Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет36/189
Дата17.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#34758
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   189
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

Желілік техникалық құралдар.
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектура-
сына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай 
бөліктерден тұрады:
-  кабельдер;
-  серверлер;
-  жергілікті интерфейс тақталары;
-  концераторлар;
-  коммутаторлар;
-  аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар;
-  аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас 
құру серверлері;
-  аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер.
Серверлер.  Клиент сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы 
желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен 
қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді 
қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса 
серверге жергілік операциялық жүйе басқара алады.
Жергілікті интерфейс тақшалары. Үстелге қойылатын жəне 
портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. 
Олар жергілікті желіге басқа құрылғылармен орнатылады. Олар 
мəліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруімен желіге 
қосылу тəсілдеріне байланысты əртүрлі болып келеді.
Модемдер. Жай телефон арналары арқылы интернетке қосылып 
онымен мəлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз 
осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/
демудулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютер-
ден шыққан сандық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы 
тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші 
модем қабылданған сигналдарды қайтадан сандық формаға 
ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет