168
жұмыстарына, білімі жəне білімді дербес меңгеруін тереңдетуге
(оқушыларға жəне мектеп бітірушілерге) арналған. Анықтамалық
жəне энциклопедиялық сипаттағы ресурстар, сонымен қатар
өлшеу, бақылау жəне оқу əрекетінің нəтижесін бағалау құралдары
ерекшеленеді.
Интернет желісінде ақпараттық
ресурстарды қолдана отырып,
педагогтар оқушылардың танымдық іс-əрекетін арттыруға, оқыту
жəне тəрбиелеу нəтижесін оперативті бақылауға, оқыту деңгейін
арттыруға арналған мақсатқа лайықты шешімдер қабылдауға жəне
оқушылардың білім сапасын көтеруге, педагогикалық шеберлікті
жетілдіру, оқу, əдістемелік жəне ұйымдастыру сипатындағы
ақпаратқа адрестік қолжетімділікке тиімді басшылық жасай алады.
Өзіндік ақпараттық ресурстарды жасаумен
айналысатын педагог-
тар авторлық құқықты сақтай жəне қажетті сілтемелер жасай оты-
рып, желіде жарияланған білім беру ресурстарының фрагментін
қолдануға қосымша мүмкіндік алады.
Оқушылардың Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарға
кіру мүмкіндігі оқушыларды мектепте оқу үшін қажеттіні табуда,
оқытушының берген тапсырмасын орындауда, өзіндік оқу жəне
мəдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыруда негізгі жəне қосымша
оқу материалымен қамтамасыз етеді. Осындай ресурстарға байла-
нысты оқушыларда
жаңалықтармен танысуға, өтетін олимпиадалар,
сайыстар туралы білуге, қосымша мəліметтер алуға, педагогтармен,
достарымен жəне басқалармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік
береді. Мектеп бітірушілер Интернет желісіндегі ақпараттық ре-
сурстардан білім беруді жалғастыруға қажетті – институт, универ-
ситет жəне академия туралы, қабылдау уақыты мен шарты, түсуге
арналған қажетті оқу жəне əдістемелік
материалдарды таба ала-
ды. Оқушылардың ата-аналары жəне қоғам мүшелері Интернет
желісіндегі ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, білім берудің
федералдық жəн регионалдық жүйесінің дамуы жəне қызметі ту-
ралы біле алады, оқу жоспарларымен, программалармен жəне
оқытушылар нұсқауларымен танысады,
жалпы білім беру сапасын
арттыруға əсер етеді.
Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды қолдана оты-
рып, білім беру мекемелерінің администрациясы күшіне енген заң
жəне нормативті құжаттар бойынша тиімді басқару шешімдерін
қабылдай алады, оқытушылардың іс-əрекетін объективті бағалайды,
169
оқу мекемелерінің əрекетін администрациялау жəне жалпы жоспар-
лау деңгейін арттыру негізінде жұмыстастарымен оперативті əрекет
жүргізеді.
Ақпараттық ресурстардың негізгі бөлігін барлық орта білім
берудің пəндерінен бағдарлама негізінде оқушылардың оқу
тиімділігін арттыру үшін қолдану қажет.
Интернет желісінде ақпараттық
ресурстарды қолдану педа-
гогтармен оқытудың əдістемелік жүйесінің – мақсаты, мазмұны,
əдістері, ұйымдастыру формалары жəне оқыту құралдарымен
сəйкестікте болу қажеттігін түсіну қажет. Қолданылатын ресурстар
осы жүйеге оның компоненттеріне нұқсан келтірмейтіндей орналас-
тырылуы тиіс.
Мұнда интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды қол-
данумен оқыту əдістерін таңдау мен сипаттауға назар аудары-
луы тиіс. Мұндай əдістердің құрамына оқытудың мақсатына,
оқушылардың жоба-зерттеу əрекетіне сай интернет желісіндегі
ресурстармен əрекетке негізделген,
оқушылардың оқу ақпаратын
іздеуі мен қолдануы, оқушылар мен педагогтардың оқу қарым-
қатынасы үшін телекомуникациялық компоненттерін пайдалануы
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: