Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет18/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Байланысты:
Dissertation Mutanova.pdf Мәдениетаралық-коммуникативті құзіреттілік

педагогикалық қызмет: 
- білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес пән бойынша білім 
беру бағдарламаларын іске асыруға дайындық; 
- оқыту мен диагностиканың заманауи әдістері мен технологияларын 
қолдану қабілеті; 
- оқу және оқудан тыс қызметте білім алушыларды тәрбиелеу және 
рухани-адамгершілік дамыту міндеттерін шешу қабілеті; 
- оқытудың жеке, метапредмет және пәндік нәтижелеріне қол жеткізу 
үшін білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалану және оқу-тәрбие 
үдерісінің сапасын оқытылатын пән құралдарымен қамтамасыз ету қабілеті; 
- білім алушылардың әлеуметтенуі мен кәсіптік өзін-өзі айқындауын 
педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру қабілеті; 
- білім беру үдерісіне қатысушылармен өзара іс-қимыл жасауға 
дайындық; 
- білім алушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру, белсенділік пен 
бастамашылдықты, білім алушылардың дербестігін қолдау, олардың 
шығармашылық қабілеттерін дамыту қабілеті. 
Елімізде 2012-2018 жылдар аралығында болашақ ағылшын тілі 
мұғалімдерін даярлау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 
тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Білім берудің тиісті деңгейлерінің 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 5В011900 –
«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша даярланды [108]. 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 
педагогика 
саласындағы 
білім 
беру 
бағдарламасы 
Қазақстан 
Республикасының Білім туралы заңына, Ұлттық біліктілік шеңберіне, Жоғары 
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және Дублин 
дескрипторлары мен Еуропалық біліктілік шеңбері негізінде әзірленді. 
5В011900 –«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша білім беру 
бағдарламасы оқытудың нәтижелеріне бағытталып дайындалды. Оқытудың 
нәтижелері Дублин дескрипторларының деңгейлері негізінде анықталып, 
құзыреттер арқылы көрсетілді. Мамандықтың арнайы құзыреттері Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 
талаптарына 
сәйкес 
жұмыс 
берушілердің, 
профессор-оқытушылар 
құрамының, бітірушілер мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріле 
отырып анықталды [109]. 


40 
5В011900 –«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша білім 
алушыларды даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты: 
- Білім 
алушылардың 
қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық 
даму 
заңдылықтарын, Қазақстан тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, 
мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел 
тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді, іскерлікті меңгеруін; 
Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі 
мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиеленуін 
қамтамасыз ету; 
- Елдің ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес 
халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отан 
сүйгіштік рухында тәрбиелеу;
- білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім 
беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, 
сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған 
кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық 
талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары педагогтарды даярлау;
5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы шеңберінде кәсіби 
білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияларды меңгеруді қамтамасыз ету. 
5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі бакалаврының құзыреттері 
Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасын тамамдаған кезде (4 жыл, 
бакалавр) бітіруші төмендегі құзыреттерді меңгергенін көрсетуі қажет:
- командада өз ойын нақты жеткізеді, жаңа шешімдерді нәтижеге сәйкес 
ұсынады (ОН12); 
- топта жұмыс істеуге қабілетті, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра 
біледі, қақтығыстарды шешуде өз көзқарасы мен идеалдарын жақтауда жоғары 
сенім көрсетеді (ОН13); 
-қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды 
түсіндіреді (ОН14); 
- қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық 
риторика және конфликтология саласындағы білімдерді қолданады (ОН17); 
- конструкциялық диалог ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын
нұсқауларға сәйкес жүзеге асырады (ОН18); 
- көпмәдениетті, көпэтикалы, копконфессионалды қоғамдағы қарым-
қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты (ОН19); 
- шет тілін оқыту үдерісінде заманауи білім беру әдістемесін және 
технологиясын қолданады (ОН20); 
-шетел тілі мен ана тілінің тілдік құбылыстарына қатысты өз бетінше 
зерттеу жүргізу және лингвистикалық және стилистикалық талдаудың негізгі 
әдіснамасы мен сипаттамасын біледі;(ОН24); 
-білім беру үдерісінде креативті және жан жақты ойлай алатын тұлға 
қалыптастыру қабілеттілігі(ОН25);
-сын тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды генерациялауға 


41 
қабілетті(ОН26); 
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы Білім берудің барлық
деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты іске асырылуда. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 
қазандағы №569 бұйрығына сәйкес елімізде педагогикалық ғылымдар 
бағытында келесі мамандықтар бойынша мамандар даярланады (Кесте 5).
Кесте 5. Қазақстан Республикасында Педагогикалық ғылымдар бағыты 
бойынша мамандықтар тізбесі (2018) 
Білім беру саласының коды 
және атауы 
Даярлау бағытының коды және атауы 
Халықаралық 
стандарттық білім 
беру жіктеуішіндегі 
код 
Жоғары білім беру – бакалавриатта даярлау бағыты 
6B01 Педагогикалық 
ғылымдар 
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша 
мұғалімдерді даярлау 
0114 
Бұл тармақшада қарастырылған болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін 
даярлаудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу білім саласы озық 
елдердегі үздік педагогикалық теория мен практиканың дамуының 
жетілдірілген негізгі идеяларын, заңдылықтарын талдауға, олардың 
педагогикалық тәжірибесінің теріс және оң аспектілерін анықтауға және 
шетелдік тәжірибені қазақстандық білім беру жүйесіне пайдаланудың 
мүмкіндіктерін айқындауға жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет