Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет82/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

Сҧрақтар мен тапсырмалар 
1. Жобалау 
әдісін 
оқытуда 
пайдалану
ерекшеліктері. Жобаны идея түрінде тудыру мен 
оны жүзеге асыру. 
2. Жобалау 
әдісін 
зерттеушілікте 
пайдалану 
талаптары. 
3. Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын 
бірлікте қараудың маңызы. 
4. Жоба тақырыптары мен мақсатының сәйкестігі. 
5. Жобалау идеясы мен жобалау әрекетінің ӛнімі. 
6. Оқушылар 
бойында 
қалыптасатын 
жаңа 
құзыреттілік сапалар – жобалау ӛнімі ретінде. 


234 
7. Жоба нәтижелерін бағалау ӛлшемдері–жобаны 
бағалау ӛлшемдері мен оқушылар сапаларын 
бағалау ӛлшемдеріне сипаттама беріңіз. 
8. Оқушылардың 
белгілі 
бір 
сапаларын 
қалыптастыруға және дамытуға бағытталған жоба 
тақырыбы мен құрылымын ұсыныңыз. 
 
 
5. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды 
ҧйымдастыру 
 
Мектепте білім беру негізінен үш сатыда жүзеге 
асырылады: бастауыш, негізгі және жоғары сатылар. Біз 
жоғарыда білім беру тек нормаланған білім, білік, 
дағдылардан жоғары тұратын оқушылардың белгілі бір 
қабілеттері мен сапаларын қалыптастыру екенін айтып 
кеткен едік. Енді осы жаңа сапаларды жобалау әрекеті 
арқылы қалыптастыру білім берудің сатыларында қалай 
кӛрініс алатынына тоқталамыз. 
Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана 
тапсырмалар немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын 
микро – жобалар беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі 
– жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын 
қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой–қиялын қозғайтын жағдай 
туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын 
топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу 
әрекетінде түгелдей ӛз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз 
етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете 
бастайтыны сӛзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда 
дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – 
қиялы шектелмейді, бірін–бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, 
шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте 
қалыптасқан ӛзара қарым–қатынас, бірін–бірі тыңдау, 
бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі 
мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола 
алады. 
Микрожобаларды 
ұйымдастыру 
оқыту 
ситуациясындағы 
жекелік 
тұрғыны 
жүзеге 
асыруға 


235 
мүмкіндік 
береді. 
Педагогикалық 
әдебиеттерде 
жиі 
кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін 
таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша 
және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың 
ӛзіндік ерекшеліктерін, ӛз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін 
ашуға мүмкіндік береді. 
Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану 
бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы 
жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі
елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. 
Сондай–ақ, микрожоба барысында олардың мінез–құлқында 
пайда болатын ӛз әрекетін ұйымдастыру, ӛзін-ӛзі басқара 
білу, 
ӛзгелермен 
санасу 
сияқты 
дағдылары 
да 
қалыптасатыны сӛзсіз. 
Жобалау әрекетінің жасӛспірімдер үшін маңыздылығы 
зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі 
болмайды дегенді білдірмейді. Жасӛспірім шақтағы жобалау 
осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және 
әлеуметтік міндеттеріне сай келеді. Ал, білім беру 
міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру 
нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет