61
желілер
аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға не-
месе ұйымдар тобына қарасты болса, онда
корпаративтік деп
аталады. Мысалы, ҚР-ның Ұлттық банкінің желісі – Banknet,
негізгі банктің компьютерлерін
оның барлық филиалдарының
компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қосу) біріктіреді.
Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған желілер
ауқымды деп аталады. Олар корпаративтік те, жалпы да бола алады.
Мысалы, интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға
қызмет ету мүмкіндіктері бар. Компьютерлерді желіге олардың
ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін жəне ақпаратпен алмасу
үшін біріктіріледі. Компьютердің ресурстары ақпараттық жəне
техникалыққа бөлінеді.
Ақпараттық ресурстарға программалар
жəне деректер, ал техникалықтарға – принтер, модем, сканерлер,
график сызғыштар кіреді. Ақпарат сақтау құралдары
СD-ROM, ZIP,
DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар
жəне деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу
логикалық дискіге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан
компьюткрінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар
жергілікті
деп аталады. Желінің басқа компбютерлеріне де ашық компьютер
ресурстары
ортақ немесе
желілік деп аталады. Жергілікті жəне
ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл – жергілікті ресурсты ортақ
етуге болады жəне, керісінше ортақ ресурсқа жергілікті мəртебесін
беруге болады. Ортақ ресурстар орналасқан компьютер
сервер деп
аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын жəне
осы ресурстар пай-
даланатын негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентра-
торлар арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл
желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі
оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса,
онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
«Сақина» топологиясы-
на тəн бір нəрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; де-
ректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай
сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің
басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық
уақытта бір бағытта қозғалады.
«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі –
оған барлық
желілік компьютер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің
бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның»
тағы бір осал жері компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол
деректерді жібереді, басқасы бойынша қабылдайды. Tokin Ring-тің
62
ІВМ желісіндегі деректер маршруты көрсетілген. Осылайша, Tokin
Ring
желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты
безендірілген.
Жергілікті желіде ақпарт жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/
с-қа дейін жетеді.
Жергілікті есептеу желілері бірыңғай жəне ирархиялық болып
бөлінеді.
Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы жəне
бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-
15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады.
Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз – ресурстары осы сəтте басқа
компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде кли-
ент де бола алады, яғни өзі ресустар беретін компьютердің ресур-
старын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдыруы
компьютерді
пайдаланушымен, ОЖ құралдармен жасалады. Қажет
болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгі-
лейді. Бірыңғай желілердегі ОЖ-лер ортақ ақпараттық ресурстардың
оқылуын жəне редакциялануын, «бөтен компьютерден» програм-
маларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралын
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: