45
Білімде қолданылатын компьютерлік техниканы сипаттау дербес
компьютерлердің басқаруымен жұмыс істейтін аппаратуралардың
мүмкіндігі мен құрамын жете қарастырмасақ толық болмас еді. Ком-
пьютерлерге мұндай аппаратуралардың қатынасы
шалғай (шалғай
құрылғылар) деп аталуда. Оқу орнында кез келген жаңа шалғай
құрылғының пайда болуы педагог пен үйренушілер үшін жаңа
мүмкіндіктерді ұсынады. Мысалы, компьютерлік проектордың пайда
болуы дəріс сабақтарында ақпараттарды ұсынуға жаңа мүмкіндіктер
береді, оларды көрнекті жəне
қызықты етеді, дəріске дайындықты
жеңілдетеді, үйретудегі ақпараттардың берілуін қарқынын жəне
меңгеруін жоғарылатады. Принтердің бар болуы оқу материалдарын
құруға жəне оларды қағазға басып шығаруда санын жедел көбейтуге
мүмкіндік береді; оқудан тыс шаралардың басып шығару өнімдерінің
деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етеді, құжат айналымдарының
жұмысын жеңілдетеді жəне қарқындатады.
Білімге келіп жатқан дербес компьютерлердің шалғай
құрылғыларының осындай жəне басқа да мүмкіндіктері
оқытудың
ұсынысын жоғарылатады; бақылаудың жəне оқытудың бағалау
нəтижесінің дұрыстығын жоғарылатады, оқушылар жеке, сабақтан
тыс жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады, педагогтар
мен оқу орындарының əкімшілігінің кəсіби əрекеттерін
жеңілдетеді
жəне бір жүйеге келтіреді.
Проектор мен принтерден басқа дербес компьютерлердің шал-
ғай құрылғыларына графикалық жəне фотографиялық бейнелерді
енгізуге арналған сканерлер мен сандық фотоаппараттар, бейне-
кескіндерді енгізуді қамтамасыз ететін сандық бейнекамералар,
аудиоақпараттарды енгізу мен шығаруға арналған микрофондар мен
акустикалық жүйелер, адамның компьютермен қарым-қатынасын
жеңілдететін манипулятордың əртүрлі түрлері жатады.
Білімде
жиірек жекелеген оқу пəндерін оқытуда ақпараттандыруға арналған
арнайы шалғай құрылғылар қолданылады. Мұндай құрылғыларға
биологияны оқытуда қолданылатын электрондық микроскоптар,
физиканы оқуда қолданатын сандық омметрлер, вольтметрлер
мен ампермертлер, өлкетану бойынша тəжірибелік сабақтарда
қолданылатын ауқымды позиционерлік (GPS) құрылғылар жатады.
Сонымен бірге білім саласында
компьютерлер мен олардың
шалғай құрылғыларын қолданудағы олардың ерекшеліктері мен
кемшіліктерін талқылауда білімді ақпараттандыру құралдарына
жататын əртүрлі аппараттық құрылғылардың мүмкіндіктері
46
мен түріне байланысты құрамының ерекшеліктеріне байланыс-
тырудың мағынасы жоқ. Білім əрекетінің жекелеген түрлерінде
аппараттық қамтамасыз етуді қарастыру анақұрлым тиімді болып
табылады.
Əртүрлі аппараттық қамтамасыз етуді қолдану бірқатар дұрыс
аспектілерімен бірге жағымсыз жақтары да бар, біріншіден,
үйренушілер мен педагогтардың денсаулықтары
мен психологиялық
жағдайына кері əсері. Сəйкес нормалар мен ережелердің есебі бо-
лып білімде компьютерлік техниканы тиімді қолданудың міндетті
шарты есептелінеді. Білімді ақпараттандыруда қолданылатын
аппараттық құралдарға берілетін шектеулер мен нұсқаулар үйре-
нушілердің психологиялық жас ерекшеліктеріне, жекелеген
пəндер бойынша нақты əдістемелік оқыту жүйесінің өзгешік-
теріне, қолданатын аппараттық қамтамасыз етудің түрі мен
санына, компьютерлік техниканы жəне басқа да белгілерін пай-
далану шарттарына байланысты түрлі болады. Үйренушілер мен
педагогтар үшін аппараттық қамтамасыз
етуді қолданудағы аз
кедергісі бар əмбебап ұсыныстар мен нұсқауларды құрастыру
мүмкін емес.
Білім саласындағы компьютерлік техниканы кез келген жағдайда
қолдану міндетті түрде құжаттарда көрсетілген белгілері жəне шарт-
тарымен, сəйкес құрылғыны пайдаланудағы қауіпсіздік нормалары
жəне ережелерін сақтаумен жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: