ЖАЛҚАУЛЫҚ ПЕН ЕРІНШЕКТІКТІҢ айырмашылығын білесің
бе? Бір қарасаң, бірдей секілді. Бір ғана мысал келтірейін: Ерлан – жалқау.
Қанша айтсаң да əрекет етпейді, жұмыс істемейді, айтқаныңа көнбейді, бұл
жерде жалқаулық ауру індет сияқты. Ал осы Ерлан: «Əке, мен ерініп
тұрмын» десе, əкесі оның тас-талқанын шығарып, ерінудің неге алып
келетінін көрсетеді. Көп ерінсең, жалқау боласын. Демек, жалқаулық –
еріншектіктің ең жоғарғы сатысы. Онда, неге жалқаулықты жеңе
алмаймыз? Себебі, жалқаулық – жоқ нəрсе. Көп ойландым, неге орысша
«ленивый», ағылшынша «Іazy», түрікше «tembel» – бірақ сөз. Сөйтсем,
еріншектіктен жеңіліп қалу біртүрлі, сондықтан еріншектікті ақтап алу
үшін, бiздiкiлер жалқаулық» деген сөзді ойлап тапқан.
Спортшы достарың бар болса, білетін шығарсың, олар қарсыласын
əрдайым мақтайды. «Ол күшті», «Спорт шеберінің кандидаты», «Үш
дүркін чемпион», яғни жеңілсе – күшті қарсыластан жеңілгенін көрсетеді,
ал жеңсе – өзінің одан да мықты екенін дəлелдейді. Бұл – психология. Сол
сияқты, «еріншектіктен жеңіліп қалдым» десең – бір түрлі, ал жалқаулықты
жеңе алмасаң – барлығы түсінікті.
Кітаптың бұл бөлімінде жеңістен алыстататын адыраспандарды тізіп
шықтым. Енді олармен күресу жолын қарастырайық.