– класс деструкторы дегеніміз – объектке бөлінген ресурстарды босату
кезінде әрекеттердің тәртібін анықтайды;
– класс оқиғалары дегеніміз – кластың пайдаланушы әрекеттеріне
немесе бағдарламадағы белгілі бір өзгерістерге жауап қайтаруға көмектесетін
арнайы әдістер;
– деректер типі, мысалы, тізімдер, құрылымдар, кластар, делегаттар,
интерфейстер.
– индексаторлар дегеніміз – класс деректерінің элементтеріне қол
жеткізу құралы;
–
операциялар
дегеніміз
–
класс
объекттеріне
арналған,
операциялардың белгілері арқылы орындалатын арнайы әрекеттер.
Класс деректері болып константа немесе класс айнымалылары (өрістер)
болуы мүмкін. Класта деректерді жариялаған кезде әдетте оған қол жеткізу
спецификаторы көрсетіледі, мысалы,
private int a;
Класс деректерін жариялау кезінде оларды жалпы жазу пішімі
мынандай болады:
[ атрибуттар ] [ спецификаторлар ]
[ const ] тип атауы [= бастапқы_мәні].
Әдетте класс деректері «бағдарлама үшін жабық болады» - private
спецификаторы қолданылады.
Егер деректердің алдына
public спецификатор
жазылса, онда олар «бағдарламада» қолжетімді болады.
Еш әрекетсіз деректер мен әдістер үшін private спецификаторы
қолданылады.
Объект дегеніміз – класс типіндегі айнымалы, оны құрған кезде
компьютер жадында класс элементтерінің мәндері сақталатын жеке аймақ
бөлінеді.
Алайда, класта барлық объекттеріне ортақ, бір данадағы статикалық
элементтер болуы мүмкін. статикалық деректерді класс деректері деп жиі
атайды, ал қалғандарын - класс данасының деректері, яғни объекттер.
Кластың кейбір элементтеріне (әдістеріне) және өрістеріне қол
жеткізуге объект құрылғаннан кейін ғана мүмкін болады. Егер рұқсат
берілген болса, оларды қолдану үшін нүкте қолданылады, мысалы, stud
объектісіндегі name өрісіне қол жеткізу үшін былай жазамыз: stud.name =
“Иванов”;.
Объект үшін кластың әдісін шақыруға болады, мысалы, stud.poisk(a);,
мұнда poisk(int a) – класс әдісі, stud – құрылған объект.
Синтаксис бойынша класта ішкі класс болуы мүмкін. Осындай жағдай
жиі кездеспейді. Ішкі класты өзін туындатқан сыртқы класта және оның
ұрпақтарында қолдануға болады. Ішкі кластарда әдетте private немесе
protected қол жеткізу модификаторы болады.
Достарыңызбен бөлісу: