Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет52/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   142
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

Сҧрақтар мен тапсырмалар 
1) Жобалаудың ұйымдастыру шарттарын анықтау 
қажеттігі неде? 
2) Жобалауды 
ұйымдастыру 
шарттарын 
атап, 
сипаттама беріңіз. 
3) Жобаны жүзеге асыру кезеңдері мен мониторингі.
4) Жобалау 
құжаттары 
мен 
эксперттердің 
сараптамалары. 
5) Жобаның аяқталуын рәсімдеу талаптары. 
6) Жоба жетекшілеріне қойылатын талаптар. 
7) Жобалау үдерісінің үздіксіз циклін құрайтын 
алгоритмі. 


149 
8) Педагогикалық 
ұжымда 
жобалауды 
жүзеге 
асырудағы міндеттер. 
9) Педагогикалық жүйелердің жобалау негізіне 
неліктен субъектінің ӛзіндік дамыту жүйесі 
ретінде алынатынын мысалдар арқылы дәлелдеңіз. 
10) 
Глоссариймен жұмысты жалғастыру. 
3.Педагогикалық жобалауды жҥзеге асыру логикасы 
ХХ ғасырдың аяғына қарай ғалымдар білім беру 
жүйесіндегі мәселелерді анықтап, олардың пайда болуы мен 
шығу жолдарын қарастыра бастады.
Педагогикалық ұйымдарды дамытуда синергетикалық 
заңдылыққа сай факторлардың бірі – оның ӛзін - ӛзі басқара 
алушылығы, яғни, педагогикалық жүйенің ӛзінде оның 
тұтастығын, қызмет етуін, жетілдірілуі мен дамуын 
қамтамасыз ететін тетіктер мен басқару факторларының 
болуы. Жоғарыда айтылғандай, жүйе құрамындағы 
қызметтік 
және 
субъектілік 
компоненттердің 
ӛзара 
қатынастары мен жүйенің ӛзін - ӛзі дамыту ресурстарын
тиімді ұйымдастырудың тиімді механизмі  жобалау болып 
табылады. 
Жобалаудың басты ерекшелігі – оның объектіні 
дамытуға бағытталуы, жобалау белгілі бір объектіні жаңа 
түрге айналдырып, оны қайта жаңғырту қызметін 
атқарады. 
Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға 
болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету 
мүмкіндігі мол құрылым, ӛйткені, жобалау қызметі негізінде 
білім беру жүйесінің ӛзін дамытумен қатар, қоғамдық - 
саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң ӛзгерістерді 
жүзеге асыруға болады. Педагогика тарихында орын алған 
сан алуан жобалар білім берудің мазмұнын ғана емес, оның 
институционалдық, технологиялық, ресурстық жақтарын, 
сондай-ақ, педагогтарды дамытуды да қамтығаны белгілі.
Педагогикалық 
жобалаудың 
қайта 
жаңғыртушылық 
деңгейлерін тӛмендегідей кӛрсетуге болады: 


150 
Стратегиялық деңгей, бұл мемлекет деңгейіндегі білім 
беру жүйесінің ӛзгерістерін қамтиды, оның нәтижелерінің 
тиімділігін тарихи уақыт ӛлшемімен ғана бағалауға болады. 
Институционалдық деңгей, белгілі бір білім беру 
ұйымдары, басқару құрылымдары немесе белгілі бір білім 
беру жүйесіндегі салалық ӛзгерістерді қарастырады. Оның 
тиімділігі институционалдық деңгейде кӛзделген мақсаттың 
орындалуынан кӛрінеді. 
Технологиялық деңгей, оның нысандары болып білім 
беру үдерісіне ықпал ететін әдістер мен тәсілдер алынады. 
Олардың тиімділігі белгілі бір нақты іс-әрекеттер жүзеге 
асырылысымен - ақ кӛрінуі мүмкін. 
Жобалау деген ұғымның ӛзі оның басқару қызметіне 
тән екендігін анықтайды, оның алға қарай қозғалыс бағытын 
білдіретін мәні, сонымен қатар, мақсатқа сай жүріп ӛтуге 
тиіс аралықты анықтайтын, алдын ала болжай алу қызметі. 
Жобалаудың басқа басқару амалдарынан ерекшелігі –
әрекеттің нәтижелілігі мен тиімділігі мақсатты алға 
қоймастан бұрын белгіленетіні. Сондықтан, жобалау – 
қайта құру туралы ойға алынған ниет пен оны 
құрастыруды, орындауды, нәтижелері мен салдарларын 
біртұтас етіп біріктіру қызметі.
Педагогикалық жүйелер әлеуметтік жүйелердің ішіндегі 
болашақпен 
тығыз 
байланысты 
маңызды 
құрылым 
болғандықтан, оның қызметі мен мазмұны әлеуметтік 
үдерістердегі ӛзгерістерді басқаруға ықпал етеді. Соған 
орай, педагогикалық жүйелерді институцияландыру, 
технологияландыру, жаңаша ұйымдастыру ең әуелі қоғамдық 
дамуды жүзеге асырудың басты бір жолы ретінде жобалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет