Есеналиева жанар е с е н



Pdf көрінісі
бет85/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

С.Е.Исабековтің 
«Когнитивтік  лингвистиканың  негіздері»  атты  сүбелі 
зерттеуін  жатқызамыз.  Өз  монографиясында  ғалым  қазіргі 
когнитивтік лингвистиканың екі бағытын көрсетеді: 


237
Лингвистиканың өзекті мәселелері
1.  ментальды-информациялық  немесе  американдық-
батысеуропалық бағыт.
2.  этномәдени немесе мәскеулік бағыт [ 10,376].
Ментальды-информациялық және этномәдени бағыттағы 
когнитивтік  лингвистиканың    қарастыратын  өзекті  мәселесі: 
адам және адамзат тілі. Алайда бұл екі бағыттың ол мәселеге 
көзқарасы әртүрлі.
Ментальды-информациялық  бағыттағы  когнитивтік 
лингвистикада: 
1.адам    -  қандай  да  бір  этносқа,  мәдениетке  қатыссыз 
ақпаратты  қабылдаудың,  сақтаудың  және  тасымалдаудың 
белгілі бір жүйесі ретінде қабылданады, 
2.тіл - ментальдық ерекшелік яғни, адамдық когницияның 
құрамдас  бөлігі  ретінде  қарастырылады.  Ментальды-
информациялық  бағыттағы  когнитивтік  лингвистикада  нақты, 
жеке ұлттық тіл емес жалпы адамзат тілі сөз болады.
Жоғарыдағы  екі  бағыттың  тағы  бір  ерекшелігі  -    олар 
әртүрлі  когнитивтік  құбылыстарды  және  мәселелерді 
қарастырады  және  оларды  әрқалай  түсіне  отырып,  алдарына 
әртүрлі зерттеу міндеттерін қояды. 
Ментальды-информациялық  бағыттағы  когнитивтік 
лингвистика  көбіне  зерделейтін  ұғымдары:  когниция, 
когнитивтік  жүйе,  адамның  психикасы,  адам  когнициясының 
құрылымы  мен  қызметі,  адам  организмінде  болатын 
физиологиялық, психологиялық, когнитивтік  процестер, білім, 
өзін-өзі тану, адамның танымдық қызметі, адамзат тілі т.б. 
Ментальды-информациялық  бағыттағы  когнитивтік 
лингвистиканың  негізгі  міндеті  ретінде  адам  когнициясының 
негізі  -  миды,  нейрондық  жүйені,  жадыны,  жалпы  тілдік 
танымды, ақпаратты өңдеудің құрылымын қояды. 
Ментальды-информациялық  бағыттағы  когнитивтік 
лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі – «репрезентация». 
Табиғаты жағынан бұл ұғым да ментальды терминімен барабар. 
Шын  мәнісінде  адамның  миы,  адамның  танымы  ментальды. 
Ментальды-информациялық 
бағытта 
бірінші 
орында 
ментальдылық және концептуалдылық тұрады. Бұл әрбір тілдің 
артында концепт, концептуалдық құрылым тұратынын көрсетеді 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
238
және когнитивтік лингвистиканың басты мақсаты – концептердің 
формасы  мен  құрылымын,  жасалу  заңдылықтарын  ашу  және 
көрсету  деп  Серік  Ергалиевич  екі  бағыттың    ерекшелігін 
саралап,  жіктеп,  ерекшеліктері  мен  өзгешеліктерін  зерделеп 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет