келіп, шығынға əкелетін бизнеске ақша құйдың. Нəтижесінде банкрот
болдың. Кімге, нені дəлелдегің келді? Нəтиже қандай?
ҮШІНШІ, рационалды ойлау жүйесін қос. Өзіңнің сасық көкірегіңнің
кесірінен сенің жеке көлігің жоқ, сондықтан автобуспен жүресің. Ал
негізінде, жарыңның ағасы қарызға берем деген сол ақшаны алғанда,
бизнесіңді дөңгелетіп, қарызды пайдасымен қайтарар едің. Кəсіпкер деген
формада, жеке көлік те, туыстардың назары да өзіңде болар еді.
ТӨРТІНШІ, адыраспандармен күрес. Еріншектікті жеңуге келетін
болсақ, бұл оп-оңай.
Ерініп тұрған Қуаныш пен ерінбей тұрған Қуаныштың арасы – əрекет.
Егер ол əрекет жасаса, демек, еріншектікті жеңгені. Мен істеймін деп,
ерінбей əрекет жасау бар-жоғы бес-ақ секунд уақытыңызды алады.
«Momentum» деген түсінік бар. Ол 3 –7 секунд аралығы. Осы уақыттың
ішін де шешім қабылдауың керек. Сондықтан ерініп тұрған кезің мен
ерінбей тұрған кезіңнің арасы бес-ақ секунд, осыны ұмытпа.
Достарыңызбен бөлісу: