Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет23/189
Дата17.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#34758
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   189
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

37
2-ТАРАУ ОҚЫТУ МЕН ТƏРБИЕЛЕУДЕ 
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ЖƏНЕ 
ТЕЛЕҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ҚҰРАЛДАРЫ
2.1 Білім беруде пайдаланылатын техникалық 
құрал түрлері
Білімді ақпараттандыруды үйрену ақпараттық технологиялардың 
əртүрлі тұрғыда білім саласына енуін танысуды қамтуы қажет. Жеке 
алғанда, білімде қолданылатын ақпараттандырудың техникалық 
құралдары, бағдарламалық құралдары, олардың мазмұндық толты-
рулары нақты қарастырылуы тиіс. 
Олардың ең алғашқысы – білімді ақпараттандырудың техника-
лық құралдары бір сəтте пайда болған жоқ. Компьютерлік техни-
каны қолдануға негізделген ақпараттандыру құралдарының пайда 
болуы оқытудың техникалық жəне аудиовизуалдық құралдары деп 
аталатын əртүрлі компьютерлік емес құрылғылардың қарқынды 
дамуына əкеп соқтырды. Көп жылдар бойы оқытудың техникалық 
құралдарына əртүрлі диапроекторлар мен фонографтар, графопро-
екторлар мен электрофондар, кинопроекторлар мен телевизорлар, 
магнитофондар мен CD-плеерлер сияқты аппаратураның өзін, соны-
мен қатар диафильмдер, диапозитивті сериялар, пластинкалар, кас-
сеталар мен компакт дисктер сияқты арнайы құрылған дидактикалық 
материалдар мен көрнекі құралдарын жатқызды. Оқытудың дəл осы 
құралдары білім жүйесі дамуының əртүрлі кезеңінде ақпаратты 
ұсыну мен тасымалдау, өңдеу, сақтау тиімділігін жоғарылатуда негізгі 
құрал-саймандар болып табылды. Бұл құралдар компьютерлік 
техниканың жоғында білімді ақпараттандыру құралдарының 
қызметін атқарды. 
Жүз жыл бұрын, танымал американдық ойлап шығарушы 
Т. А. Эдисон бірінші дыбысжазатын құрылғы – фонограф-
ты ойлап шығарған соң, дыбысты жазу, сақтау жəне дыбысты 
шығару мүмкіндіктерінің пайда болуына байланысты білімдегі 
барлық мəселелер шешілді деп мəлімдеді. Бірақ бүгінде бізге бұл 
мəселелермен айналысуға тура келеді.
Əр жыл сайын білімге енген əртүрлі құралдар мамандар-
ды дайындаудың тиімділігіне оң нəтиже беріп, білім жүйесінің 
ақпараттық қамтамасыз етілуін сапалы жаңа деңгейге көтерді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет