68
Қазіргі қашықтықтан оқыту кезеңінде тест тапсырмаларын жиі
қолданудың қажеттілігі туып отыр.
Біз зерттеуіміз бойынша математиканы оқыту процесінде тест
тапсырмаларын қолданудың негізгі бағыттарын айқындадық, ол келесі
15 суретте көрсетілген.
15 сурет.
Тестің қолдану бағыттары
1. Математиканы оқыту процесінде білімді меңгеруді бағалау бағытына
арнап тестік тапсырмаларды құрастыруға болады, мұндағы негізгі мәселе
күнделікті өтіліп жатқан тақырыптарды меңгеруін және түсінбеген жерлерін
тез айқындап, оны жою бағытында жұмыс жүргізуге болатындығында.
2. БЖБ және ТЖБ ұйымдастыруға арналған тест тапсырмаларын
дайындауда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру негізге алынады.
Мысалы, бесінші және алтыншы сынып оқушыларының жас
ерекшеліктерін ескере отырып, дайындалған тест тапсырмалары жабық түрде
болады, онда оқушылар ұсынылғандардан дұрыс жауапты таңдайды. Бұл
жастағы балаларда бейнелі ойлау дамыған, сондықтан тестерді құрастыру
кезінде бірқатар тапсырмаларға суреттер мен сызбалар ұсынған жөн.
3. ҰБТ-да қолдануға арналған тестік тапсырмаларды құрастыруда,
ескеретініміз, оқушылардың негізгі дамуы жоғары мектеп жасына дейін
болады. Осылайша, 10-11 сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары
барлық түрдегі жабық (бір және бірнеше таңдау үшін) және ашық түрдегі
тапсырмалар болғаны дұрыс [126].
Жоғарыда көрсетілген бағыттардағы математиканы оқыту процесіне
оқушылардың оқу іс-әрекетін тест арқылы ұйымдастыру жұмыстарын неден
бастауға болатындығына тоқталайық. Бұл жұмысты төменде құрылған
модельге сүйене жүргізген тиімді. Себебі, мұнда математиканы оқыту
процесінде тест арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру
теориялық және әдістемелік тұрғыдан қалай қалыптасу керек екендігі айқын
көрініс тапқан. Зерттеу жұмысының түйінін көруге болады. Төменде 16
суреттегі
модельге толық
тоқталып, сипаттамасын береміз.
Достарыңызбен бөлісу: