Оқу элементтері - зерделенуге жататын пәнді, процесті, құбылысты,
ерекшеліктерді, байланысты (өзара қарым-қатынас), қолдану (пайдалану)
әдістерін, сондай-ақ іс-әрекеттік ыңғайды атайды.
Қолданбалы математика – математикадан тыс туындаған
математикалық есептер шығару туралы ғылым деп атаймыз. Қолданбалы
есептерді шешу ерекшелігі, оларды шешкенде тек индуктивті талдау және
дедуктивті логика ғана қолданып қоймайды, олармен қоса ұқсастыққа және
сандық немесе физикалық экспериментке негізделген шындыққа сай келетін
талдау жасалады.