164
- интернет желісінде оқу мекемелерін ұйымдастыру;
- интернет желісінде мектеп пəндерінің мазмұнына жəне орна-
ласуына байланысты сайтты құру;
- оқытушылар мен оқушылардың жеке Web-сайттарын орналас-
тыру.
Интернет желісіндегі көптеген ақпараттық ресурстар гипер-
медиа принципі бойынша ұйымдастырылып Web-беттері ретінде
көрсетілген.
Web-бет – бұл мазмұнына келесілер енетін құжат:
- форматталған мəтін;
- мультимедиалық нысандар (графика, дыбыс, бейнеклиптер);
-
басқа Web-беттерге сілтемелер немесе басқа ақпараттық
ресурстарға;
- компьютерге енгізілген программа бойынша жұмыс жасауға
қабілетті белсенді компоненттер.
Web-бет – бұл бүтіндей файлдар тобынан тұратын жеткілікті
түрдегі күрделі құжат.
Бір беттің көлемінде барлық қажетті мəліметтерді беру қиын,
сондықтан, ақпаратты бір тақырыпқа жалпы стильде безендірілген
жəне гипермəтіндік сілтемелермен байланыстырылған бірнеше он
немесе жүздеген Web-беттен тұратын жиынтық түрінде қарастыруға
болады. Мұндай жиынтық Web-сайт немесе Web- түйін деп аталады.
Əрбір Web-сайттың бастапқы немесе үйге арналған деп аталатын
старттық беті бар.
Қарапайым Web-түйін сұратылған құжатты клиенттің
сұранысымен ғана жібереді. Өңделген ақпаратты клиенттің тіркелуі
мен жазылуы жағдайында өздігінен беруге мүмкіндік беретін Web-
түйіндер бар.
Көптеген Web-сайттар жəне Web-беттер WWW-серверлер
жиынтығында сондай-ақ арнайы программалық қамтамасыз ету
орнатылған компьютерлерде сақталады.
Желіге қосылған қолданушылар Web-беттерден Web-браузерлер
деп аталатын бүкілəлемдік тор программа-клиент көмегімен
ақпаратты алады жəне қарай алады.
Браузер бетін құру үшін компьютерлік желіге қажетті құжат
сақталған Web-сервермен сұраныс жіберіледі. Сұранысқа жа-
уап ретінде сервер қажетті Web-бетті қарау программасын немесе
егер ол бірнеше себептерге байланысты кіру мүмкіндігі болма-
165
са бас тартатындығы жөнінде мəлімет жібереді. Клиент-сервердің
өзара əрекеті арнайы ереже бойынша орындалады, немесе басқаша
айтқанда, қолданбалы сипатта болады.
Web-құжатта форматталған мəтін, графика жəне Интернет
желісінің түрлі ресурстарына гипермəтіндік сілтемелер бар. Осы
мүмкіндіктерді жүзеге асыру жəне ақпараттық ресурстардың
дербес компьютердің жүйелік программалық қамтамасыз ету-
ден тəуелсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы тіл жасалған. Ол
HyperText Markup Language (HTML) немесе гипермəтінді белгілеу
тілі атағына ие болды.
Интернет желісіндегі əрбір файлдың ыңғайлы адресі бар. Ол
– URL. URL (Universal Resource Locator, ресурстардың əмбебап
көрсеткіші) – желідегі кез келген файлдың адресі. URL-де файлды
іздеуге көмектесетін протоколдың аты, онда қандай программа-сер-
вер қойылатын жəне файлға жолды көрсететін компьютердің адресі
көрсетілген.
Осы уақытта дейін Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстар-
мен жұмыс жасау үшін программа-клиенттер жиынтығын шығаруға
бəсекелес негізінен екі ірі фирмалар - Netscape Communications
жəне Microsoft.
Бірінші фирманың өнімі Netscape Communicator деп аталады,
ал оның құрамына танымал Netscape Navigator программа-брау-
зер кіреді. Microsoft фирмасының Интернет желісіндегі клиенттік
программалық қамтамасыз ету пакеті Internet Explorer деп аталады.
Бұл жиынтықтағы браузер бірыңғай атқа ие болды.
Интернет желісінің дамуына жəне ондағы ақпараттық
ресурстардың санының артуына байланысты қажетті ресурстарды
іздеу мəселесі қарқынды бола түсуде. Жалпы орта білім беру жүйесі
үшін ол желіде жарияланған практика жүзінде оқушыларды дай-
ындау жүйесінің тиімділігін арттыруға көмектесетін ақпараттық
ресурстарды іздеумен анықталады.
Мұндай іздеу бүкілəлемдік Интернет телекомуникациялық
желісінде жарияланған ақпараттық ресурстармен өзара əрекетке
негізделген. Адамзаттың ақпараттық қорына жол кітапханада,
фонотекада, фильмотекада каталогтар каторчкасында жатыр.
Интернетте қажетті ақпаратты табу үшін ұқсас механизмдер
бар. Мұнда қолданушы үшін жіберуші орынды атқаратын іздеу
сервері туралы сөз болып отыр. Мазмұндық жағынан олар ту-
166
ралы интернет желісінің арнайы қызметі туралы айтуға болады.
Іздеу сервері көп жəне əртүрлі. Іздеу индекстері жəне каталогтар-
ды ажырату қабылданған. Сервер-индестерін жиі көптеген Интер-
нет желісіндегі веб-беттердің мазмұнына есептейді, жəне оларды
толығымен немесе бөлшектеп мəліметтер қорына орналастыра-
ды. Іздеу серверінің қолданушылары тақырып бойынша кілттік
сөздерді қолдана отырып, осы мəліметтер қорынан толық мəтіндік
іздеу жүргізе алады. Іздеу нəтижесін беру қолданушының
назарын аударатын беттен жəне гиперсілтеме түрінде безенді-
рілген олардың (URL) адресінен тұрады. Өзің нені табу қажеттігін
дұрыс көрсете білсең, осы типтес іздеу серверімен жұмыс жасау
ыңғайлы.
Каталогтар тізімдерден қызықты сілтемелерге, закладкаларға
(bookmarks) дейін артты. Іс жүзінде олар «жалпыдан жекеге»
принципі бойынша құрылған көпдеңгейлі мағыналық сілтемелер
жіктемесін білдіреді. Кейде сілтемелер ақпараттық ресурстың
қысқа сипаттамасымен басқарылады. Ереже көрсеткеніндей, рубри-
ка атауында жəне кілттік сөздер бойынша ресурстарды сипаттау-
да іздеу жүргізуге болады. Каталогтар қолданушы өзінің не іздеп
отырғандығын толық білмегенде қолданылады. Жалпы категория-
дан жекеге көше отырып, Интернет желісінде қандай мультиме-
диа-ресурспен танысуға болатындығын анықтауға болады. Іздеу
каталогтарын тақырыптық кітапханалық каталогтармен, сөздік-
тезаурустармен немесе жануарлар мен өсімдіктердің биологиялық
жіктемесімен салыстыруға болады. Іздеу каталогтарын енгізу бірте-
бірте автоматтандырылған, бірақ ресурстар жіктемесі осы күнге
дейін негізінен қолмен жасалады.
Іздеу каталогтары жалпы жəне арнайы сипатта болып келеді.
Жалпы сипаттағы іздеу каталогтары көптеген əртүрлі саладағы
ақпараттық ресурстарына ие. Арнайы каталогтарды бір арнайы
тақырыпқа арналған ресурстар біріктіреді. Олар арқылы қажетті
саладағы мəліметтерге толығымен қол жеткізуге жəне адекватты ру-
брикация құруға болады.
Интернет желісінде жалпы білім беру жүйесіне мақсатқа сай
тағайындалған ресурстарды жинақтайтын көптеген каталогтар жəне
порталдар бар.
Интернет желісінде мұндай каталогтар мен ақпараттық ресурс-
тарды қолдану төмендегідей мүмкіндіктер береді:
|