Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет93/263
Дата21.05.2022
өлшемі3,91 Mb.
#35213
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   263
Байланысты:
Ыбырай А ӘНХ

36-кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау 
Сынып 
Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
5-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
6-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
7-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
8-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
9-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі 
біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым) 
 
ТЖБ тілдік құзіреттіліктің барлық түрлерін: тыңдалым, айтылым, 
оқылым және жазылымды тексеруді қамтиды. «Ағылшын тілі» оқу пәні 
бойынша жиынтық бағалау ерекшеліктері https://smk.edu.kz/ сайтында 
орналастырылған. Аралық бақылау мен тоқсандық қорытынды үшін жиынтық 
бағалау тапсырмаларын педагогтер өздері әзірлейді. 


123 
ТЖБ ұзақтығы - 45 минут. «Айтылым» дағдысы бөлек тексеріледі. ТЖБ 
үшін балл саны: 5-сыныпта – 20; 6-сыныпта – 22; 7-сыныпта – 24; 8-сыныпта – 
24; 9-сыныпта – 24. 
«Ағылшын тілі» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруға арналған 
ұсынымдар: 
1) Білім беру процесін қашықтықтан ұйымдастыру кезінде ағылшын 
тілінің педагогтеріне білім алушылармен тығыз кері байланыс орнату 
ұсынылады; 
2) Білім алушыларда ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін (аудио - 
бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан 
мақалалар) қалыптастыру мақсатында оқытудың түпнұсқа материалдарын 
пайдалану; ағылшын тілінде сипаттау, салыстыру, талдау, диалог, пікірталас 
жүргізу, қажетті дәлелдер келтіру, қорытынды жасау және қорыту дағдыларын 
қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен жұмыс істеу; анықтамалық және 
энциклопедиялық әдебиеттермен, электрондық ресурстармен өз бетінше жұмыс 
істеу дағдыларын қалыптастыру: білім алушыларда мінез-құлық мәдениетін 
қалыптастыру мақсатында жас ерекшеліктеріне сай мәтіндерді пайдалану 
ұсынылады. 
3) Білім алушылардың зерттеу дағдылары мен оқу дағдыларын дамытуға 
бағытталған «Independent project» және «reading for pleasure» бөлімдеріне назар 
аудару ұсынылады. Жобалау жұмысының форматы мен мазмұны (тақырыптық 
мазмұны, қызмет түрлері мен нысандары, күтілетін нәтижелер, бағалау 
нысандары және т.б.) мектеп әдістемелік бірлестіктері ішінде талқылау; 
4) Білім алушыларға шамадан тыс жүктеменің алдын алу мақсатында 
педагогке үй тапсырмасының көлемін реттеу ұсынылады (ҚР «Орта білім беру 
ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау бойынша 
әдістемелік ұсынымдар», ҚР БҒМ 2017 жылғы «24» сәуірдегі № 182 бұйрығы). 
5) Жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын дамытатын оқу 
мақсаттарына ерекше назар аудару керек. Жазбаша тапсырмаларды көбірек 
орындаған жағдайда сабақтың коммуникативті сипаты өзгереді, оқу сапаасына 
нұқсан келуі мүмкін. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін 
тексеру кезінде педагог ауызша және жазбаша жұмыстарды орындауға 
арналған тапсырмалардың санының сәйкестігін қарастыру қажет; 
6) Ағылшын тілінің мұғалімдеріне түрлі тапсырмаларды кезектестіріп, 
біріктіру ұсынылады: ауызша, жазбаша, міндетті, таңдау бойынша, жалпы, 
сараланған, жеке, аралас, шығармашылық. Шығармашылық сипаттағы 
тапсырмалар алдында сабақта дайындық жұмыстары жүргізіледі. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет