2.2 Оқушылардың оқу іс-әрекетін математиканы оқытуда тест арқылы ұйымдастыру әдістемесі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты
міндеттерінің бірі – жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі білім берудің
оқыту процесін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады.
Оқу тәрбие процесінде жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу
оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз
бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең
де жүйелі білімді және білікті жетік меңгерген болуы тиіс [121].
Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесінде тестің барлық
түрлерін қолдану мүмкін емес. Жоғарыда ұсынылған тест түрлері психология
мен педагогикада қолданылады. Алайда, математиканы оқыту процесінде
бағдарлау, диагностикалық тестерге қолданылады. Сонымен қатар,
әдіскерлер өздерінің ұсынған тестері арқылы, тест түрлерінің жіктемесін
кеңейтеді. Нәтижесінде әдістемелік әдебиеттерде тесттердің келесі бөлінуі
кездеседі: