106
ұшқыштарын арнайы мультимедиалық тренажерларда сабақ өткізбей
дайындау мүмкін емес, себебі бұл əдіс шынайы жағдайларды
жəне келешек ұшқыштан талап етілетін интербелсенді əсерлесуді
модельдейді.
Мультимедианы пайдалану оқушыларға оқыту материалдары
мен əр түрлі жұмыс істеуге мүмкіндік береді – адам матералды қалай
оқып үйренетінін, ақпараттандыру құралдарының интербелсенділік
мүмкіндіктерін пайдалануын жəне өзінің сыныптастарымен бірге
қалай жұмыс істейтінін өзі шешеді. Осылайша, оқушылар білім беру
үдерісінің белсенді қатысушыларына айналады. Мультимедиа білім
берудің электрондық басылымдары жəне ресурстарымен жұмыс
істей отырып, оқушылар өздерінің қабілеті жəне талабына сай əсер
ете алады. Олар өздеріне қызық материалды ғана оқиды, оқығанын
қанша рет қажет болса, сонша рет қайталайды, ал бұл дұрыс
қабылдауға жеткілікті ықпал етеді. Осылайша, сапалы мультимедиа
баспаларын жəне ресурстарды қолдану оқыту үдерісін оқушылар
арасындағы білім алуының өзіндік стильдеріне жəне қарқынды
қызығушылығына əлеуметтік жəне мəдени ерекшеліктеріне қатысты
иілгіш болуын қамтамасыз етеді. Мультимедианы қолдану оқыту
үдерісінің бірнеше аспектілеріне жағымды əсер етеді. Мультиме-
диа:
1. ақпаратты қабылдау жəне түсіну оқыту сияқты когнитивтік
аспектілерін ынталандыруға;
2. оқушылардың мотивациясының артуына;
3. оқушыларда бірінің жұмыс істеу дағдыларын жəне ұжымдық
танымдық дамуына;
4.
оқушыларда оқуға терең жолмен келуді дамытуға жəне
оқылатын материалдың терең түсінікті болуын қалыптастыруға
ықпал етеді.
Бұдан басқа мультимедиа құралдарын білім беруде қолданудың
артықшылықтарын қатарына:
- оқыту үдерісінде оқушы қабылдауының бірнеше кана-
лын бірмезгілде қолдану, оның есебінен бірнеше əртүрлі
сезу ағзалары жеткізетін ақпараттық интеграциясы қолға
келтірілетінін;
Достарыңызбен бөлісу: