қабылдау барысын талдай білу.
Мәселені
шешу–ақпараттық-әрекеттік
модель
бойынша түпкілікті нәтиже деп есептеледі және ол тӛмендегі
тәртіп бойынша орындалады:
- мәселе қою (не істеу қажеттігін айқындау);
- мәселенің құрамын анықтау (ақпараттар іздеу,
таңдау, нақты міндеттерді белгілеу және оны
орындау кезеңдерін айқындау; мәселені ойша
қайта құру арқылы жан – жақты талдау);
- шешудің бірнеше жолдарын қарастыру, мақсатты
орындаудың тиімді жолдарын іздеу;
- мәселенің шешілуі;
Енді соңғы күндері пайда болған шешім қабылдау
теориясына
тоқталамыз.
Шешім
қабылдау–бірнеше
нұсқаларды қарастыру үшін кӛптеген ақпараттарды іздеу
және сұрыптаудан тұратын күрделі үдеріс.
Шешім қабылдай білу қабілеті тоғыз элементтен
тұрады:
1. Таңдай білу. Бұл жеке адамның тілегінен немесе
топтың ұсынып отырған тілегінен, не сыртқы мәдени
ортаның, ересек адамдардың тілегінен де пайда болуы
мүмкін;
2. Саналылық, шешімді саналы түрде қабылдау. Бұл
орындаушының қалыптасқан мәселені шешудегі ӛз рӛлі
саналы түрде анықталуы, психологтардың айтуынша
саналылық 15 жасқа қарай пайда болады;
257
3. Креативті шешім қабылдаушылық – адамның
қалыптан тыс шешім қабылдауға немесе түрлі жолдарды
іздей білуге дайындығын кӛрсетеді;
4. Компромисстік (келісімге келе білу) бұл қасиеті –
мәселенің шешімін табуда тек ӛз мүддесі тұрғысынан ғана
емес, ӛзгелердің, қоршаған адамдардың мүддесі тұрғысынан
қарастыра білу. Бұл жағдайда шешім қабылдау оған қатысы
бар адамдардың кӛбінің мүддесіне сәйкес компромисске
(келісімге) келе алуға мүмкіндік береді;
5. Алдын ала білу қасиеті–шешім қабылданғаннан кейін
болуы мүмкін жағдайларды алдын ала есептей білу, яғни
белгілі бір шешім қабылдаудың айналаға тигізетін әсерін
күні бұрын кӛре білу, оны талдай білу.
6. Дұрыс таңдау жасай білу–бұл шешім қабылдау
үдерісінің ең күрделі және белгісіздікке толы кезеңі.
Шешімнің дұрыстығын бағалау үнемі ӛзгеріп отыратын
жекелік және қоғамдық құндылықтар, қалыптасқан жағдай
мен оны қабылдаудың субьектілік сипатына байланысты
оңай емес. Солай бола тұра, шешімнің дұрыстығын
анықтайтын кӛрсеткіш ретінде мәселені талдау барысында
анықталған жағдайларға сәйкестігі алынады.
7. Сыналуға дайындығы, бұл–шешім қабылдауда
пайдаланылған ақпараттардың шынайылығын тексеруге
және қайта тексеруге қабілеттілік, кейбір субъектілік
тұрғыдағы ұсыныстардан, қате болса ӛз ұсыныстарынан да
бас тарта білу;
8. Бірізділік–таңдаған шешімге сәйкес амалдарды
бірізділікпен қолдана білу;
9.
Жауапкершілік–қабылданған
шешімге
сәйкес
әрекеттердің әрі қарай жүргізілуіне әзір болу, мойнына ала
білу.
Қазіргі таңда психология ғылымы ойлаудың ерекше
түрі – мәселені тұтас кӛре білу, оны шешу жолдарын болжай
білу, бірнеше нұсқалардың ең тиімді біреуін таңдай білу,
одан әргі әрекеттер стратегиясын құру туралы шешім
қабылдай білуді қамтитын–ойлау түріне үлкен мән беретінін
байқауға болады.
Оқушылардың пәндік және түйінді құзыреттіліктерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін, олардың ӛз бетіндік
258
зерттеу жүргізулері негізінде субъективті жаңалық ашуға
жағдай
туғызатын
тақырыптық
және
пәнаралық
жобалардың білім беруді ұйымдастырудағы маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |