153
Лингвистиканың өзекті мәселелері
болғандықтан, тек акустикаға аса көңіл бөлген. Дыбыстарды
талдау арқылы, олар дифференциалды белгілер табуды мақсат
етті. Олардың дифференциалды белгілері мынандай
ерекшеліктерге ие: 1. белгілер артикуляциялы емес, акустикалы
мінезде болады; 2. дифференциялы белгілер жүйесі -
универсалды; 3. жүйе дихотомиялы (әр белгісі тек бар-жоқ
деген екі мағынаға ие) яғни бинарлы. Ғалымдар компоненттік
талдау әдісінің негізінде акустикалық фонетиканың тілдерде
ұшырасатын 12 түрлі қосалқы ажырату белгілерін көрсетті.
Дихотомиялық жүйені құрастыру барысында қиындықтар
кездесуі де мүмкін. Өйткені тілдердегі барлық белгілер бірдей
емес. Бір тілге тән белгі келесі тілде жоқ болуы мүмкін. Әр тілде
бір белгінің әртүрлі көрінуі де кездесіп жатады. Мысалы, мұрын
жолды-ауыз жолды компоненттік талдау белгісі орыс, қазақ,
ағылшын тілдерінде тек дауыссыздарға тән болса, француз
және поляк тілдерінде бұл белгі дауыстыларға да қатысты.
Р.О.Якобсонның сөзі бойынша: компоненттік талдау
грамматикада да, лексикада да қолданыла бастады: оларда
семантикалық көбейткіштерге бөлу (разложение на
семантические множители) тәсілі қолданылады. Мысалы,
туыстық терминдер:
әке, ана, ұл, қыз, апа, аға сөздері
семантикалық көбейткіштерге талданады: жыныс:
ер адам -
Достарыңызбен бөлісу: