жасымық
сорпасы
секілді
көлемді
тапсырыс
түсті.
«Достық»
даңғылындағы «Rumi» мейрамханасы мен Абай даңғылындағы «Мəдени»
асханасын біріктіріп, тапсырыс берген мекенжайға жеткізген едік.
Кейінірек бес адамның тамақтан уланып, ауруханаға түскені мəлім болды.
Ести сала ауруханаға бардық.
Бəрі де көп ұзамай жұмыстарына шығып кетті. «Rumi» мен
«Мəдениге» келіп, 1300 адам дəл сол тағамдардың 350 порциясына
тапсырыс берген екен. Бірақ олардың ешқайсысынан шағым түскен жоқ.
Сондықтан
біздің топшылауымызша, кінəрат тағамдарды сатып алғаннан
кейін дұрыс сақтамаудан болды-ау деп жобаладық. Осыны ескерген зиян
шегуші тарап та бізге кінə артпады.
Қалай болғанда да СЭС өкілдері келіп, жағдайды анықтау үшін
тексеріс жүргізді. Олардың тапқан міні 34 сағаттың ішінде жойылды. Тіпті
талап етілмесе де, қайтадан дезинфекция жасап жібердік. Бұл біз үшін өте
қолайсыз жағдай болды. Өйткені осындай инциденттердің алдын алу үшін
талап етілгеннен де жиі
анализ жасаймыз, қызметкерлерімізді оқытамыз,
қадағалаймыз. Осының бəрін ескере отырып, əлеуметтік
желілерде пост
жаздым. Жағдайдың бəрін болған күйінде түсіндірдім. Мен айтпасам, сол
желідегі адамдардың, біздің тұрақты жəне потенциалды қонақтарымыздың
көбі сол жағдайды естімес те еді. Бірақ
біз барынша тұнық бизнес
жүргізгіміз келеді. Мүмкін, ол қымбатқа түсер, бірер қонақтарды жоғалтып
та алармыз. Бірақ шындық қымбат. Əрине, кінəліні басқа жақтан іздеп,
өзімізді судан ақ, сүттен таза деп жариялауға да болатын еді.
Бірақ біздің
кінəлі болуымыз құрығанда бір пайызға мүмкін болса, ақауды өзімізден
іздейміз. Өзімізге прокурор, өзгелерге адвокат болғымыз келеді. Керісінше
емес. Біз дəмханаларымызды
қайталап тексереміз, СЭС қызметкерлерін өз
еркімізбен шақырамыз. Кемшіліктерімізді көрсетсін. Қажеттілік болса,
ескертпелерді түзету үшін уақытша «Rumi»-ді жауып та қоя аламыз. Əрине,
ақша тапқымыз келеді, бірақ қонақтарымыздың денсаулығы бəрінен де
маңызды. Осы жағдайларды түсіндіргенде, желі қолданушылар «Rumi»ді
тіпті көтеріп əкетті. Өйткені жауапкершілік деген – бəріміз
де бағалайтын
қасиет.
Достарыңызбен бөлісу: