ҚҰҚЫҚ негіздері


 Заң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық тəртібімен іс



Pdf көрінісі
бет89/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

 

6.8 Заң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық тəртібімен іс 

жүргізу 

Апелляциялық  сатыдагы  сот  заңды  күшіне  енбеген,  Қазақстан 

Республикасының  Жоғарғы  Сотының  шешімдерінен  басқа,  бірінші 

сатыдағы  сот  шешімдеріне  апелляциялық  шағым  мен  наразылықты 

қарайтын  екінші  сатыдағы  (жоғары  тұрған)  сот.  Апелляциялық  сатыдағы 

сотта істер бірінші сатыдағы сотта істер қарау ережесі бойынша АІЖК-нің 

ерекшеліктерімен қаралады. 



Апелляция бір қатар мемлекеттерде (қылмыстық жəне азаматтық істер 

бойынша)  сот  қаулысына  шағымданудың  бір  нысаны,  тараптардың 

шағымдары  бойынша  жəне  шағымда  көзделген  талап  шегінде  істі  мəні 

бойынша қарайтын екінші сатыдағы сот. 



Сот  шешіміне  жазбаша  нысанда  апелляциялық  шагым  мен  наразылық 

берілуі мцмкін. 

Сот шешіміне апелляциялық шагым жасау құқыгы іске қатысушы тараптар 

мен басқа да тұлғаларға тиесілі. Сот шешіміне апелляциялық наразылық келтпіру 

құқыгы  істі  қарауға  қатысушы  прокурорға  тиесілі.  Жалпы  ереже  бойынша 

Қазақстан  Республикасының  Бас  Прокуроры  мен  оның  орынбасарлары,  облыс 

прокурорлары  жəне  оларға  теңестірілген  прокурорлар  мен  олардың 

орынбасарлары,  аудандардың  прокурорлары  жəне  оларға  теңестірілген 

прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға 

қатысуына қарамастан, сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы. 



Бірінші  сатпыдагы  соттпық  апелляциялық  шагымды,  наразылықпгы 

алганнан кейінгі: 

- шағымның, наразылықтық жəне оған қоса тіркелген жазбаша 

дəлелдемелердің  көшірмелерін  келесі  күннен  кешіктірмей  іске  қатысушы 

адамдарға жібереді; 

- шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген 15 (он бес) күн мерзім өткеннен 

кейін істі апелляциялық сатыға жібереді; 

- іске қатысушы адамдарды істі апелляциялық сатыда қараудың орны мен 

уақыты туралы тиісінше хабарлайды.  




132 

 

Осы  апелляциялық  шағымдар  мен  наразылықтарды  қарайтын  соттар:  аудандық 



жəне  оларға  теңестірілген  соттар  шығарған  шешімдерге - облыстық  жəне  оған 

теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы; 

облыстық  жəне  оларға  теңестірілген  бірінші  сатыдағы  соттар  шығарған 

шешімдерге  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  азаматтық  істер 

жөніндегі алқасы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет