Есеналиева жанар е с е н


  ҰЛТТЫҚ  ТАНЫМ  ЖӘНЕ  КОГНИТИВТІК



Pdf көрінісі
бет53/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

4.  ҰЛТТЫҚ  ТАНЫМ  ЖӘНЕ  КОГНИТИВТІК 
ЛИНГВИСТИКА
4.1.  Коммуникативтік мінез-құлық ерекшеліктері
Лингвистикада  әрбір  нақты  тіл  әлемді  тану  мен 
қабылдаудың  әдісі  ретінде  қарастырылады.  Сонымен  қатар 
әрбір  тіл  қолданушы  осы  бір  ерекше  жүйе  негізінде  өзін 
қоршаған тілдік емес шындық болмысты өзінше қабылдаумен  
қатар,  лексикалық  бірліктердің  семантикасын,  сонымен  бірге 
морфологиялық және синтаксистік құрылымдардың, қандай да 
бір категориялар мен сөзжасам жүйесіндегі (оның ішіне әлемнің 
тілдік бейнесі де кіреді) ерекшеліктерін жинақтайды.
Тіл білімі тұрғысынан алғанда жалпы адамзаттың ойлау 
жүйесі  бірдей.  Сондықтан  олардың  жаратылыстық  және 
қоғамдық құбылыстар жөніндегі танымдары да бірдей. Оларды 
тек  ой  формасы  болып  табылатын  тіл  ғана  бір-бірінен 
өзгешелендіріп  тұрады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  тіл  біртүрлі 
мазмұнды  түрліше  формада  бейнелейді.  Басқаша  айтқанда, 
әлемдегі  барлық  тілдер  ортақ  мазмұнды  түрліше  формада 
сипаттайды.  Әйтсе  де,  ол  тілдердің  арасынан  семантикалық, 
танымдық универсалийлерді табуға болады. 
Танымдық  универсалийлер  синхронды  (мысалы,  кейбір 
сәйкестіктер тіл дамуының белгілі бір кезеңінде ғана болады) 
және  диахронды  (тіл дамуындағы заңдылықтарды білдіретін 
сәйкестіктер)  болып  бөлінеді.  Олар  бір-бірімен  тығыз 
байланысты.  Себебі  қандай  да  болмасын  диахроникалық 
процестердің жиынтығы тілдің синхронды жағдайын көрсетеді. 
Өйткені  тілдің  синхрондық  жағдайынан  тыс  ешқандай 
диахроникалық процестердің де болуы  мүмкін емес.
Танымдық  универсалийлерді  анықтау  тек  лингвистика 
үшін ғана емес, психолингвистика мен когнитивтік лингвистика 
үшін  де  маңызды  екені  белгілі.  Оның  адам  мінез-құлқының 
тілдік    аспектілерінің  заңдылықтарын  айқындауда,  оларды 
зерттейтін  ғылым  саласының  дамуына  да  тигізетін  әсері  мол 
[1,58].


Лингвистиканың өзекті мәселелері
178
К.Аханов  «әртүрлі  тілдерді  зерттеу  барысында  олардың 
өзара  ортақ  белгілері  лексика  саласынан  ғана  емес,  сонымен 
бірге, грамматика саласынан да табылып, айқындала береді...»,-
дей  келе,  тілде  тілдік  ұқсастықтардың  «тегіннен-тегін» 
болмайтынын ескертеді.   
Әртүрлі  тілдерді  талдау,  танымдық  универсалийлерді 
айқындауға көмектеседі. Жеке тілдік фактілерден жалпы тілдік 
фактілерге  қарай  талдауда  тілдер  арасындағы  танымдық 
универсалийлер  тілдің  құрылымын  коммуникативтік  жүйе 
ретінде қарастырады. Осы ретте мынадай басты үш ұғымның 
арақатынасын анықтап алған дұрыс:
• танымдық  универсалийлер  мен  оларды  дамытушы 
факторлар  (яғни  тілдік  ұқсастықтардың  таралу  сипаты  мен 
өзгешеліктері);
• танымдық универсалийлер мен оларды қалыптастырушы 
факторлардың  сабақтастығы  (танымның  жалпы  адамзаттық 
белгілері); 
• тілтанымдық  универсалийлердің  актуалдану  себептері 
(тіл  мен  таным  қарым-қатынасының  универсалды  табиғаты)  
[2,53].
Танымдық  универсалийлер  нақты  тілдердің  әртүрлі 
қабаттарынан, деңгейлерінен, тілдік жеке элементтерден бастап, 
тілдің бүтіндей жүйесіне негізделгенде ғана толық анықталады.
Жалпыға бірдей мәдениет болмаса, жалпыға бірдей мінез-
құлық  та  болмайды.  Басқа  мәдениет  өкілінің  мінез-құлқын 
түсіну үшін, оларға тән дәстүрлі қандай мінез-құлық бар екенін 
анықтау  керек.  Әр  ұлттың  өзіне  тән  ұлттық  мінез-құлқы  бар. 
Ұлттық  мінез-құлық  дегеніміз  белгілі  бір  ұлттық  қоғамға  тән 
әлеуметтік-психологиялық  белгілері  және  рухы  көрнісінің 
жиынтығы. Ұлттық мінез-құлқы пен ұлттық менталитет тығыз 
байланысты.  Ұлттық  менталитет  адамның  қоршаған  ортаны 
қабылдаудағы және оның қоршаған ортаны сезіну, оған әсер ету 
ерекшелігі.  Бұл  өз  кезеңінде  тарихи  тұрғыдан  экономикалық, 
саяси  шарттарға  негізделеді,  соған  байланысты  анықталады. 
Ұлттық  мінез-құлық  тарихи  құбылыс.  Ол  қоғамдық  қарым-


179
Лингвистиканың өзекті мәселелері
қатынастың нәтижесі. 
Коммуникативті  мінез-құлық  -  адамдардың  белгілі  бір 
тобының қарым-қатынас пен нормалар жиынтығы. Ол ұлттық 
мінез-құлықпен  тығыз  байланысты.  Ұлттық  коммуникативті 
мінез-құлық  -  белгілі  бір  қатынастың  нормалары  мен 
дәстүрлерінің жиынтығы. Лингвомәдени бірлестік - халықтың 
бірлігі,  оның  тілі  мен  мәдениеті.  Коммуникативті  мәдениет  – 
ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі, халықтың коммуникативті 
мінез-құлқы, ұлттық мәдениеттің үзіндісі іспеттес. Халықтың 
коммуникативті  мінез-құлқын  сипаттау  ұстанымдары  болу 
керек. 
Мәдени мінез-құлықтың маңызды факторларының біріне 
жағдаят жатады. Э.Холл оны «Мәдени көзілдірік» деп атайды. 
Әдетте  адам  өзінің  мінез-құлық  үлгілері  мен  оны  қабылдауы 
тек өз мәденитінің ықпалы екенін түсіне білмейді, сондықтан 
да  басқа  мәдениет  иелерінің  басқа  көзқарасын,  басқа  мәдени 
нормалары  мен  мәдени  құндылықтары  бар  екенін  бірден 
қабылдай алуы қиынға соғады. Адамдардың көбінің күнделікті 
мінез-құлықтары  аңғырт  реализм  арқылы  сипатталады. 
Олардың  түсінігінше  қоршаған  орта,  әлем  өзі  қалай  түсінсе, 
солай  қабылданылуы  керек.  Әлемдегі  заттар,  құбылыстар, 
адамдар,  оқиғалар  т.б.  мұндай  адамдар  өзінен-өзі  түсінікті, 
заңды әдетті жағдаяттар деп қабылдайды. Мұндай жағдай басқа 
мәдениет  нормалары  мен  құндылықтарын  асыра  бағалауға 
әкеліп соғады.
Әр адам саналы болсын, санасыз болсын өз мәдениетінде 
қалыптасқан  мінез-құлықтарын  ұстанады.  Мысалы,  мінез-
құлық түрлері әртүрлі мәдениетте әртүрлі көрініс табады. Егер 
Мексикада  әйелдер  мен  ерлер  шіркеуге  бірге  барып,  үндемей 
тұратын  болса,  Иранда  әйелдер  мен  ерлер  мешітке  бірге 
бармайды,  бөлек  отырып  құран  оқиды,  Қазақстанда  мешітке 
олар бірге бара береді.
Әр мәдениетте өзіне тән әдеттер жүйесі қалыптасады. Ол 
белгілі – бір жағдаятқа байланысты. Сондықтан олардың негізгі 
белгілері  қоғам  өмірі  бейнесіне    сәйкес  келеді.  Бір  қарағанда 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
180
бәріне  ортақ  әдет-ғұрып  әр  мәдениетте  өзіндік  мағынаға  ие, 
мысалы  –  баланың  дүниеге  келу,  үйлену  тойлары  әдеттері. 
Оларды  қалай  өткізу    әр  халықта  қалыптасқан  салт-дәстүрге  
байланысты.
Құқық  –  мінез-құлықтың  белгіленген  міндетті  ережелер 
жүйесі.  Ол  адамдардың  мінез-құлық  ережелері  туралы 
адамдардың бірлескен келісімі. Бұл ережелер барлық азаматтар 
үшін міндетті, ал оның орындалуы  қадағаланылады.
Құндылықтар  категориясы  адам  санасында  әртүрлі 
құбылыстарды салыстыру арқылы қалыптасады. Дүниені танып 
білу арқылы ол өзіне не қажет, не қажет емес, не  өз өміріне 
маңызды,  не  маңызды  емес  т.б.  екенін  шешеді.  Осының 
салдарынан  адамда  қоршаған  ортаға  деген  қарым-қатынасы 
қалыптасады.  Сол  арқылы  адам  не  маңызды,  не  маңызды 
еместігін анықтайды. Мәдениетте құндылық үлкен маңызға ие, 
себебі ол адамның табиғатқа, социумге, айналасына деген көз-
қарасын, қатынасын белгілейді. 
Мәдени құндылықтар әр адам өмірінде әртүрлі мағынаға 
ие.  Сондықтан  кей  адамдар  коллективті,  ұжымдық 
құндылықтарды,  ал  басқалары  –  жеке  басты,  индивидуалды 
құндылықтарды  мойындайды.  Мәселен,  АҚШ-та  бірінші 
кезеңде жеке басты құндылық, тек содан кейін ғана әлеуметтік 
ортаның құндылығы тұрады, ал Жапонияда керісінше, әр адам 
алдымен  қоғам  мүшесі,  содан  кейін  ғана  жеке  басы,  яғни 
индивид  ретінде  түсіндіріледі.  Құндылықтардың  қайсысы 
адамдарға  маңызды,  қайсысы  онша  маңызды  емес  екендігі 
мәдениетке байланысты. Олардың құрылмы мен маңыздылығы 
мәдениет  ерекшеліктерін  белгілейді.  Өз    мәдениетіңнің 
құндылықтары  басқа  мәдениет  иелерімен  қарым-қатынас 
кезінде  ғана  бағаланып  айқындалады.  Коммуникация  кезінде 
әртүрлі  мәдениеттердің  бір-біріне  әсері,  айырмашылығы  мен 
ерекшеліктерін, құндылық бағдарын түсіне аламыз. Міне, осы 
кезде әртүрлі түсінбеушілік, келіспеушілік, есеңгіреу, ашулану, 
ренжу, бір-бірінен алыстау т.б. сол сияқты ситуациялар пайда 
болады. 
Мәдениетаралық  коммуникацияның  ойдағыдай  табысты 


