70
1. Тест тапсырмасына қойылатын жалпы талаптар:
1) Тест тапсырмасы нақты тілмен тұжырымдалуы;
2) Тест тапсырмалары тұжырымдамасында да, жауаптарда да көмекші
сөздер болмауы;
3) Тест тапсырмасының мазмұнында қайталанулар, балама пікір
нысандары болмауы;
4) Тест тапсырмасының тұжырымы баяндау түрінде көрсетілуі тиіс
(сұрақ алынып тасталады). Тест тапсырмаларында сұрақ – сөздерді
(«қандай», «неге», «қалай» және т.б.) қолданудан аулақ болу;
5) Мүмкіндігінше, тест тапсырмалары мәтінінде күрделі бағынысты
құрылымдардың болмауы;
6) Тест тапсырмалары тұжырымдамасында бұйрық рай түріндегі
сөздерінің болмауы («көрсетіңіз», «есептеңіз», «таңдаңыз» және т. б.);
7) Тапсырмалардың тұжырымы ең аз болуы (он бес сөзге дейін
ұсынылады);
8) Мүмкіндігінше ерекше белгі, негізгі сөз тест тапсырмалары басында
көрсетіледі. Тест тапсырмаларын көмекші сөзден, жалғаулықтан,
демеуліктен бастауға болмауы;
9) Тест тапсырмаларын шешудің орташа уақыты 2-3 минуттан аспауы;
10) Суреттерді, формулаларды және басқа да түсіндіретін объектілерді
пайдалануы;
11) Жауаптардың барлық нұсқалары ұзындығы бойынша сәйкес, бір
жолдан аспауы;
12) Жауап нұсқаларында қайталанатын фразалардың болуына тыйым
салынады. Тапсырмада «ұзын», «сұрақ» және «қысқа» жауаптар болуы;
13) Тест тапсырмаларының жауабы бір мәнді болуы тиіс. Төмендегідей
жауаптарға жол берілмейді: «аталғандардың барлығы дұрыс», «барлық
көрсетілген жауаптар – қате» және т. б.;
14) Тест тапсырмаларындағы жауаптар саны 3-тен артық, бірақ 7-ден аз
болуы;
15) Жабық түрдегі тапсырмаларда жалған, көмекші сөздері бар, сондай-
ақ анық ерекшеленетін, оқшауланған жауаптардың болмауы;
16) Барлық дұрыс немесе барлық дұрыс емес жауаптарды қолдануға
тыйым салынуы;
17) Әрбір тест тапсырмаларында дұрыс деп белгіленген ең болмағанда
бір жауап болуы керек [127].
Достарыңызбен бөлісу: