- Суггестивтік (оқушыларға эмоционалдық-ерікті əсер ету);
- Зерттеушілік (педагогикалық жағдайлар мен үдерістерді тану
жəне обьективті бағалай білу);
- Ғылыми-танымдық (таңдаулы салада ғылыми білімді меңгеру
қабілеттілігі);
- Пəндік (оқыту пəнін кəсіптік деңгейде білу).
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану
жағдайында сəйкес талаптар барынша өзгертіледі. Мысалы,
электрондық пошта арқылы жүзеге асырылатын виртуалды
оқу сабағын немесе консультацияны жүргізу барысында суггес-
тивтік немесе перцетивтік қабілеттерді көрсетудің қиынды-
ғын елестетуге болады. Педагогқа дəстүрлі педагогикалық
техника, əсіресе вербальді емес қарым-қатынас құралдары қажет
болмайды:
- экспрессивті-мəнерлі қозғалыс (жүріс-тұрысы, дене қимылы,
мимика, т.б.);