ой, ақыл мағынасындағы өге, білгә сөздері қызмет еткен [1,60].
Әрі бұл сөздер жеке кісілердің сындық-сапалық қасиетін
білдіріп, олардың атымен бірге қосарланып та айтылатын
болған: Білгә Тонуқуқ бан өзүм (Білге <-ақылды> Тонүқұқ мен
өзім) [5,61]; қағаны алп ерміс, айғучысы білгө ерміс (ханы алып
екен, айтушысы < кеңесшісі> ақылды екен) [5,63].
Орхон-Енисей
ескерткіштерінің
тілін
зертеуші
ҚӨмірәлиев «сонау VІІІ ғасырда ауыз әдебиетінің белгілі жанры
шешендік сөздің, шешендік толғау сөздің болуы шешендік
толғау сөз ғана емес, оның өзіне негіз болған мақал-мәтелдердің
тарихын да бұл дәуірден көп әріге сілтейді»,- дейді [1,61].
Әрине, Орхон-Енисей жазуы дәуіренен жеткен жеткен
мақалдарды біз дәл біле бермейміз. Бірақ:
//Йуіқа/ қалын/ болсар,//
//Топлағулық/алп/ерміс;//
//Йінчгэ/йоған/болсар,//
//Үзгүлүк/алп/ерміс,//, - деген шешендік сөзде шартты
райдың -са жұрнағы мен есімшенің -міс жұрнағы жұптық
бірлік жасаған. Тіпті Күлтегін ескерткішінде «ырақ ерсэр, ағы
бірүр; йағұқ ерсе, едгү ағы бірүр» (Жырақ болсаң жаман ағы
берер, жақын болсаң, езгі ағы берер) деген сөз мақалға өте
жақын: мұның баяндауыш формалары, -сар, -үр; -сар, -үр
түрінде жұп жасап қайталанса, өзге сөздері жырақ (ырақ) –
жақын (йағұқ) ; жаман (йаблақ) – жақсы (едгү) түрінде жұп
жасалған. Ал бұлар ХІ ғасырдағы жазба ескерткіштерінде
кездесетін (бол) –са және (бол) – ар жұптығындағы мақал
формаларын еске түсіреді [1,62].
Ph.D докторы, зерттеуші Н.Абдраимова да бұл ойды
жалғастыра түседі: «Монғолия мен Енисейде табылған руналық
жазулар маңызды тарихи деректер ғана болып қоймай, сонымен
қатар көрнекті әдеби шығармалар қатарына жатады. Ерекше
Білге қаған мен Күлтегінге ескерткішке жазылған тарихи
шығарманы ерекше атап өтуге болады. Шығармадағы батырлар
ерлігін бейнелеудегі шешендік өнер ерекше көзге түседі....
249
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Орхон ескерткіштерінде, Ұлы Түрік қағанатының елеулі
оқиғалары мен қағандардың өмірі, жүргізілген соғыстар
нәтижелері мен ұрпақтарға қалдырған өсиеттері жазылған. Бұл
өсиеттер өткенді жаңғыртуға және болашаққа көз салуға
мүмкіндік береді» [10,45].
Б.Адамбаевтың зеттеулерінде қазақтың шешендік өнері
тарихта, тарихи аңыздарда есімдері, сөздері сақталған Майқы
би мен Аяз биден басталады. Бұл - ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығы.
Мұны ғалым қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі деп
таниды.
Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі ХІҮ-ХҮІ ғ.ғ.
қамтиды да, оған Асан қайғы мен Жиренше шешен есімдерін
жатқызады.
Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңіне Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек секілді
атақты батырлармен қатар Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
сияқты айтулы шешендер шыққан ХҮІІІ ғасырды жатқызады.
ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген би-шешендер екіге
бөлінеді: «Хан-сұлтандарға қарсы шешендер» деп, оған
Байдалы би, Ер Жәнібек, Тіленші би, Шалқар шешендердің
есімдерін жатқызады. Бұларды төртінші кезең деп есептейді.
Ал бесінші кезең «Бек-болыстарға қарсы шешендер» деп
атап, оларға Сырым Датұлы, Досбол Қорлыбай баласы, Балаби
Есенәлі баласы сияқты шешендерді, солардың есімдерімен
байланысты шешендік сөздерді жатқызады.
Б.Адамбаевтың зеттеулерінде қазақтың шешендік өнерін
осылайша бес кезеңге бөліп қарастырса, сол қазақтың шешендік
өнерінің пайда болуының бастауы, өзегі, негізі болған, оған
алғышарт болған осы Орхон-Енисей жазба ескерткіштері деп
айтуға әбден болады.
Қорыта келгенде, «өз кезінің ұраншысы да, уағызшысы да
болған көсем тілдің өрнекті сөз толғамдарын өзіне мықты арқау
еткен» Орхон-Енисей көне жазба ескерткіштері түркі
халықтарының
сөз мәдениетінің басы ғана емес, шешендік
сөздің де басы болып табылады.
Лингвистиканың өзекті мәселелері
250
Көне түркі руникалық ескерткіштері тек қана біздің
заманымызға дейін сақталып жеткен тас үстіндегі жазулар ғана
емес, сонымен бірге біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында
қалыптасқан айрықша да бірегей дүниетанымдық құбылыс
ретінде қарастыру қажет.
«Абылай ханның 300 жылдығына арналған
Халықаралық ғылыми-практикалық
конференция материалдары
10 желтоқсан 2013 жыл, 334-337 бб
Әдебиет
1. Өмірәлиев Қ. ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі.
Алматы: «Ғылым» баспасы,1976. - 267 бет.
2. Қосымова Г. Қазақ тілі: Шешендік өнер. Алматы: «Мектеп»
баспасы, 2007. - 192 бет.
3. Нұрмаханов А. Түркі фразеологиясы.1-кітап. Алматы: Ғылым,
1998.-272 б.
4. Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. Алматы:1996.-174б.
5. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности.
М.Л.1951.-70с.
6. Сөз атасы. Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер (V-ХVІІ
ғасырлардағы жазба ескерткіштердің материалдары бойынша
құрастырылған жинақ). Алматы: «Жазушы» баспасы,1987.-206б.
7. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 1971.
8. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Оқу құралы.
– Алматы, 1986.
9. Аманжолов А.С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Оқу
құралы. – Алматы,1996.
10. Абдраимова Н. Тянь-Шаньның солтүстігіндегі түркі
мәдениетінің дамуы //Қаз ҰУ хабаршысы.№4 (49).2009.
251
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Достарыңызбен бөлісу: |