Екінші болма



Pdf көрінісі
бет111/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Өзіне ұнау. Ал одан да бұрын, өзіңнің ең басты судьяңды ұмытпа. Ол –
өзің. Психолог Натаниель Бранденде «Өз алдыңда репутация жасау» деген
ұғым  бар.  Өзіңді  жақсы  сезіну  үшін,  өзің  туралы  пікірің  де  жақсы  болу
керек.  Əрине,  оған  негіз  де  керек.  Өзін  тежей  алмайтын,  құштарлығын
меңгере  алмайтын,  қорқынышын  құлыптай  алмайтын,  дене  салмағын
басқара  алмайтын,  өз  уақытын,  өз  қарым-қатынастарын  реттей  алмайтын,
тəртібі жоқ адам өзін құрметтей алмайды.
Бір қорқынышымды жеңдім, бағам өсті. Өзімнің алдымда. Бір азыруға
төтеп бердім. Бағам өсті. Өзімнің алдымда. Осы үрдіс бəрінен де маңызды.
Өйткені  сен  өзіңізді  құрметтеген  кезде  өзгелерді  де  құрметтей  бастайсың
жəне  оларда  сені  құрметтей  түседі.  Тіпті  конструктивті  емес  сын  естіген
кезде сен оның конструктивті емес екенін біліп тұрасың. Егер өзің туралы
пікірің төмен болca, əрине сен эмоционалды тұрғыда қорғансызсың.
Біреу  сені  сынады  ма,  келісуің  міндет  емес,  қарсы  шығып,  жанжалға
дейін  баруың  мүмкін.  Бірақ  іштей  жеңіліп  тұрсың.  Өйткені  оныкі  дұрыс


екенін  білесің.  Іштей  өз  бағаңды  білесің  ғой.  Тыңда,  сен  сияқты  ешкім  де
өзіңді  білмейді.  Өйткені  ешкім  дəл  өзің  сияқты  жиырма  төрт  сағатты
сенімен  бірге  өткізбейді.  Сондықтан  сенің  өзің  туралы  пікірің  бəрінен  де
маңызды.
Əрқайсымыз  əртүрліміз.  Соған  сəйкес,  əрқайсымыздың  күресетін
қарсыласымыз,  алысатын  дұшпандарымыз  да  басқа.  Көрсеқызар  үшін  ол
керек емес затты сатып алудан сақтану болуы мүмкін. Қызқұмар үшін зина
жасаудан  сақтану  болуы  мүмкін.  Мешкей  үшін  тамақтан  сақтану  болуы
мүмкін.  Ақшаны  қажет  емес  нəрсеге,  артық  шоколадқа  жұмсамау,  некеге
адалдықты сақтап қалу да өзіңе деген құрметіңді арттырудағы бір қадам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет