер тəрiздi ұлғаймайды, керiсiнше кемiп отырады.
Қазiргi жаһандану кезiнде, адамзат табиғатқа араласу белсен-дiлiгiн
арттырған жағдайда, табиғи объектiлердi жəне ерекше маңызға ие, ұзақ уақыт
бойы қалпына келетiн жер ресурстарын ұтымды пайдалану саласында жалпы
жаһандық жəне iшкi мемлекеттiк өзара келiсiлген шараларды қалыптастыру
қажет. Көптеген зерттеушiлер осыған байланысты жердiң ерекше
маңыздылығын атап өткен.
Б.Ж. Əбдiрайымов, жер дегенiмiз – мемлекет пен халықтың өмiр сүру
қызметiнiң негiзi болып табылатын табиғаттың басты объектiсi. Жерге меншiк
нысаны, иелену мен пайдалануға кiмге берiлгендiгi жəне жердiң сандық,
сапалық жағдайына бiздiң болашағымыз тəуелдi деп жазған болатын.
А.Х. Хаджиевтың пiкiрi бойынша – жердiң табиғи қасиетi өзге қоршаған
табиғи орта объектiлермен өзара байланыс жүйесiнде басым орнын белгiлейдi.
Орман, су, жануарлар дүниесi табиғат объектiлерi ретiнде жермен байланыссыз
өмiр сүре алмайды. Тек қана жермен тығыз байланыста бола отырып, олар
өздерiнiң өсiп-өну мүмкiндiктерi мен ерекше қасиеттерiн сақтайды жəне барлық
табиғи кешендермен бiрге экологиялық қызметiн жүзеге асырады.
Жер – барлық адамзат баласының өмiр сүруiнiң негiзi болып табылатын
негiзгi табиғи объект.
Жер ерекше белгiлерге ие.
Н.А. Сыроедовтiң пiкiрi бойынша, жер қайта қалыптаспаушылық, орны
толмастық жəне шектеушiлiк сияқты белгiлермен сипатталады.
А.Х. Хаджиев жердiң айрықша белгiлерi ретiнде келесi белгiлердi айтады:
– жердiң құнарлы қабатының болуы;
– жердiң өндiрiстiк қабiлетi мен тұтынушылық бағалығын қалпына келтiру
жəне сақтап қалу мүмкiндiгi;
– кеңiстiктiк шектеулiк;
– орнынан қозғалта алмайтындық, орналасқан жерiнiң тұрақтылығы.
Ғалымдардың пiкiрлерiн саралай отырып, жердiң келесi белгiлерiн бөлiп
көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: