Есеналиева жанар е с е н


  Көне  түркі  жазба  ескерткіштеріндегі  «Тәңір»



Pdf көрінісі
бет90/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

5.3  Көне  түркі  жазба  ескерткіштеріндегі  «Тәңір» 
концептісінің лексикалық деривациясы
 
Көне түркілердің мәдениетін, тарихын, жазба мұраларын 
зерттеуші  ғалымдар  мемлекеттік  қоғамда  тәңіршілдік  негізгі 
дін  болғанын  көлденең  тартады.  Десе  де  бұл  діннің  негізгі 
ұстанымдары  мен  шарттарын  ешкім  таратып  айтып  бере  
алмайды.  Сақтар,  үйсіндер,  ғұндар,  қаңлылар  ұлы  жаратушы 
тәңір ретінде  Көкке табынған. Тасқа жазылған түрік бітігінде 
Тәңірінің мекені көкте деп көрсетілген. Көк аспан - тәңірінің 
бір сипаты. Аспан әлемі – шексіздіктің белгісі. Байырғы түркілер 
оны  жақсы  білген.  Олар  тәңіріні  ешнәрсемен  теңестіруге 
болмайтындығын  түсінген.  Ол  кездегі  түсінік  бойынша  Күн 
мен Көк аспан тәңірінің ұлықтығын білдіретін. Сол себептен де 
бұл екеуі «тәңір»  сөзінің баламасы ретінде қолданған.
Көк Тәңіріне сыйынған көкке табынған көне түркілердің 
діні – Тәңіршілдік. Тәңірге табынудың басты объектісі – Тәңір. 
«Тәңір»    сөзінің  дефинициясын  С.Ақатаев:  «Таң»  және    «ер» 
сөздерінің бірігуінен шығуы мүмкін деп қарастырады. Бірінші 
буын  «Таң» автордың  пікірінше күннің шығуымен байланысты 
болса, «ер» - түркі тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы тұрғыда  
Тәңір «Күн адам»,    «Аспан адам», яғни құдай дегенді білдіреді 
[1,67]. 
Түрік  қағандығы  кезінде  тасқа  қашалған  түрік  бітігін 
оқығанда  да  түркілер  көк  тәңірге  сыйынғанын  байқаймыз. 
Күлтегін және Тоныкөк  ескерткіштерінде Тәңірі – түркілердің  
желеп-жебеушісі. Түркі халқы жойылмасын деп, ел болсын деп 
қағандарды жоғары көтерген тәңірінің өзі. Тас жазуларда өзге 
сыйынарлықтай құдірет иесі аталмайды [2,129].
Зерттеуші  Ж.Сүлейменова  «аспан  немесе  ғарыш 
түркілері» деген салыстырмалы трафаретті образды ұсынады: 
«Көк  түркілер  –  «аспан  немесе  ғарыш  түркілерінің» 
салыстырмалы  трафаретті  образы  көне  түркілердің  ой-өрісі 
және  дүниетанымының  ұшқырлығын,  кеңдігін,  алыптығын 
көрсетеді.  Себебі,  «көк»  ұғымы  түркі  тілінде  аспан  түсімен 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
252
аспан  ұғымының  детерминативті  түсінігін  қалыптастырады. 
Түркілердің  тілдік  түсінігінде  «Көк»,  «Аспан»  және  «Тәңір» 
ұғымдары  дәстүрлі  түркі  әлемінде  семантикалық  парадигма 
қалыптастырады. Қытай жылнамаларында көне түркілер – көк 
түркілер болып көрініс тапқан. Оны Орхон жазбалары қатарынан 
орын  алған  Қүлтегіннің  Үлкен  жазуындағы:  «Жоғарыда  көк 
аспан, төменде қара жер жаралғанда, олардың арасында адам 
баласы  пайда  болды»  деген  мәтіннің  мазмұнынан  көруге 
болады.  «Аспаннан  шыққан  немесе  аспан  түркілері»  деген 
трафаретті образ көк түркілердің Уақыт пен Кеңістік арасындағы 
дара болмысына жасампаздық, патриоттық рух, пассионарлық 
қабілет  сыйлаған.  Аталмыш  рух  І  Түркі  қағанаты  құлағаннан 
соң бүгінгі кезеңге дейін түркі ұлтының сақталып қалуына және 
сол ұлт негізінде әлемдік саяси аренаға өзінше аяқ алысымен 
бірнеше мемлекеттердің пайда болу және даму тарихына үлкен 
негіз  болды  салыстырмалы  трафаретті  образы  салыстырмалы 
трафаретті образы» [3]. 
Ә.  Марғұланның  пікірінше:  «Қытай  жазбаларында  ол 
кездегі ғұн, үйсін, қаңлылар өздерінің қоғам қорғайтын батыр, 
ерлерін  «Тәңірі»,  «Күн»  деп  айтатын  болған.  «Тәңірі»  көне 
түркі  тілінде  «құдыретті»  деген  мағынада  жұмсалып,  кейін 
табынатын, аспанға айналады» - деп атап көрсетеді.
Күлтегіннің кіші жазуында:   
Аудармасы:
Теңрі йарлықадұқын үчүн,   
Тәңрі жарылқағандықтан,
Өзім қутым бар үчүн,  
 
Өзімнің бақытым
 
 
 
 
 
болғандықтан,
Қаған олуртым. 
 
 
Қаған отырдым.
Қаған олурып, йоқ,   
 
Қаған болып, жоқ,
Чығай будунуғ қоп қобарттым 
кедей халықты көп 
 
 
 
 
 
көтердім,
Чыған будунуғ бай қылтым.   
Кедей халықты бай
 
 
 
 
 
қылдым,
Аз будунығ үкүш қылтым.    
Аз халықты көп қылдым.
Тоныкөк жазуында:   
 
Аудармасы:
Тәңрі анча теміс ерінч: 
 
Тәңрі сонда былай деген екен:


253
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Қан бертім, қануңун қодуп,   
Хан бердім,ханыңды  тастап
 
 
 
 
 
ічікдің. бағындың.
Ічікдүк үчүн   
 
 
Бағынғаның үшін басқаға
Тәңрі өлутміс ерінч.   
 
Тәңрі сені өлімші етті.
Түркітанушы ғалым, профессор Сартқожа Қаржаубайдың: 
«Көне  түркілер  пайымында  әлем  –  аталық  пен  аналықтан 
тұрады.  Аталықтың  көктегі  символы  –  күн,  аналықтікі  –  ай, 
жердегі  аталықтың  символы  –  тау,  аналықтың  символы  –  су. 
Бұлардың үстінде «Тәңір». Жаратушы күш біреу ғана, ол ұлы 
Тәңір  деп  түсінген.  Түркілер  «екі  негіздік»  дүниетанымды 
ұстана  отырып,  түркі  әлемінің  барлық  болмыс-бітімін  осы 
жұптық жүйеге бейімдейді», - деген ойына біз де қосыламыз.
Көне  жәдігерлер  тіліндегі  басты  ақпарат  –  Тәңірлік 
идеяның  көне  түркілік  дүниетанымын  сипаттайтын 
концептуалды  жүйенің  арқауына  айналғанын    сипаттайды. 
Тілдік деректер – Жалғыз жаратқан Ие – Тәңірге тағзым ету; 
мәңгі  өзгермейтін  әлем,  Тәңір  мекені  –Көкті  киелі  санау; 
тіршіліктің  өсіп-өркендеуін  қамтамасыз  етіп  отырған,  адам 
мекені – Жер-суды киелі санау; ата-баба рухын қадірлеу тәрізді 
негізгі  төрт  бағытты  қамтыған  [4,101].  Тәңірлік  идеясы  көне 
түркілердің  тілдік  санасына  берік  орныққан.  Көшпелі  түркі  
тайпаларындағы    жан,  аруақ  туралы    алғашқы  діни  түсінік  – 
анимизм  сақтар  мәдениетінен  жалғасып  келе  жатқан  үрдіс 
[5,21].
Ежелгі  дүниетаным  иесі  үшін  жаратылыстың  тылсым 
сырын, табиғаттың құпия құбылыстарын білуге деген талпыныс, 
тынымсыз  ізденіс  нәтижесінде  жинақталған  тәжірибе  ұлттық 
дүниетанымның 
архиформаларын 
тудырады. 
Діни-
мифологиялық Тәңірлік дүниетанымның бір буынын ата-баба 
рухын,  аруағын  ардақтау  салтын  құрайды.  Көне  түркі  жазба 
ескерткіштерінің  ішіндегі  көлемділері  –  Білгеқаған,  Күлтегін, 
Тоныкөк    жазбаларының  жазылу  мақсаты  да  аруаққа  құрмет 
көрсету, білікті қағандар мен олардың кеңесшілерінің өсиеттерін 
келер ұрпаққа жеткізу, жаугершілік кезіндегі ерлік істерін, елдің 
тұтастығын сақтаудың біліктілігін үлгі ету [4,101].


Лингвистиканың өзекті мәселелері
254
Көне  түркі  дүниетанымында  Мемлекеттік  билік  Тәңір 
тарабынан  берілген  құт    болып  саналады.  Сондай-ақ,  көне 
түркілердің  дүниетанымында,  бағытынан  адасқан  қағандарды 
Тәңіркейде  жазалап,  қолдарынан  мемлекетті  алып  қоятын 
болған. Түркілерде  билік, яғни мемлекет басшылығы қағанның 
қолында болды. Мемлекет басшысы «қаған» деп аталды.  Мұны 
Күлтегін,  Тоныкөк  жазбаларынан  көру  мүмкін.  Деректерге 
қарағанда, отау, тақ, ту (бөрі басты байрақ), дабыл және жебе 
биліктің рәміздері болып есептеледі.   
Тәңіршілдік  көзқарастың  танымдық  тірегі  –  тәңірдің 
жасампаздық  құдіретіне  деген  халықтық  сенім.  Дана,  қарт 
Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сиы ретінде қабылдайды, 
ал шын мәнінде ол білімді табғач елінде алған. Әрине, өзінің 
табиғи  қабілетінің  арқасында.  Өзінің  даналығын  дәріптеу 
мақсатында  қайталанып  отыратын  «қағаны  алып  екен, 
ақылшысы  дана  екен»  деген  сөз  тіркесін  жауларының  аузына 
салып  отырғандығы  Тоныкөктің  мақтаныш  сезімінің  айғағы 
болса керек.
Тәңір  сөзі  түркі  халықтарында,  атап  айтсақ,  ұйғырша  - 
«тәңри»,    татарша  -«теңре»,  қырғызша  -    «теңир»,    «тенир»,  
өзбекше  -  «тангри»,  қарақалпақша  -  «теңир»,    монғолша  - 
«тэнгэр»,  алтайша - «тенгри»,  құмықша - «тенгри»,  «тенгири», 
қарашай-балқарша    -  «тейри»,    хакасша  -  «тигир»,    «тер»,  
якутша - «тангара» болып фонетикалық варианттарда айтылады.
Профессор Г.Сағидолда  Тәңіріге байланысты қазақ және 
монғол  тілдеріндегі  фразеологизмдерге  жан-жақты  тоқталып, 
«Күллі  ғаламның  жаратушы  Тәңірі  адамның  жарық  дүниеге 
келуінен  өмірден  кетуіне  дейінгі  ғұмырының,  кешер 
тағдырының  да  иесі  деген  идеяның  тілдік  көріністерінің 
құрылымдарында  «Тәңірі-Адам»,  «Тәңірі-Өмір»,    «Тәңірі-
Өлім», «Тәңірі-Ата (қаған)-Құт» мифологемалары өмір сүреді» 
[6,251], -деп  зерделеген.
Көне  түркілік  дүниетанымдағы  адамды  қанаттандырып, 
“Тәңір–адам–әлем” шеңберінде қалыптасқан құндылықтар мен 
құбылыстардың,  ұғымдық  ұстындардың  формалық  және 
мазмұндық мәні осы жолды сомдап, нақтылау көне түркі мәдени 
қоғам адамы өз әлемін – құндылықтық жүйенің мен образдық-


255
Лингвистиканың өзекті мәселелері
символдық  ойлау  стилін  қалыптастырған  болатын.  Құдіретке 
табыну  дәстүрінде  ойлау  мен  тіл,  мәдениет  пен  дүниетаным 
арасындағы  өзара  үндестік  реттелінді.  Содан  ұлттық 
дүниетанымның образды тарихи типі ықпалын арттырды.
Ескерткіштердегі жазуды оқу, талдау үлесіне тиген  Дания 
елінің ғалымы В.Томсен құпия болып келген жазуларға ерекше 
мән  берді.  Томсен,  ең    алдымен,  ескерткіштердегі  таңбаларға 
назар  аударды:  Күлтегін  және  Білге  қаған  ескерткіштерінен 
сөздерді    бөліп  алып  оларды  қытай  тілдеріндегі  түрлерімен 
салыстырды, алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін 
анықтады. Томсен ең алғаш рет «Түрік» және «Теңрі» сөздерінен 
бастап оқыған. Бұл Тәңір концептісінің ежелден түркі тілдеріне 
тән екендігінің тағы бір айғағы. 
Түрік  қағандары  шексіз  билікке  ие  болмаған,  билікті 
қалауынша  пайдаланбаған,  халықты  қанамаған.  Тәңірден  құт 
алған олардың ұлт, халық алдында міндеттері болған. Тәңірден 
жаралғандықтан, Тәңірінің рақымына бөленген түрік қағандары 
Тәңірдің бұйрығымен күндіз тыным таппай, түнде ұйықтамай, 
жерін  ұлғайтып,  ашты  тойындырған,  жалаңашты  киіндірген, 
азды көп қылған, бәрін бейбіт етіп, ел-жұртын бақытты еткен. 
Басы  барды  –  идірген,  тізесі  барды  –  бүктірген,  халықты 
татуластырған, дұшпандықты жойған.
Зерттеуші Аманқос Мектеп-тегі «Ғасыр жаңалығы немесе 
тәңірдің  руникалық  концепциясы»  атты  мақаласында  «Тәңір» 
концептісін  белгілі  рунолог  Тайжан  Досановтың  «Руника 
құпиясы»  (Тайна  руники)    іргелі  зерттеуі  бойынша  жаңаша  
зерделейді.  «Еңбектің  ғылыми  құндылығы  –  ғаламшардың 
жаратылысы  мен  дүниедегі  стихиялық  күштердің  тылсым 
сыры,  Тәңірдің  руникалық  концепциясы  туралы  құпия  ілімді 
Оғыз  қаған  [хан]  арқылы  адамзатқа  таратқанынан  ақпарат 
береді.Тәңірдің  шарты  бойынша  адамзатқа  жіберген  ілімінің 
шешуін тапқан қабілет деңгейі мен биік өрісі биіктердің ғана 
пайдалануына қолжетімді. Жаратқанның бұл рухани қазынасын 
төрүк [түркі –Е.Ж.] тектес ру өкілдері ой-санасының кемелдігін 
танытып,  біліктілігімен  жұмбағын  шешеді.  Олар  зеректігіне 
Тәңірдің  құрмет  белгісі  ретінде  тиісті  генетикалық  кілтті  - 
рулық таңбасын алған. Сондай-ақ Тәңірдің назары ауған төрүк 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
256
тектес  ұлыстың  руникалық  жазу  таңбалары  тұңғыш  саналы 
пенденің  дүниетанымын  қалыптастыру  мен  рухани  ағартуға 
қызмет  еткен  киелі  құралы  екені  анықталып  отыр.  Сонымен 
бірге адамзатқа ортақ құндылық болып саналатын символдық 
(рәміздік  )  белгілердің  мәні  мен  маңызы  туралы  мағлұмат 
береді» [7,3].
«Тәңір»  сөзінің мағынасын Тайжан Досанов:  «Құдайдың 
аты –Тәңір =Тең+ІР (ИР) осы шақ пен келер шақтың форматы, 
екі  бөліктен  құралып,  НАҚ  ОРТАДА  ТҰР    деген  мағынаны 
білдіреді.  Сондай-ақ,  ТЕҢеРІ  =ТЕҢ  (ортақ,  тең)  +еРІ  (жері, 
орны) [бұл арада еР сөзінің қолданысындағыҮІІ мағынасында, 
яғни «нақ ортада тұрған»  немесе «бәріне бірдей ортақ» дегенді 
білдіреді. [8,254] [аударма  А.Мектеп-тегінікі]. [9,175]
Түркілердің Тәңірге деген сенімі өте зор болған және сол 
сенім  оларға  жұбаныш  пен  сабырлылық  берген.Тәңірдің 
рахымына деген адам үміті ешқашан жойылмақ емес. Адам сол 
сенімнен қаншама күш-қуат алады.
Халықаралық практикалық конференцияның 
материалдары Алматы, 17-18 сәуір 2014,136-139 б.б.
Әдебиет
1.  Акатаев С. Древние культы и традиционная культура казахского 
народа (монография). – Алматы, 2001. – С.67
2.  Әлібекұлы А. Көне жазба ескерткіштеріндегі діни сенім // Жалпы тіл 
білімі және түркі тілдерінің өзекті мәселелері . - Астана , 2010, 129б
3.  Сүлейменова Ж. Көне түркі мәдени жәдігерлеріндегі адам және 
әлем модельдері.// «философия докторы» ( Ph.D) ғылыми дәрежесін алу 
үшін дайындалған диссертация.-Алматы, 2011.
4.  Ескеева  М.  Көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің  лингво-
ақпараттық  әуелеті.//  Жалпы  тіл  білімі  және  түркі  тілдерінің  өзекті 
мәселелері. -Астана , 2010, 101б.
5.  Орынбеков  М.  Ежелгі  қазақтардың  дүниетанымы.  –Алматы: 
Ғылым, 1996.-168б
6.  Сағидолда  Г.  Түркі-монғол  бейнесінің  тілдік  фрагменттері.  - 
Астана: Сарыарқа ,2011.-304б.
7.  Мектеп-тегі А. «Ғасыр жаңалығы немесе тәңірдің руникалық 
концепциясы». Алматы:  Ана тілі, 2010, 21 тамыз.
8.  Древнетюркский словарь.- Л., 1969 С.175.
9.  Досанов Т. Тайна руники.- Алматы: «Өлке», 518б.


257
Лингвистиканың өзекті мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет