Математикалық есеп дегеніміз – математикадағы заңдылықтар,
ережелер мен әдіс-тәсілдер негізінде оқушылардың ойы мен іс-әрекетін
талап ететін және математикалық білімді меңгеруге, оларды практикада
қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған
ситуация.
Дағды – бұл саналылықпен орындалған іс-әрекеттің жеке бөліктерінің
қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталуы. Физиология ғылымында
оны «шартты рефлекс» дейді. Дағдының түрлері көп. Олардың бастылары:
мектепте (оқу, жазу, есептеу, т.б.) спортта (коньки, шаңғы тебу, футбол
ойнау, күрес, т.б.). Дағды іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді,
оның арқасында сана әрекеттің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне
жұмылдырады да, ондағы табыс нәтижелі болады.
Тест – компьютердің жөне оның программалық жабдығының дұрыс
жұмыс жасайтындығын тексеруге арналған бақылау тапсырмасы; сыналатын
программа немесе құрылғының дұрыстығын тексеруге арналған әрекеттер
процедурасы және психологияда адамның жеке басындағы психологиялық
ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан
іздестіретін әдіс. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен
ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде
қорытындыланады. Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. «Тест» –
ағылшын сөзі, мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді. Тест – адам
психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын
ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын
психологиялық зерттеулердегі әдіс.
5
Тестілеу - тұтас компьютердің немесе оның жекелеген бөліктері мен
программалық жасақтамалары жұмысының дұрыстығын анықтайтын
процесс.