Класс ұҒымы 1 Класс ұғымы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата22.05.2022
өлшемі433,11 Kb.
#35293
1   2   3   4   5
Байланысты:
7лекция

 


7.3 Класс әдістері 
 
Әдіс дегеніміз – кластың деректері және әдістерімен жұмыс істеуге 
арналған кластың атауы бар функционалдық элемент. Әдістер қласқа 
қолдануға болатын әрекеттер жиынын анықтайды (кластың жұмысын 
анықтайды). Әдіс тек бір рет сипаталады және ол кластың түрлі объекттері 
үшін бірнеше рет шақырылуы мүмкін.
Класс әдістерінің жалпы жазылу пішімі мына түрде болады: 
[ атрибуттар ] [ спецификаторлар ] әдіс типі 
әдістің атауы ( [ параметрлер ] ) 
{әдістің денесі} 
Мысалы, 
static void Main(string[] args) 
{ } 
Ең жиі кездесетін спецификаторлар - private, public және static. 
Private спецификаторымен жарияланған кластың кез келген әдісі тек осы 
класс әдістеріне ғана қолжетімді болады.
Public спецификаторы әдісті бағдарламаның кез келген бөлігінде 
қолдануға мүмкіндік береді.
Static спецификаторы арқылы әдісті класс объектісін құрмай-ақ «класс 
деңгейінде» қолдануға болады. Ол өте маңызды, өйткені біз статикалық 
әдістерді жиі пайдаланатын боламыз.
Қосымшада класс объектісін құрмай-ақ қолжетімді әдісті класс 
конструкторы қамтамасыз етеді(ол объектті құрады). 
Басқа әдістерге қол жеткізу кластың объектісін құрғаннан кейін ғана 
мүмкін.
Егер спецификатор көрсетілмесе класс әдісінде private спецификаторы 
қолданылады. 
Әдіс типі қосымшада анықталған кез келген типте немесе C# тілінің 
стандартты типінде немесе void – типсіз болуы мүмкін. Мысалы: 
int kol(int a) { … } 
public double sym(out float r) { … }
public void poisk(ref float s) { … } 
public int funkcij( int a, out int b, params int[] c) { … } 
Егер әдіс типі көрсетілген болса (void типінен өзге), онда әдіс денесінің 
соңғы операторы болып әдіс жұмысының нәтижесін қайтаратын return 
операторы болады. Бұл ретте әдісті айнымалыға меншіктеу немесе 
операторларда өрнек ретінде пайдалану керек. Осындай әдістер функциялар 
деп аталады.
Егер әдістің алдында void типі көрсетілсе, онда әдіс өз жұмысының 
нәтижесін return операторы арқылы қайтармауы керек (әдістің денесінде 
return операторы болмайды). Әдетте бұл әдісті процедура деп атайды. Әдістің 
атауы – бағдарламашы белгілейтін идентификатор. Әдіс атауының (атының) 


мағынасы оның жұмысына байланысты болуы керек, мысалы, sym, max, 
poisk, т.б. 
Әдіс және бағдарлама арасында деректермен алмасу үшін әдістің 
параметрлері (формалды параметрлер) қолданылады. Әдетте әдістің 
параметрлерін әдісті «күйге келтіру» құралы деп атайды.
С# тілінде әдістердің келесі параметрлері бар: 
– мәндерді анықтайтын параметрлер (мәндік параметрлер, яғни әдіс 
қабылдайтын кіріс параметрлер); 
– шығыстық параметрлер (out қызметтік сөзімен белгіленеді); 
– сілтемелік параметрлер (ref қызметтік сөзімен белгіленеді); 
– массивті параметр (params қызметтік сөзімен белгіленеді). 
Мәндерді анықтайтын параметрлерде қызметтік сөз болмайды. 
Класс әдістерінің параметрлері үтірлер арқылы бөлінеді. Әдісте массив 
параметрі біреу және параметрлер тізімінде соңғы болуы керек. 
Егер әдісте мәндерді анықтайтын параметрлер жарияланса, онда бұл 
әдістің кейбір айнымалылар көшірмелерін өз құзырына алғандығын 
көрсетеді. Әдіс осы көшірмелердің мәнін өзгерте алады, бірақ олардың 
түпнұсқасы (бағдарламада) өзгермеген қалыпта қалады. Әдістің жұмысы 
аяқталғаннан кейін мәндерді анықтайтын параметрлер компьютер 
жадысынан жойылады. 
Әдістің шығыстық параметрлері қосымшаға нәтижелерді жеткізу үшін 
арналған. Әдістің денесіндегі шығыстық параметрлерге кейбір мәндер 
меншіктелуі тиіс, әйтпесе қосымша компиляциясы кезінде қате кеткені 
туралы хабар шығады.
Егер әдісте сілтемелік параметрлер жарияланған болса, онда әдіс 
сәйкес айнымалылардың адресін өз құзырына алады және оларды өз 
алгоритмі бойынша қолдана алады (жаңа мәндерді жаза және оқи алады). 
Әдістегі жарияланған массив параметрі нақты айнымалылардың кез 
келген санымен жұмыс жасауға арналған. Сонымен қатар params 
қызметтік сөзінен кейін тұрған формалды параметр кез келген өлшемді 
деректер массивімен сәйкестікке келтіріледі. 
Сонымен, әдіске параметрлер арқылы керекті мәліметтерді (мәндерді 
анықтайтын параметрлер және сілтемелік параметрлер) жіберуге болады 
және әдіс өз жұмысының нәтижелерін қайтара алады (шығыстық 
параметрлер және сілтемелік параметрлер).
Әдіс денесінде кейбір алгоритмді орындайтын бағдарлама кодының 
үзіндісі бар. Бұл ретте әдіс формалды параметрлермен бірге әрекеттер үлгісі 
ретінде қолданылады. Бағдарламада формалды параметрлердің орнына нақты 
айнымалылар қолданылуы керек, нақты параметрлер мен әдістің әрекеттер 
үлгісі нақты айнымалылар үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет