«Ақымақ ешқандай қателіктен сабақ алмайды;
ақылды өз қателігінен
сабақ алады; тек дана адам ғана өзгенің қателігінен сабақ алады» деген сөз
бар халықта. Бұған «Біреудің тонна қателігі бес тиын, өзіңнің грамм
қателігің мың тиын» деген нақылды да қосуға болады.
Саналы адам өзінің
қателігінен сабақ алады. Бұл біздің бойымыға туа біткен қабілет. Кішкентай
кезiмiзден одан əрі дамып отыруымыз керек. Алайда, кейбір келеңсіз
жағдайлардың əсерінен бар заттың өзі жоқ болып қалады.
Қателікке ұрынған сайын үйренуді үйренудегі тəжірибең артады.
Қателік істеуден қорықпау керек. Ең бастысы, бір
қателікті қайталамасаң
болғаны. Қателіктен сабақ алмаған жағдайда ғана қателік қайталанады.
Кейде бір қателіктің беретін сабағы көп болады.
Қателіктің ең үлкен пайдасы – жадымыздағы ақпараттардың негізінде
құрылған
заңдылықтардың
өзектілігін
анықтау,
себеп-салдарлы
байланысын жою не күшейту.
OVER ОҚУ. Жаңа идея, жаңа сөз, жаңа
тұжырым немесе жаңа амалды
үйрену кезінде, белгілі бір уақыт ішінде, оларды жаттап алып, жадымызға
сақтаймыз. Енді осы жерден тоқтамай одан əрі
ізденіске көшіп, одан көп
жаңа дүниені тұтына беруді over оқу (овер оқу) деп атаймыз.
Яғни, жаңа ақпараттың арасында байланыс орнап, өз орнын тапқаннан
кейін
қолданысқа өтпей, алдыңғы əрекетті қайталай беру.
Овер оқудың өзіндік орны бар. Ол белгілі бір əрекетті автоматизмге
(дағдыға) жеткізуі мүмкін. Мысалы, былғары қолғап шеберлерінің қауіп
төнгенде қол сермеуі, музыка маманының аспапта еркін ойнауы.
Аталған
жағдайларда овер оқу өте пайдалы. Автоматизм жүйке сыр берген кезде
жақсы көмектесе алады. Халықтың алдына шығуға уайым пайда болғанда
сəтті өнер көрсетуге өз ықпалын тигізеді.
Алайда, осы саладағы зерттеулерге сүйенсек, овер оқудың ең үлкен
кемшілігі – құнды уақыттың зая кетуі. Ұзақ мерзімді жадта пайда болған
бір байланысты ғана шыңдау арқылы шектеліп қалуға болады. Үнемі
балғамен ғана жұмыс істеген адамға
өзге жұмыс тапсырсаң, ол тек
балғамен орындауды ойлайды.
Достарыңызбен бөлісу: