1-Басымдылық қасиеті (D) – ол адамдарды басқаруды ұнататын, өз
сөзін жүргізе алатын жəне ойын үнемі айтқысы келіп отыратын адамдар.
Ол адамдардың жұмыс орындары ретсіз жатады, өз дегендерін басқаларға
істеткісі келеді. Көбінесе шапшаң қимылдайтын, шыдамсыз адамдар.
Адамдармен қарым-қатынаста бірбеткей. Адаммен сөйлескенде көзіне
қарап тұрып сөйлеуден қысылмайды, конфликтіні жақсы қабылдайды,
бірақ тұрпайы. Басқа адамдардың көңіліне қарамайды, өзгелердің жұмысы
іш пыстырарлық болса, тура айтудан тарықпайды.
Нақты мақсаты бар адамдар. Бұл адамдардың ең үлкен қорқынышы –
өздері қойған мақсаттарына жете алмай қалуы. Басқа ортамен жұмыс
істеген кезде, өз ойларын ашық айта алады, сонымен қатар бұл адамдармен
жұмыс істеген кезде оларға қатты бақылаудың керегі жоқ. Жұмыстарын
жақсы істейді, тек шамалы биліктің болғанын қалайды. Сіздің
компанияңызға бұл адамдардың əкелетін пайдасы – жаңалық енгізетін
болсаң тез қабылдап, жақсы нəтиже шығара алады.