2.4 Тілдер типологиясы және салғастырмалы типология
Жалпы тіл білімінің негізгі мәселелерінің бірі «тіл және
қоғам», «тіл және ойлау» мәселелері болса, олардың толық
шешілуі тілдер типологиясымен тығыз байланысты.
Жалпы тіл білімінде салғастырмалы типология еуропа
тілдерінің, атап айтқанда, батыс үндіеуропа тілдерінің
зерттеулеріне сүйенеді. Алайда, бұл тілдердің әртүрлігіне,
олардың тілдік құрылысының күрделілігіне қарамастан, сол
тілдерді ғана зерттеу арқылы әлемдегі барлық тілдердің
құрылымдық типтерін жүйелі түрде, кешенді, жан-жақты
айқындау мүмкін емес.
Тілдердің құрылымдық типтерін анықтау үшін ең
алдымен, адамның танымдық және ойлау қабілетінің тілдік
көрінісін көрсету керек. Ол үшін лингвистикалық типология
барлық тілдік типтер мен құрылымдарды салыстырып,
салғастырады. Бұл мәселені алғаш қозғаған 30-40 жылдары ірі
лингвист- ғалымдар Н.Я.Марр және И.И.Мещанинов [1,32].
Құрылымы жағынан әртүрлі тілдерді славян, иран, кавказ,
түркі, монгол т.б.тілдерді зерттеу, салғастыру тілдерді
типологиялық жағынан зерттеудің дамуына және осыған дейінгі
тіл біліміндегі теориялық негіздерді қайта қарауға алып келді.
Мұнан кейін толыққанды типологиялық зерттеулер жүргізу
үшін тек Кеңес Одағы мен Еуропа халықтарының тілдері ғана
113
Лингвистиканың өзекті мәселелері
емес, сонымен қатар, шет елдік Азия, Африка, Америка және
әлемнің басқа да тілдерін жан-жақты салғастыра зерттеу қажет
болды. Осындай ауқымды типологиялық зерттеулердің
нәтижесінде ғана адамзат ойының тілдік көрінісінің тәсілдерін
зерделеуге мүмкіндік туады. Оларды толық көрсетіп, бір-
бірімен салғастыруға, тілдік типтердің барлығын да айқындауға
болады. Мәселеге осылайша қарағанда ғана толыққанды
типологиялық бағытта жалпы тіл білімін құру мүмкіншілігі
туады.
Лингвистикалық типология мәселесіне баса назар
аударған шет елдік ғалымдардың бірі - Р.Якобсон. Ол 1957
жылы Осло қаласында өткен УІІІ-ші халықаралық
лингвистикалық конгресте «Типологиялық зерттеулер және
олардың салғастырмалы-тарихи тіл біліміндегі орны» атты
арнайы баяндама жасады.
Р.Якобсон өзінің баяндамасында жалпы тіл білімі
типологиялық зерттеулерге немқұрайлы қарауына болмайтынын,
өйткені типологиядағы изоморфизм құбылысы әртүрлі, тіпті
туыс емес тілдер арасында да орын алатынын көрсетіп берді.
Р.Якобсонның пайымдауынша, генетикалық әдіс тілдердің
туыстығын айыру, ареалды әдіс тілдердің ұқсастықтарын
айқындау, ал типологиялық зерттеу әртүрлі тілдер арасындағы
изоморфизмді анықтау болып табылады. Изоморфизм әртүрлі
тілдерде немесе қандай да бір тілдің әр түрлі жағдайында
кездесе береді. Ғалымның өз сөзімен айтсақ: «... Независимо от
того, существует ли они одновременно или разделены временем,
являются ли сравниваемые языки смежными по территории,
родственными или неродственными» [2,5].
Типологиялық зерттеулердің негізіне тілдің жеке
элементтерінің инвентаризациясы емес, тілдік жүйенің
құрылымдық талдауы жатады. Типологиялық салғастыру тілдік
элементтердің күрделі иерархиясымен қоса, тілдік жүйенің
айрықша ерекшелігінің барлығын толық қамтуы қажет. Сонда
тіпті импликативті құбылыстар да ашылады, әрбір тілдің ерекше
фактілері айқындалады; осының негізінде түрлі тілдер арасында
Лингвистиканың өзекті мәселелері
114
кездесетін изоморфизмдер мен универсалийлер анықталады.
Шынында да, жеке тілдерді типологиялық тұрғыдан
зерттей бастасақ, көптеген тілдерге ортақ белгілерді табуға
болады. Мысалы, орыс, поляк, болгар тілдерінен бір түбірден
өрбіген сөздерді көптеп кездестіруге болады. Бұл құбылыс ол
тілдердің барлығы да славян тілдер тобына жататындығының
айғағы. Соған қарамастан аталған тілдер арасынан да
алломорфизмдерді кездестіруге болады. Мәселен, орыс тілінде
алты септіктен тұратын септік категориясы болса, болгар
тілінде септік жүйесі жоқ. Бұл екі тілдің туыстығына қарамастан,
зат есімдер жүйесі де бір-бірінен алшақ.
Қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас тіл екендігі дау
туғызбайды. Бірақ туыстыс тілдердің барлығы да қазақ,
қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық,
грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бермейді. Мысалы,
түркі тілдері семьясына енетін қазақ тілі мен чуваш тілін
салыстырып қарайтын болсақ, олардың арасында үлкен
алшақтық бар. Түркі тілдес болса да, чуваш пен қазақ өз
тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды.
Лингвистикалық типология тілдер құрылымындағы
бірен-саран кездесетін ұқсастықтар мен ерекшеліктерді
қарастырмайды. Оның нысаны жалпылық сипат алатын,
көптеген біртектес белгілердің ауқымын қамтиды.
Бұдан біз типологияда «изоморфизм» ұғымы да ерекше
рөл атқаратынын көреміз. Бұл термин грек сөзі, isos –бірдей,
тең, ұқсас, morphe –түр, форма сөздерінін құралған. Тіл біліміне
«изоморфизмді» термин ретінде енгізген поляк ғалымы Е.
Курилович [3,69].
Дүние жүзінде тілдер өте көп. Олар құрылысы жағынан
алуан түрлі. Солай бола тұрса да, олардың бәріне тән ортақ
қасиеттері, ортақ заңдылықтары болады. Мәселен, тіл
атаулының бәрі қатынас құралы қызметін атқарады. Бұл – дүние
жүзіндегі барлық тілдер атқаратын қызметі жағынан ұқсас
деген сөз. Тілдердің бәрінде де дыбыс, сөз, грамматикалық
форма, сөйлем дегендер болады. Бұл – дүние жүзі тілдерінің
115
Лингвистиканың өзекті мәселелері
тілдік элементтері жағынан біркелкі болатындығының дәлелі
[4, 3].
Тіл атаулының бәрі заман өткен сайын өзгеріске ұшырап,
дамып отырады. Бұл да тілдердің барлығына тән, ортақ қасиет.
Айта берсек, барша тілдерге ортақ мұндай қасиет көп. Олай
болса, лингвистикалық типология тіл атаулының барлығына
тән осындай ортақ мәселелерді, ортақ заңдылықтарды тілдік
универсалийлерді сөз етіп, қарастырады. Лингвистикалық
типологияда тілдік универсалийлерді тек тілдерді бір-бірімен
салғастырғанда ғана, тілдер арасындағы изоморфизмдерді
толық көрсеткенде ғана анықтауға болады.
Макаев Э.М. изоморфизм туралы былай дейді:
«однотипность структуры конститутивных языковых единиц
различных уровней, следствием чего является или может
являться однотипность отношений между этими единицами на
разных уровнях» [5,46]
Изоморфизмді толық түсіну үшін қазақ, орыс және араб
тілдеріндегі сөз таптарын алайық. Үш тілге де сөз таптары тән.
Етістіктің шақ категориясы көрсетілген үш тілде де бар
құбылыс. Зат есімнің тілдік бірлігі ретінде грамматикалық
категорияны қарастырсақ: мәселен, род категориясын - орыс
тілінде мужской род, женский род, средний род, араб тілінде
музаккар, муәннас кездесетін болса, қазақ тілінің құрылымына
– род категориясы жат. Орыс тілі мен араб тілі бұл жерде
ұқсастау, яғни оларға изоморфизм құбылысы тән, ал араб тілі
мен қазақ тілі алшақтау, олардың құрылымында алломорфизм
құбылысы орын алады.
Егер біз орыс, араб, қазақ, ағылшын тілдерінің құрылымын
салғастыратын болсақ, олардың тілдік жүйесінен ұқсастықтарды
байқаған болар едік. Бір тілде дауысты фонемалар көп те,
дауыссыздар аз немесе керісінше болып келеді. Мәселен, араб
тілінде үш дауысты, 25 дауыссыз фонема болса, ағылшын
тілінде 10 монофтонг, 9 дифтонг, 2 дифтонгоид сонымен бірге,
25 дауыссыз фонема бар.
Бұлардан басқа, араб және ағылшын тілдерінен алшақ
Лингвистиканың өзекті мәселелері
116
тілдердің қай-қайсысында болмасын міндетті түрде фонемалар
дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Қысқасы, тілдік жүйеде
фонемалардың дауысты, дауыссыз болып бөлінуі тілдердің
барлығына тән, жалпы, универсалды сипат алады. Олай болса,
изоморфизм - қандай да бір тілдерді салғастырғанда тілдік
деңгейлерде кездесетін сәйкестіктер екен.
Құрылымдық-типологиялық салғастыру негізгі екі түрлі
бағытты көздейді: «определение отношения отдельных систем
одного языка к аналичным системам другого и выявление черт,
характерных для одного и отсутсствующих в другом языке.
Таким образом, основные задачи, стоящие перед любым
сопоставлением – это выявление изоморфизма и алломорфизма
разных языков и построение теории языка» [6,6].
Әлем тілдерінің әртүрлілігіне қарамастан олардың
құрылымында барлық тілдерге тән ортақ сәйкестіктер
жасырынып тұрады. Бұдан көпшілік тілдер ортақ бір үлгімен
жасалатынын да көруге болады. Тілдік универсалийлер өзінің
табиғаты жағынан, тілдік қасиеті жағынан жалпыға бірдей.
Солардың негізінде лингвистикалық ортақ заңдылықтар
қалыптастырып, жалпы адамзат мәдениеті жөнінде ой
түйіндеуге мүмкіндік жасайды.
Универсалийлердің әртүрлі топтары бар:
1.Универсалийлердің бірінші тобы тілдерді тілдік емес
дүниемен салыстыру негізінде анықталады (мысалы, тілдерді
басқа белгілер жүйесімен, информация беру және сақтаудың
басқа жүйелерімен салыстыру). Бұл жерде әңгіме, әрине,
семиотикалық типология туралы болып отыр.
Тілдерді
информацияның
басқа
жүйелерімен
салыстырғанда мынадай жалпы сипаттағы универсалийлерді
көруге болады: олардың тілдегі ара салмағы 50%. Мәселен,
американдық лингвист Хоккет барлық табиғи тілдерге тән 16
жалпы сипаттағы универсалийлерді көрсеткен. Ғалым табиғи
тіл деп (жазу тілі, жест тілі, дауылпаз тілі, ысқырық тілі
т.б.тілдерді қоспайды) тек ауызша қарым-қатынас тілін, яғни
адамзат тілін ғана ұғады.
117
Лингвистиканың өзекті мәселелері
2. Универсалийлердің екінші тобын анықтау жалпы тіл
теориясымен ұштасып жатады. Себебі екеуінің де мақсаты
тілдердің ең алдымен адамзат әрекетінің атрибуты ретінде
қызмет ететіндігін айқындау. Типологияның бұл бағыты
тілдердің универсалды ерекшеліктеріне сүйенеді. Мақсаты
белгілі бір тілді жеке ерекшеліктерден жалпы ортақ мәселелерге
қарай сипаттау. Тілдердің әртүрлі ерекшеліктерін біріктіру және
тілдерге ортақ универсалийлерді табу жалпы типологияға тән
бірден бір әдіс. Лингвистикалық типологияда тілдік
универсалийлерді тек тілдерді бір-бірімен салыстырғанда ғана
анықтауға болады. Олай болса, ол универсалийлерді
Достарыңызбен бөлісу: |