Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет29/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
5c152369b2040ab6348b7da0c60eb71a

*Бодау – бір нәрсенің төлемі, өтеуі.
массагет тайпалары арасында дайлардың болғанын атап өтеді. 
Парсылар оларды дахтар дейді. «Ригведеге» сәйкес, үнді-арий 
құжаттарында бұл халық дайтия, данав, даса, дасью деп аталады.


234
Теңіз аттарының қылшықтары алтын және олардың ауыздарын-
да жады тас болады. Айғырлар судан шыққанда, бұл тасты биік 
жерге, төбеге қояды. Адамды көрсе, теңіз аттары бірден суға шо-
мып, ғайып боп кетеді. 
Башқұрттардың байұлы руының арғы атасы теңіз аттары деп 
есептеледі. Баяғы заманда Күшлік деген бір жігіт өзінің саят 
сұңқарын теңіз патшасының бірнеше атына айырбастайды. Су-
дан қанатты Қара Жорға бастап бір үйір теңіз жылқысы шығады. 
Осы қанатты тұлпар лар жігіттің қолын сұлу қалыңдыққа жет-
кізеді, екеуінен байұлы руы тарайды. 
Кейбір мифтерде аттар айдаһарларға туыс болып келеді. Теңіз 
аттары айдаһарлардың бейнесі деп саналған, тұрқы биік барлық 
арғымақтар ертеде айдаһар ретінде қабылданған. 
Бағзыдағы қытай жазушылары Чжан Цзинь мен Ли Бо сақара 
көшпелілерінің теңіз аттары жайында: «Алыстағы Батыс жақта 
(Ұлы Далада) айдаһарлардай алып денелі қанатты керемет аттар 
мекендейді», – деп әңгімелейді.
Юечжи еліндегі үңгірлерде 
Арғымақ аспан тектес келді өмірге. 
Арқасы теңбіл-теңбіл жолбарыстай, 
Айдаһар қанаты бар денесінде …» –
деп жазады ақын Ли Бо.
Суда туған жылқылар жайындағы аңыз сақараның сан түрлі 
аймақтарына мағлұм. Мысалы, Күше шаһарында (VII ғасыр) бір 
ғибадатхананың алдында «айдаһарлар көлі» болған. Өздерінің 
кейпін өзгерте отырып, осы айдаһарлар кәдімгі биелермен 
будандасқан. Олардан тараған ұрпақтар – қолға үйренуі қиын, бас 
білмейтін тарпаң асау, жабайы жылқылар.


235
Жылқышы мен айдаһар
ір елде жалмауыз айдаһар пайда болып, жылына бір рет
шаһарға келіп құрбандығын алып кетіп тұрыпты. Шаһар
халқы жыл сайын оған он қой мен беті ашылмаған пәк қыз-
ды беріп отыруға мәжбүр еді. Айдаһарды қалай жеңудің жолын 
білмей, дымы құрыған хан осы жөнінде арнайы жарлық шығарған 
болатын. Онда жаңа туылған әрбір нәресте қыз он сегіз жасқа 
толған соң айдаһарға құрбандыққа тартылуы тиіс делінген.
Міне, тағы да айдаһардың келетін мезгілі тақап қалды. Осы 
бір жойқын аждаһаға жұрттың шамасы жетпей, өлтіре алмай-ақ 
қояды. Онымен шайқасам деп талай-талай ерен батырлар ажал 
құшты. Бұл жолы ханның өз қызы, батырдың сүйген қалыңдығы 
сондай құрбандыққа айналуы керек еді. Жарлықты өзі шығарған 
хан оны орындамай да тұра алмады, әрі іштен шыққан баласын 
мына обыр жалмауызға беруге де қимады. Бір күні хан болашақ 
күйеу баласына не істеу керектігін ақылдаспаққа келеді. 
– Бір амалы жоқ па, не істейміз? Мына бәледен құтылатын күн 
бола ма? – деп қайғырады ол.
Жауларын жайратып, жеңіп жүрген жылқышы батыр бұл жал-
мауыз айдаһар ханға ғана емес, бүкіл халыққа қасірет шектіріп 
тұр-ау деп ойланып қалды. Сол арада ол өзінің батыр атын көтеру 
үшін:
– Айдаһарды жеңеміз! Көзін жоямыз! – деп айқай салды. 
Хан оның мынадай жауабына риза болып, күйеу баласы ешбір 
шайқаста беті қайтпайтын нағыз батыр екен деген ойға қалады. 
«Егер айдаһар келсе, оған қарсы тұратын күйеу балам бар» деп, хан 
құс жастықта алаңсыз жата береді.
Тап осы кезде жылқышы ханның алдында қызбалықпен бөсіп 
кеткендігіне қапаланып отырған. Ол «Қылышпен шаба білемін, 
аттың құлағында ойнаймын. Зәулім қарағайды түп-тамырымен 
жұлып аламын. Бірақ тілсіз айдаһарға не амал қыламын, оны 
қалай жеңемін? Білмеймін-ау» деп дағдарды.



237
Осынау үрейлі ой маза бермей, жылқышы айдаһардан зәресі 
ұшып, не де болса қашпаққа бекінді. Ешкім көріп қалмасын деп, 
семсерін беліне байлап, түнде жеңіл киіммен ғана үйінен асығыс ат-
танды. Таң сібірлеп атқанша, түні бойы жүрді.
Шаршап, қарыны ашқан ол жалпақ сақарадан жанына сая таба 
алмай торықты. Кенет анадай жерде өсіп тұрған зор бәйтеректі көрді: 
«Осы бәйтеректің басына шығып, бұтағының арасында күннен 
көлеңкелей тұрайын, түнде қайтадан жолға шығамын», – деп ойла-
ды жылқышы. Сөйтіп, ол ағаштың ең ұшар басына шықты. 
Таңертең хан күйеу баласын шақыруға әмір етті. Бірақ ол 
үйінде болмай шықты. Хан тығырыққа тірелді. Амалы құрыған 
ол, ақыры, жазмышқа мойынсұнып, айдаһардың аранына апарып 
салуға он қой мен өзінің қызын дайындауға бұйырды. Сөйтіп, хан 
бастаған бір шоғыр топ айдаһар күтуге тиісті жерге келе жатты. 
Айдаһардың мекені, құдіреттің бұйрығымен, жылқышы ба-
сына шығып, жапырақтарын саялап ұйықтап отырған бағанағы 
бәйтерек болып шықты. У-шудан шошып оянған ол жылап-
сықтаған адамдарды көрді. 
– Әне, әне, қыбырлады, – деген дауысты естіді жігіт. 
«Бұлар мұнда неғып жүр?» – деп ойлаған ол төңірекке қарап 
еді, алғашында ештеңе көрмеді. Есесіне тура өзінің астынан 
тек жорғалағыш мақұлықтар ғана шығара алатын ысылдаған 
ысқырықты естіді. Төменге қараса, сұмдық-ай, өзі күннен 
саялаған бәйтеректің дәл түбінде аузынан жалын лақылдатқан 
қорқынышты айдаһар жатыр.
Аждаһа қозғалып қалғанда жылқышының зәресі ұшып, қал-
тырап, қалбалақтап кетті. Теңселе бере қармаған бұтағы да сы-
нып, жылқышы ағаштың басынан айдаһардың дәл арқасына топ 
етіп құлап түсті!..
Өмірінде мұндайды бастан кешпеген айдаһар да қатты шошып, 
елеуреп, өзінің алып құйрығымен жерді соққылай бастады. Оның 
алапат ысқырығынан қара жер қақ айырылғандай болды. Жер-
ге құласа құритынын білген жылқышы аждаһаның арқасына тас-
тай қатып, айырылмады. Шабандоз атбегілігі, аттың құлағында


238
ойнайтыны, ерде құйып қойғандай нық отыратыны осы арада ере-
сен көмектесті. 
Осының бәрін тамашалап тұрған хан мен шаһар халқы: 
«Құдайым-ай, мұнау неткен көзсіз ер! Неткен ер жүрек батыр!» 
– деп таңқала сүйсінді. Біреулері: «Қылышпен шап!» – десе, екін-
шілері: «Найзамен түйре!» – деп айқайлады. Үшіншілері: «Балта-
мен басынан шап!» – деп кеңес берді. Айдаһарды ерттеп мінуге ша-
масы жеткен ер енді ешкімнен ақыл сұрамайды деп ұйғарғандар 
да табылды. Олар бұл қызықтың немен аяқталатынын көруге 
құлшынды. 
Ал, тағдырдың бұл ісіне көндігіп, еті үйрене бастаған 
жылқышының үрейі тарқап, бір кезде айдаһардың басындағы 
айдарынан шап беріп ұстай алды. Сөйтуі мұң екен, айдаһар ты-
ныштала қалды. Айдаһардың жаны, өмір тынысы оның айдарын-
да болып шықты... Жылқышы айдардан ұстап қысқанда айдаһар 
тынышталып, ал босатса, құтырынып, құйрығымен жерді соға бас-
тайды. Жылқышы енді батылданып, айдаһардың айдарынан тар-
тып, қос бүйірден қылыштың қырымен ұрғылады. 
Ақыры, айдаһар үйретілген аттай жуасыды. Айдарды тіз-
гін қылып ұстаған жылқышы аждаһаның бүйірінен қылышпен 
қамшылап, топталған жұртқа жақын келіп, ханнан:
– Әлгі жалмауыз айдаһарыңыз осы ма еді? – деп сұрады. 
Хан сілейіп, не жауап берерін білмей, тілі байланып қалды. 
Жұрт ұлан-асыр қуанышқа бөленіп, ержүрек батырды мадақтап, 
той жасады. Ханшайым оның әйелі болды. Осылайша қарапайым 
жылқышы айдаһарды ауыздықтап үйретіп, теңдессіз ерлікпен 
даңқы шығып, ұлы батыр атанды. Қолымен айдарынан тартып, 
қылышымен құйрығынан піскілеп, ол аждаһаны әбден жуасытып, 
қолға үйретіп алды.
Бұл оқиға өте ерте заманда болған екен.


239
Бес түлік малдың
иелері туралы
Ерте замандарда қазақтар әр түлік малдың өз алдына бөлек-бөлек 
«бақташы иелері» бар деп сенетін. Қойдың «Шопан ата», түйенің 
«Ойсыл қара», сиырдың «Зеңгі баба», жылқының «Қамбар ата», 
ешкінің «Шекшек ата» деген «иелері» бар деп нанатын. Бұлар ту-
ралы көркемденген әңгімелер айтатын. Мысал үшін жылқы піріне 
арналған төмендегі жырды келтірейік:
Қамбар атаға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет