72
табылатындығы, ал білім алушы әрекет жасау объектісінен әрекет субъектісіне
ауысып, осының негізінде педагогикалық кәсіп құндылықтары айқындалатыны
көрсетілген. Олар: - білім алушының тұлғасын, оның құқығы мен бостандығын
құрметтеу; - басқа сенімдерге, әлем мен дәстүрлерге деген көзқарастарына
толеранттілілік білдіру; - мәдени алуан түрлілігіне ашықтығы; - икемділігі,
бейімделу қабілеті, эмпатияға деген қабілеті; - тұлға құндылықтарын, тіл мен
коммуникацияны түсіну; - өз бетімен білім алу, талдамалық және сыни ойлау
дағдылары; -коммуникативтік және тілдік дағдылары; - ынтымақтастық
дағдылары, дауларды шешу қабілеті.
Жоғарыда аталған педагогикалық кәсіптік құндылықтар талаптарының
негізгі міндеттері - жоғары дәрежелі коммуникативтік құзыретті,
коммуникативтік мәдениетті, сапалы педагог кадрлар дайындауды мақсат еткен
білім берудің сапасын жақсартуға бағытталған. Демек, берілген міндеттерді
шешу үшін жоғары мектепте қойған мақсаттарын жүзеге асыруға қабілетті,
шығармашылық ойлау қабілеті дамыған, коммуникативтік мәдениетін жүзеге
асыра алатын болашақ ағылшын тілі мамандар даярлау мәселесі туындайды.
Кәсіби стандартта педагогтың бес еңбек қызметі белгіленген: 1) оқыту; 2)
тәрбиелеу; 3) әдістемелік; 4) зерттеушілік; 5) әлеуметтік-коммуникативтік.
5-ші еңбек қызметі аясында «Әлеуметтік - коммуникативтік: кәсіби
қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара
әрекеттесуді жүзеге асырады» деп көрсетілген. Әрі оның мазмұны бойынша:
іскерлік пен дағдылар: өз бетімен білім алушыларды қосымша білімге тартады;
өз бетімен білімнің стейкхолдерін біріктіретін инновациялық ойларға
бастамашылық етеді (әр түрлі шығармашылық бірлестіктер, ассоциациялар
және т.б.) деп анықталса, білім: кәсіптік коммуникация мен коммуникацияның
психологиялық негіздері; кәсіптік қоғамдастықтағы, оның ішінде желілік
қоғамдастықтағы ынтымақтастықтың әдістері, түрлері; әр түрлі әлеуметтік
топтармен әрекеттесу әдістері мен түрлері (сыртқы білім стейкхолдерлері);
кәсіптік көшбасшысының негіздері ретінде мазмұндалған.
Достарыңызбен бөлісу: