Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


3-ТАРАУ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ МУЛЬТИМЕДИА



Pdf көрінісі
бет41/189
Дата17.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#34758
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   189
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

70
3-ТАРАУ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ МУЛЬТИМЕДИА 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиа 
құралдарымен жұмысының психологиялық қырлары
Мектеп оқушыларын оқытуда мультимедиа технологияла-
рын пайдалану  психологиялық жəне педагогикалық тұрғысынан 
маңызды бірнеше мəселелерді туындатады. Мұндай аспектілердің 
бірі мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиалық ресурстар мен 
компьютерлік техникамен қарым-қатынасының психологиялық 
қырларын анықтауда болып табылады.
 Философияда жəне психологияда адамның іс-əрекетінде өңдеуші 
құралдарды пайдалануын, адамның дамуының негізгі шарттары 
жəне көрсеткiшінiң бiрi деп есептейдi. 
Іс-əрекет құралдарын жетілдіру, оның мамандануы, шаблондық 
операцияларға бөлінуі жəне олардың əрі қарай автоматтануы 
жəне т.б., сонымен қатар онымен байланысты еңбекті бөлу адам 
өркениетін дамыту деңгейінің маңызды жəне айқындаушы сипатта-
малары болып табылады. 
Дəл осы үдерістер еңбектің өнімділігін арттыруға, өнімнің 
шығарылымын көбейтуге, оның сапасын жақсартуға, өзіндік 
құнының төмендеуіне жəне т.б белгілейді. Генетикалық іс-əрекет 
бастапқы формалары,  субъекттің іс-əрекеті іс-əрекет құрылымы ту-
ралы біртұтас түсінікті құрайды, оған қатысты əрекеттер мен опера-
цияларды орындай алады. 
Бұл тұтастықты мамандандыру жəне автоматтандыру 
бөлшектейді, субъект өздері орындаған жеке əрекеттер нəтижесінде 
саналы түсінеді жəне іс-əрекетті бақылайды. Сондықтан кез кел-
ген өндірістік саланы автоматтандыру жағдайында бірқатар 
жұмысшылардың шығармашылық еңбегінің үлесін арттыру басқа 
жұмысшылар орындайтын жаңа іс-əрекет түрінің пайда болуымен 
сүйемелденеді. 
Адамның ақыл-ой іс-əрекетін автоматтандыру ұзақ уақыт біраз 
ауқымды болды. Ежелгі Грецияда жəне Римде, арифметикалық 
есептеулер үшін қолданылған Абак XVIII ғасырға дейін батыс 
Европада пайдаланылды. Өткен ғасырда пайда болған электрон-


71
ды есептеуіш машина əзірше терең жəне жан-жақты теориялық 
тұрғыдан түсіндірілмеген, ақыл-ой іс-əрекетіне үлкен төңкеріс жаса-
ды. ЭЕМ-ді қолдану нəтижесінде қоғамдық тəжірибені сақтау, қайта 
өңдеу жəне тасымалдау түпкілікті өзгерді, сондықтан ғалымдардың 
компьютерлендіру жəне қазіргі ақпараттық технологиялар адам 
психикасының фукционалдық жəне онтогенетикалық даму таби-
ғатында жаңа кезеңді ашады деген тұжырымы дұрыс. Мұның 
нəтижесінде ақыл-ой іс-əрекетінің құрылымы мен стилінің өзгеруі 
мүмкін. Мұның салдарынан бір салада жұмыс істейтін мамандардың 
өзара қарым-қатынас жағдайларыда өзгереді. 
Субъекті іс-əрекетінің «адам-компьютер-мультимедиа-ре-
сурстар» жүйесіндегі кейбір аспектілерін қарастырамыз. Жасан-
ды интеллект мəселелерінің философиялық жəне психологиялық 
сұрақтарымен айналысушы, белгілі ресейлік психолог О. К. Тихоми-
ров, адамның іс-əрекетіндегі ЭЕМ- ның орны мен рөлін талдай келе
келесідей тұжырымдаған: «біз үшін ЭЕМ басқа машиналар тəрізді, 
яғни, адамның қолымен жасалған адам миының органдары. Егер 
машинаның двигателін қалыптастыру кезеңінде энергияның үлкен 
шығынын қажет ететін жұмыс жасау барысындағы адам іс-əрекетінің 
құралдары негізге алынса, онда компьютерлерді дамыту кезеңінде 
адамның ақыл-ой іс-əрекетін негізге алынды. Ақыл-ой іс-əрекеті 
өзінің құрылымын сақтайды, бірақ құралдың өзі жаңа болып табы-
лады. Олай болса ЭЕМ-ның адамның ақыл-ой үрдісін дамытудағы 
əсері туралы мəселе келесідей қайта тұжырымдалуы қажет: ақыл-ой 
үрдісінің компьютердегі белгілерден қандай айырмашылығы бар? 
Жаңа құрал ақыл-ой үрдісінің құрылымына жаңа өзгерістер енгізе 
ала ма? Басқаша сөзбен айтқанда адамның жоғары психикалық 
үрдістерін дамытудағы жаңа кезең деп ерекшелеуге бола ма?» Ол 
адам, компьютер жəне мультимедиа ресурстарының ақыл-ой еңбегі 
саласындағы өзара қатынасын сипаттауда үш негізгі тұжырымды 
ерекшелейді: орналастыру теориясы, толықтыру теориясы жəне 
түрлендіру теориясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет