Реферат Жердің пішіні және жер беті бейнесінің проекциясы Орындаған: Сағибекова А. Қабылдаған:Қапасов. А. К өскемен 2022



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі365,91 Kb.
#82222
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университеті

Жер туралы ғылымдар мектебі

Реферат

Жердің пішіні және жер беті бейнесінің проекциясы


Орындаған:Сағибекова А.
Қабылдаған:Қапасов.А.К

Өскемен 2022

Мазмұны

Кіріспе 3


Географиялық карта 5
Проекция әдістері 9
Картографиялық проекция 10
Проекция түрлері 11
Қорытынды 13

Кіріспе


Жер жалғыз тіршілігі бар планета. Жердің 29% құрлық пен аралдардан, қалған 71% судан (мұхиттар Жер-орбита осьіндегі үшінші ғаламшар.Шамамен осыдан 4,5 миллиард жыл бұрын қалыптасқан., өзендер, көлдер,батпақтар және т.б) тұрады.Жалпы ауданы 510 млн. км кв. Айналу нәтижесінде полюстері кішкене жалпиған,ал экваторы кеңейген,экваторлық диаметрі полюстік диаметрінен 43 км кеңірек, әйткенмен бұл ауытқу орташа радиустың 1% -ын да құрамайды. Жер пішіні, өлшемдері. Жердің сыртқы түр-пішіні туралы алғашқы көзқарастар біздің эрамызға дейінгі көп уақыт бұрын қалыптасты. Оның шар тәрізді екендігі туралы алғашқы ойлар Пифагор (біздің эрамызға дейін 530 ж.) мен Аристотельдің (біздің эрамызға дейінгі IV ғ.) еңбектерінде жазылған. Аристотель Айдың тұтылуын байқау кезінде Жердің Айға түсірген көлеңкесі доға тәрізді болып шектелетіндігіне көңіл аударған. Жер пішіні сфераға ұқсас. Жердің шын мәніндегі бейнесі өте күрделі. Ол ешқандай да геометриялық фигураға ұқсамайды. Сондықтан неміс ғалымы — физик И. Люстихтың (1873 ж.) ұсынысы бойынша Жер геоид (жерге ғана тән өзіндік пішін) пішінді деп саналады. Жердің ең енді жерін экватор сызығы алып жатыр. Экватордың ұзындығы – 40 000км. Меридианның ұз - 40000км. жердің сыртқы қабатының ұзындығын ежелгі грек оқымыстысы Эратосфен сол кездін озінде нақты өлшеген. Экватор(лат. теңестіргіш) жер шарын екі жарты шарға бөледі. Оның жоғарғы бөлігін солтүстік жарты шар, төменгі бөлігін оңтүстік жарты шар деп атаймыз. Ұзындығына келер болсақ жердің полюстік радиусы 6356,8км ,ал экваторлық радиусы 6378,1 км-ге тең.Яғни шамамен 21 км-ге айырмашылық бар. Осылайша шар тәріздес жер бетін қағазға түсіруде көптеген қателіктер кететіні анық. Себебі геоид бетін қарапайым математикалық теңдеумен өрнектеу мүмкін емес. Сондықтан әртүрлі өрнектерді жеңілдету үшін геоидты тұрақты геометриялық пішін бар ол геоидтан аздап ерекшеленетін эллипсоид деп аталады. Жер эллипсоиды-бұл айналмалы эллипсоид болып табылатын фигура. Оның өлшемдері белгілі бір аумақта геоидтың бетіне мүмкіндігінше жақын болатындай етіп таңдалады. Мұндай эллипсоид анықтамалық эллипсоид деп аталады. Қеңес Одағы кезінде анықтамалық эллипсоид ретінде Ф.Н.Красовскийдің эллипсоиды қабылданған. Ол КСРО және басқа социалистік территориялардағы барлық картографиялық жұмыстары негізгі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет