305
қолданылуы болып табылады. Сонымен қатар бұл электрондық
оқыту дəстүрлі күндізгі оқу формасына
өз себептеріне байланыс-
ты келе алмайтын азаматтарға сапалы білім беру мүмкіндігін
береді. Мысалы, тұрғылықты жерінде сапалы білім беретін оқу
орнының жоқтығы. e-learning-нің тағы да бір артықшылығы
бұл өндірістен ажырамай оқу мүмкіндігі, сонымен қатар
дəстүрлі күндізгі оқумен салыстырғанда бағасы тиімді болады.
Алғашқы жоғарғы инвестициялардың қажеттілігіне қарамастан,
электрондық оқыту дəстүрлі күндізгі
оқытумен салыстырғанда
əлдеқайда арзан.
e-learning-ді қолдану артықшылықтарының арасынан ақпаратты
жақсы меңгеру бағытындағы педагогикалық артықшылықтарды
бөліп көрсетуге болады:
- Қолжетімді оқу құралдарының əртүрлілігі. e-learning элек-
тронды оқытуды қолдану барысында оқу ақпаратын əр түрлі
əдіспен ұсыну оқытушы үшін шек қоймайды: дəстүрлі иллю-
страциялар мен бейнероликтертерден бастап,
анимациялық
схемаларға дейін қолданылады.
Барлық осы құралдар дəстүрлі күндізгі оқытуда да қолданыла
алады, алайда ол көп қолданылмайды, ал e-learning де бұл міндетті
түрде қолдануды талап етеді. Нəтижесінде, бұл электрондық оқыту
дəстүрлі күндізгі оқытумен салыстырғанда
өте тиімді болып табы-
лады.
- Қолданылған технологиялардың икемділігі. Интербелсенді
курстың қолдану аясы шектеусіз. Оқытушы қойылған
тапсырмаға байланысты мультимедиалық материалды əр түрлі
бағытта бере алады: автономды құрал, тақырып бойынша
анықтамалық, дəріске қатысты материалдар,
білімді бақылау
жүйесі жəне т.с.с.
Қазіргі компьютерлік технологияларды қолдану негізіндегі
интербелсенді курстардың жоғарғы сапалы жұмысымен байланысты
техникалық артықшылықтарды да бөліп айта кеткен жөн. e-learning-
нің білімдегі техникалық артықшылықтарына мыналар жатады:
Оқу материалдарының сандық табиғаты.
- Тарату. Дербес компьютерлер немесе басқада интербел-
сенді құралдарды қолдану үшін оқу курстары құрылады.
Баспа сөз басылымдарынан айырмашылығы мəліметтерді
тасушылар (аудио жəне бейнедисктар, кассеталар),
интер-белсенді материалдарды
физикалық тасымалдау-