181
Лингвистиканың өзекті мәселелері
өтуі  адамдардың  бір-бірінің  мәдениетіндегі  құндылықтар 
ережелерін жақсы біліп меңгеруіне байланысты.
«Мәдениетаралық компетенция» дегеніміз Н.Д.Галькованың 
пікірінше мыналар: 
• басқа этностың мәдениетіне сезімталдықпен қарап, оны 
қабылдау,  түсіну,  өз  мәдени    құндылықтарымен  салыстыра 
отырып, араларындағы ұқсастық пен ерекшеліктерді анықтау;
• өзге  өмірге,  өзге  санаға,  өзге  құндылықтарды  танып 
біліп,  олармен  қарым-қатынасқа  түсе  отырып  өзінің  әлем 
туралы бейнесін толықтыру [3,35].
Ол  үшін    тіл  иелерінің  өмір  сүру  ерекшеліктері  мен 
тұрмыс  жағдайларымен  танысу,  сол  елге  тән  вербалды  емес 
мінез-құлықтың  этикасын  меңгеру,  мәдениетімен,  әлеуметтік 
проблемалары  мен  бағыттарымен  т.б.  танысу  қажет. 
Мәдениетаралық  коммуникация  кезіндегі  қиыншылықтар  бір  
жағынан  тілге,  екінші  жағынан  мәдениет  ерекшеліктерінен 
туындайды.
Қазіргі  заманда,  әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей, 
аккультурация процесінің ең тиымды стратегиясына интеграция 
жатады.  Оның  іске  асуы  мәдениетаралық  біліктілікке 
байланысты. Ұлттық мінез-құлық  дегеніміз не? Ол белгілі бір 
ұлттық  қоғамға  тән  социалды-психологиялық  белгілері  және 
халық  рухы  көрінісінің  жиынтығы.  Ұлттық  мінез-құлық  пен 
ұлттық  менталитет  тығыз  бір-бірімен  байланысты.  Ұлттық 
менталитет  –  адамның  қоршаған  ортаны  қабылдаудағы  және 
оның қоршаған ортаны сезіну, оған әсер ету ерекшелігі. Бұл өз 
кезеңінде  тарихи  тұрғыдан  экономикалық,  саяси  шарттарға 
негізделеді,  сол  арқылы  анықталады.  Ұлттық  мінез-құлық 
тарихи құбылысқа жатады. Ол – қоғамдағы қарым-қатынастың 
нәтижесі. Ұлт менталитеті ұлт өкілінің ақыл-ойы, ойлау көрінісі, 
рухы.  Осылардың  бәрі  бірігіп  әлем  бейнесін,  ұлттың  мәдени 
құндылықтарын біріктіреді.
Этностың  менталитетін  және  ұлттың  ойсаналық 
архетипіне  барып    тірелетін,  тілдің  концептуалды  жүйесінің 
аксеологиялық сипаттарын  құрайтын   тілдік бірліктердің қай-
қайсысы  да  –  когнитивтік  лингвистика  үшін  аса  маңызды 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
182
проблемалардың  бірі. Бұндай  тілдік  бірліктерді Е.М.Верещагин 
мен В.Г.Костамаров [4,36].  өздерінің «Тіл және мәдениет» атты 
кітаптарында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет