Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет1/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
5c152369b2040ab6348b7da0c60eb71a

Untitled-1

ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН
МИФТЕРІ


Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған
Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт
министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр
Жанайдаров О.
Ежелгі Қазақстан мифтері. Қазақстан балалар энциклопедиясы. 
– Алматы: «Аруна» баспасы, 2006. – 252 бет.
ISBN 9965-26-074-5
Қазақ жəне орыс тілдерінде балалар мен ересектерге арналып жазылған 
көркем суретті «Ежелгі Қазақстан мифтері» атты кітап ерте замандарда 
Орталық Азияны мекендеген көшпелі халықтардың мифологиясы мен дініне 
арналған. Автор ежелгі Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтар ұстанған 
Тəңірге сыйыну діні (тəңіршілдік) туралы ұғынықты да тартымды баяндайды.
Бұл кітапта есте жоқ ескі замандарда скифтер, ғұндар, ежелгі түркілер 
мекендеген Енисей аңғарларынан Украина мен Венгрия алаптарына дейінгі 
ұлан-асыр атыраптағы Ұлы Даланың көне ертегі-аңыздары да жинақталып, 
өңделіп, түсіндірілген.
ББК 82.3 (5 қаз)
Барлық құқығы қорғалған. «Аруна» баспасының жазбаша рұқсатынсыз 
кітаптан үзінділерді, суреттерді көшіріп басуға болмайды.
Ж 4803250104
00(05)-05
ISBN 9965-26-074-5
© «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006
ББК 82.3 (5 қаз)
Ж 26
Ж 26


Миф
шежіресі


4
Құрметті оқырман! Біздің баспамыз сөрелерде көздің 
қарашығындай сақталған қолжазбалардың қазыналы қорынан сіз-
дерге тағы бір тарту ұсынуды ұйғарды. Осы жолғы кітабымыз Ұлы 
Даланың – Қазақстанның байырғы атамекен жерлерінің мифтері 
жайында.
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүние-
лері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үш жанрға жік-
теледі. Бұл жанрлардың ортақ сипаттары көп-ақ, дегенмен, 
оларды бір-бірінен бөлектеп, өзгешелеп тұратын бірқатар 
ерекшеліктері де баршылық. 
Сіздердің әрқайсыларыңыз балалық шақтарыңызда таң-
ғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдыңыздар. Ертегі-
лер – тұнып тұрған қиял-ғажайыптар: жануарлар адамша 
сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлар-
мен, жын-перілермен және басқа да халық қиялы тудырған 
жалмауыз-құбыжықтармен шайқасады.
Аңыздар нақты тарихи оқиғаларға негізделеді. Біздің 
байырғы баба жұртымызға соғыс сала келген қаһарлы парсы 
патшасы Кирді тас-талқан етіп жеңген сақ патшайымы То-
мирис туралы аңыз – соның мысалы.
Ал ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айыр-
машылығы, мифтердің мазмұнында ертедегі халықтардың 
жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-түсініктері 
көбірек ұшырасады. Бұған мысал ретінде жердің жара-
луы жайлы немесе барлық тіршілік атаулының «әлемдік 
жұмыртқадан» шығуы жайындағы көне үнділік мифті, бол-
маса жер жүзін топан су басуы туралы мифті келтіруге бо-
лады.
Алғашқы мифтер өте бағзы замандарда пайда болған, 
содан әрбір жаңа мыңжылдық сайын қарапайымнан 
күрделіге қарай сатылап даму дәуірлерін өткерген. Мифтер
Миф дегеніміз не


5
– адамдардың дүниетанымының көрінісі. Солар арқылы 
жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мыңдаған 
жылдар бұрынғы түсінік, көзқарастар бізге жетіп отыр. Олар 
неліктен күндізді – түн, жазды – қыс алмастыратынын, неге 
күн күркіреп, бұршақ жауатынын, найзағай жарқылдап, 
жер бетінде су тасқыны мен басқа да табиғат зілзалалары бо-
латынын бейнелі түрде түсіндіреді.
Ертедегі адамның санасы мифологиялық сипатта болған. 
Сол замандарда табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін абыз-
дар мифтерді пайдаланған (мұндай білімдарлық ғұлама абыз-
дарда ғана болған), мифтік бейнелер арқылы жаратылыстың 
сырлары мен шығу тегін ұғуға тырысқан. Сондықтан мифтерде 
бағынбағандарды жай оғымен жайрататын құдайларға үлкен 
мән беріледі. Алайда адамдарға көмектесетін, оларды кесір-ке-
сапаттан құтқарып, отпен жылытатын мейірімді құдайлар да 
кездеседі. Айталық, адамдарға от сыйлаған ежелгі түркі Про-
метейі – Надулуша нақ осындай.
Табиғат пен тіршілік – адам қиялының қайнар көзі. 
Әдетте, кез келген миф тарихи тәжірибеге, адамның әлдебір 
бастан кешкен іс-әрекетіне негізделіп құрылады. Мифтерде, 
әсіресе, өткен күндердің шын мәнісіндегі тарихи оқиғалары 
маржандай тізіліп, сабақтаса баяндалады. Сол себептен де, 
жекелеген халықтардың тарихын зерттеу орайында мифо-
логия бірде-бір өнер теңдесе алмайтын құрал болмақ.
Мифтерде халықтың шынайы тұрмыс-тіршілігі де, адам-
дар арасындағы өзара қарым-қатынастар да көрініс тапқан. 
Ертедегі көшпелілер өздерінің төрт түлік малын отарлап, 
үйірлеп, табындап, өрістен-өріске айдағанда, түнде ұлан-
ғайыр дала аспанының жұлдыздарына көз тігіп, осынау 
ұшы-қиырсыз кеңістікте бағыт-бағдар алған. Сонымен бірге 
оларға өздерінше ат қойып, айдар таққан: Темірқазық, Аспан 
қайығы, Жетіқарақшы, Үркер, Есекқырған... Осылайша 
әлемнің сыр-сипатын, құрылымын мифологиялық тұрғыдан 
түсіндіре отырып, адамдардың өмір сүруіне көмектескен.


6
Кейбір тарихи тұлғалар әдеби немесе ғылыми шығар-
маларда мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше бо-
латын жағдайлар да кездеседі. Қорқыт, Алаша хан бейнелері 
осындай. Олардың өмірде шын болғандығына кейбір зерттеу-
шілер үлкен күмәнмен қарайды. Себебі, олардың есімдері та-
рихи шежірелерден табылмай отыр...
Тілдің киесі арқасында мақал-мәтелдер арқылы жетіп, 
қазіргі күнделікті өміріміздегі әдет-ғұрып, салт-жоралар-
да сақталған мифологиялық айшықтар қайран қалдырады. 
Көптеген қанатты, нақыл сөздер, тіркестер мен оралымдар 
бізге алыстағы тарихи һәм мифологиялық дәуренімізден ке-
ліп жетіп, тілімізге сіңісті болған. Күнбе-күн, сәт сайын тілі-
мізге оралатын сол сөздердің мағынасының ежелгі төркініне 
кейде ой жүгіртіп те жатпаймыз.
Қымбатты оқырмандар! «Ежелгі Қазақстан мифтері»
кітабы сіздерге көне мифтер мен аңыздарды зерделеп, көш-
пелі бабаларымыздың бағзы мәдениетін байыптап түсінуге 
көмектеседі. Ендеше, қисапсыз мифтер, ертегі-аңыздар 
– көне заманның қиял-ғажайыптары күтіп тұрған саяхатқа 
аттанайық!
Ежелгі Алтай – қазіргі Қазақстанның шығыс аудандары 
мен Ресей Федерациясының Алтай республикасы орналасқан 
жерлер – көптеген халықтардың, әлбетте, ең алдымен, 
түркілердің ата жұрты, кіндік кескен Отаны. Ал енді осы 
ежелгі алтайлықтар кімдердің арғы тегі, бабасы болғанын 
қалай анықтау керек?
Ертедегі тарихты және тілді зерттеуші ғалымдар тіл білі-
міндегі салыстырмалы-тарихи әдіске сүйене отырып, көптеген 
тілдердің бастау бұлағы ретінде алтай ата тілін немесе көне ал-
тай тілін алға тартады. Түркі, монғол, тұнғыс-манчжур, корей 
және жапон тілдері, Орал аймағы тілдерінің үлкен әулеті көне 
Ежелгі Алтай мифтері


7
алтай тілінен тамыр тартқан деп есептейді. Мұндай жорамал 
жасауда әр тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматика-
лық бірліктерін салыстыру, талдау арқылы дәйектелген тіл-
дік деректер негізге алынған. Мысалы, «қол» сөзі түркі тіл-
дерінде – «қол», монғол тілінде – «гол», маньчжур тілінде 
– «голо», корей тілінде – «кол» деп қолданылады, т.с.с.
Көне алтай тілі көптеген тілдердің, солардың ішінде, ең 
әуелі түркі тілдерінің түп атасы болғандықтан, ежелгі ал-
тай аңыздары да түркі халықтары аңыздарының ішіндегі ең 
көне, бағзысы болып табылады. Бұл жайт, ең алдымен, алтай 
аңыздарында тұрақты кейіпкерлер ретінде Аспан құдайы 
– Тәңір, Үлкен Тәңір, Ұмай-Ана, Еркілік сайтан, Майтөре 
мен Маңғышөре дәулер және басқаларының көрініс табуы-
нан байқалады. Бұлар ара-кідік басқа түркі және монғол тек-
ті халықтардың мифологияларында, аңыз-ертегілерінде де 
кездесіп тұрады. Алайда ежелгі алтай аңыздарында олар бір-
біріне дос пейілдегі немесе өзара жауласып жүрген құдайлар 
бейнесінде әуел бастан сіңісті болған.
Ежелгі алтай аңыздары ерте замандағы түркі халық-
тарының мәдениет тарихы, фольклоры, әдебиеті, діни та-
нымы, пәлсафасы мен мифологиясы орайындағы неғұрлым 
толық әрі аса құнды деректер көзі болып табылады. Ал ең бас-
тысы, біз үшін аса қызығушылық тудыратын себебі, ежелгі 
алтай аңыздары тәңіршілдік діні жөніндегі түпнұсқа, бас-
тау бұлақ екендігі. 


Тәңірдің жаралуы туралы 
миф
ағзы замандарда Ұлы Дала- 
ны мекендеуші көшпелілер
Көк Құдайы – Тәңірге сен-
ді. Осыған орай олардың ұстанған 
діні тәңіршілдік деп аталады.
Тәңір дүниедегі жан иелерін 
жаратушы, барлығына тіршілік 
лебін үрлеуші Бас Құдай
делінеді. Бірақ Тәңір
пайда болғанға дейін 
ғаламды бұлдыраған 
тұман, буырқанған 
мұхит басып жат- 
қан. Бабаларымыз-
дың, ежелгі түркі-
лердің, мифтерінесү 
йенер болсақ, іздің
әлеміміз осы мұхиттан 
жаратылған. 
Ол былай суреттеледі: 
«... Баяғыда көк те, жер де бол-
маған, тек бір ғана шетсіз-шек-
сіз мұхит болған. Күндердің бір 
күнінде мұхиттың ортасында Ақ 
Жарық көрініп, одан нұр шашқан 
алтын жұмыртқа шыққан. Оның 
ішінде күллі әлемнің болашақ түп 
атасы Тәңір жаралған.



10
Тәңір өте ұзақ, миллиондаған жылдар бойы ұйықтады. Ақыры, 
бір күні оянды да, жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шықты. 
Жұмыртқаның үстіңгі жағынан Көкті жаратты, ал төменгі бөлігі-
нен Жерді жасады. Көк Жерге құлап кетіп, жер жүзінде тағы да 
аласапыран орнамас үшін Тәңір олардың арасына асатаяқ – те-
мір қазық қойды. Ол Аспан таяғы – Темірқазық жұлдызы. Тәңір 
Темірқазыққа Көк жүзін айналып жүретін аспан арғымақтарын 
– жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды байлап тастады».
өк пен Жерді жаратып, оларды бір-бірінен ажыратқан соң, 
Тәңір өмірге ұрпақ келтіру үшін өзі еркек пен әйелге бөлінді. 
Құдай-әйелді Ұмай Тәңір деп атап, оны Сумер тауының 
ұшар басына, сүтті көлі (Сүткөл) бар Аспан тауының қия шыңына 
қондырды.
Көк жүзінде жол қалдыра сарқырай ағып, Сүткөлге құятын 
жұлдыздар жолы, Құс жолы – осы Ұмай Тәңір-Ананың сүті.
Тәңірдің құдіреті мен күш-қуаты шексіз, оның аузынан шыққан 
әрбір сөз ақиқатқа айналып, жүзеге асты. Екпіні тау тұрғызып, 
теңізді толтырды. Демі жел мен бұлттарға, дауысы күннің 
күркіреген дабылына айналып, оң көзінен Күн, сол көзінен Ай жа-
ратылды. Жерге нөсер, жаңбыр жіберіп, найзағай шатырлатып, өзі 
жаратқан Құдайлар мен адамдардың өмір сүруіне бөгет жасайтын 
жын-шайтандарды жасынмен (найзағай) соғып жайратты.
Тәңір – ең жоғарғы Құдай. Басқа Құдайлар оның әмірін екі ет-
пей, ықтиярына бағынды. 
Адамдардың да тағдыры Тәңірдің қолында, олардың қашан 
туып, қалай өмір сүретіні және қай кезде өлетіні тек оған ғана 
мәлім. Ешбір адам Құдайдың талқысынан, Тәңірдің тезінен 
құтылып кете алмайды. Өйткені, Тәңірге беймағлұм құпия жоқ. 
Тәңір бәрін көреді, бәрін біледі. Ал адамдарды ақиқат жолына са-
лып, әрі сынау үшін ол Жер бетіне өзі қалаған пайғамбарларын жі-
береді. Сондықтан Адам өзінің барлық тілеулері мен құлшынысын 
Тәңір – ең жоғарғы Құдай


11


12
Көк Құдайы – Тәңірге деген сенімімен үйлестіруі керек. Адам барлық 
жағдайда Көк пен Жердің иесі, Әлемнің иесі – Мәңгілік Тәңірдің еркіне 
бағынышты. Адам Тәңірге құлшылық етіп қана бақытты бола алады.
т – Ұмай Тәңір-Ананың адамға сыйлаған жылуы мен 
ризығын бейнелейтін құдірет (ежелгі түркілер солай деп 
санаған). От түркілерде (баяғы заманда да, қазір де) әулие ре-
тінде қастерленіп, қасиет тұтылады.
От-Ана құдайы Ұмай Тәңір-Ананың табанынан жаралған. Оның 
әкесі – құрыш, шешесі – шақпақ тас. От-Ана адамның үйінде, 
ошағында өмір сүреді. Адамдардың жаратылып, өмірге келуі От-
Ананың желеп-жебеуімен болады. Түркі халықтарында әйелдер 
балаларының өмірін сақтап, отбасын бақытсыздықтан қорғап-
қоршап жүруі үшін От-Анаға сыйынып, жалбарынатыны осыған 
байланысты.
Мифке сәйкес, отты ағаштан бірінші болып шығарған Надулу-
ша пайғамбар немесе Надулу шад, яғни Надулу ханзада немесе бек. 
Отқа түкіруге, қоздап жанып жатқан шоқты басуға, ошақтағы отты 
өшіруге болмайды.
Қазақтардың отбасында жаңа түскен жас келін алғаш 
табалдырықтан аттағанда, күйеу жігіттің анасы немесе басқа бір 
егде әйел алақанын отқа жылытып, сонымен қалыңдықтың бетінен 
сипайды...
Соғыс кезінде жауынгерлер халқының алдында адал болуға ант 
беру рәсімін өткізу үшін екі жерге от жағып, жас сарбаздарды «екі 
оттың» ортасынан өткізіп, қаруларын сүйгізеді.
Басқа бір елдің елшісін дала әміршісіне (қағанға, ханға немесе 
сұлтанға) кіргізбес бұрын оны да екі оттың ортасынан өткізіп, отпен 
аластайды. Аластау рәсімінен кейін ондай адам жамандық жасай ал-
майды деп саналған. Егер елші жанып жатқан екі алаудың ортасы-
нан өтуге қарсылық етіп қасарысса, онда оның сынақтан өтпегені. 
Мұндай жағдайда арам ниетті адам деп танып, оны өлтіріп жіберуі 
де әбден мүмкін. ХІІІ ғасырда осы ғұрыпқа қатысты қанды оқиға 
От – Ана


13


14
да болған. Орыс князі Михаил Алтын Орда әміршісі Бату ханның 
ордасына кірер алдында аластау рәсімін орындаудан бас тартып, 
сол үшін өлімге кесілген.
әңірдің Қайсар (Гесер), Шыңғыс, Ер-Сайын (Ерен-Сайын) 
атты үш ұлы бар. Бір бүтінді құрайтын үш ағайындыны Үш
құрдас, Үш хан, Үш әмірші деп түрлі есіммен қосарлай атаған. 
Кейде оларды бір сөзбен Телегей деп те айтады.
Ежелгі түркі және алтай мифтері христиандықтан көнерек 
болғандықтан, бәлкім, христиандық Үштік (Троица): Құдай-Әке, 
Құдай-Ұл және Қасиетті Рух осыдан шығуы да ықтимал.
Тәңірдің үлкен ұлы – Қайсар. Әкесі оны адамдардың арасына 
түрлі ерліктер жасауға жіберген. Ортаншысы – Шыңғыс. Бұл есім 
«теңіз» деген мағынаны да білдіреді. Кішісі – Ер-Сайын. Тәңір 
өз ұлдарына көмекші ретінде бүкіл әлемді және ондағы барлық 
істерді басқарып, билеп отырған Үлкен Тәңірді жаратты.
үндіз Күн нұрын төккен, түнде Ай сәулесін шашқан ғалам-
да тоқсан тоғыз әлем бар. Олардың әрқайсысының өзінің 
Күні мен Айы, Көгі мен Жері болады. Жерінің астында Тозақ 
орналасқан.
Ғалам Жоғарғы, Орта және Төменгі әлемдерге бөлінген.
Жоғарғы әлем – Қан (Құрбыстан, Тенгере). Мұндағы жер Алтын 
Телегей деп аталады. Оны Манғызын-Матмас билейді. Манғызын-
Матмасты Үлкен Тәңір бастық қылып қойған. Жоғарғы әлемнің 
тозағы Манғыс-точири-там деп аталады. Тозақтың бас әміршісі 
– Батпан-Қара.
Тоқсан тоғыз әлемнің ортаншысы Эзрен Тенгере деп аталады. 
Онда Бильгейн-кере-атту-Тяран-Мызықай – Аса Құдіретті билік 
Тәңірдің ұлдары
Ғаламның әлемдерге бөлінуі


15
жүргізеді. Ортаншы әлемдегі жер – Алтын Шарқа, ал оның иелігін-
дегі тозақ – Тепкен-қара-там. Мұндағы тозақтың билеушісі – Бат-
пан-Қарақшы.
Біздер, адамдар өмір сүріп жатқан әлем тоқсан тоғыз әлемнің 
ішіндегі ең кішісі және ең төменгісі болып табылады. Ол Қара Тен-
гере (Қара Аспан) деп аталады. Ондағы басты әмірші – Майтөре.
Қара Тенгере әлемі аспанының отыз үш қабаты бар. Олар бір-
бірінен жоғары орналасқан. Бұл әлемнің еншісіндегі тозақ Тап-
тан-қара-таш деп аталады. Тозақта Керей хан, яғни Жауыз билік 
жүргізеді.
ердің қақ кіндігінде әлемдік Сумер тауы (немесе Хан Тәңір) 
орналасқан. Бұл – ежелгі түркілердің Олимпі. Онда құдайлар 
мен біздің ата-бабаларымыздың аруақтары мекен етеді. 
Таудың дәл ортасында Жер мен Көк түйіседі. Олардың тоғысқан же-
рінен алтын бұтақты, алқа жапырақты зор Бәйтерек өсіп шыққан. 
Бәйтеректің ұшар басы Үлкен Тәңір мекендейтін Жоғарғы әлемге 
дейін жетеді.
Сумер тауында Жердің киесі, жер мен судың иесі – Жер-Су 
тұрады. Ол – басты киелілердің бірі.
Сумер тауының ұшар басында Сүткөл бар. Сүткөлдің шығысына 
қарай қызыл сулы үлкен көл орналасқан. Бұл көл жай көзге 
көрінбейді екен. Сол суда Кер Балық, яғни теңіз жануарларының иесі 
тіршілік етеді. Оның ішінде жан-ұрықтар жаратылады. Кер Балық 
қажеттілігіне орай жан-ұрықтарды жер мен судың иесі – Жер-Суға 
беріп отырады. Жер-Су өз кезегінде оларды Жайыққа табыстайды.
Жайық – Көкте тұратын аруақ. Әйткенмен, ол көбінесе Жерде, 
адамдардың арасында жүреді. Үлкен Тәңір оны адамдарды әр түрлі 
қырсық, кесапаттардан, бәле-жалалардан қорғап, сақтау үшін жі-
берген. Жайық – адам мен Үлкен Тәңір арасындағы дәнекер. Се-
бебі, адамдардың Үлкен Тәңірді және басқа құдайларды көзбе-көз 
көруіне болмайды.
Жер–Су


16
Жайық Жер-Су берген жан-ұрықтарды От-Анаға табыстайды. 
Осыдан кейін От-Ананың желеп-жебеуімен тіршілік иелері (адам-
дар, жан-жануарлар) жаратылады.
өкте жол құдайлары, ағайынды екі жігіт Алажол Тәңір 
мен Қаражол Тәңір тұрады. Бұлар көшпелілер үшін өте 
маңызды құдайлар. Алажол Тәңір – таң шапағының, жарық 
күннің ұлы. Қаражол Тәңір – түннің ұлы. Алажол таң сәріден ат-
танып, қараңғылықты түре қуады, адамдарға жарық пен нұр-
шуақ сыйлайды, күш-қуат беріп, өмірлерін ұзартады. Қаражол 
өз бауырының соңынан жүреді. Ол тек түнде ғана сапар шегеді
күндіз жіберілген олқылықтарды түзетеді, науқастарды емдей-
ді, жалқаулар мен жалған айтуға жаны құмарларды жазалай-
ды. Құдайлар Тәңірдің жарлығын орындап, оның ықтияры мен 
әмірлерін адамдарға жеткізіп отырады.
лемді бір-біріне қарама-қайшы екі құдірет билейді. Соның 
мейірімдісі – Үлкен Тәңір және оның мәңгілік бітіспес жауы 
– Еркілік (жамандық құдайы). Бұлардың екеуіне де көптеген 
жын-перілер бағынады. Үлкен Тәңірге ізгі ниетті – ару-немелер, 
Еркілікке қара ниетті – қара-немелер бағынышты.
Үлкен Тәңір – өте ақпейіл әрі мейірбан Құдай. Ол адамға еш 
уақытта жаманшылық жасамайды. Еркілік сайтан – Үлкен Тәңірдің 
мәңгілік қас дұшпаны. Ол адамға қаскүнемдік жасамай тұра алмай-
ды. Кейде адамға қарсы арамдықтарын тоқтатқандай болады да, аз 
уақыттан соң қитұрқысын қайта бастайды. Жер бетіндегі барлық 
бәле-жала Еркілік сайтаннан шығады.
Жолдардың Ақ және Қара 
құдайлары
Үлкен Тәңір мен Еркілік


17


18
ер бетінде әлі адамдар болмаған заманда, яғни олар әлі 
жаратылмаған кезде Үлкен Тәңір теңізде сең сияқты қалқып 
жүрген тоң топырақты және соған жабысқан адам сұлбасына 
ұқсас балшық кесегін байқап қалады. Үлкен Тәңір қалқып жүрген 
нәрседен әлгі кесек балшықты ажыратып алып: «Жаны жоқ бұл не 
нәрсе? Ендеше, бұл есті мақлұхат болсын!» депті.
Сөйтіп, балшық есті мақлұхатқа айналыпты.
Үлкен Тәңір өзінің алғаш жаратқан есті мақұлығына «Еркілік» 
деген ат беріпті. Бұл «батыл, өжет» дегенді білдіреді.
Ал бағанағы суда жүзген сең кесегі Үлкен Тәңір Құдайдың қолы 
тиіп, демі жанасқандықтан, зор балыққа айналып кетеді. Үлкен 
Тәңір оны пель-таймень балығы деп атайды.
Есті болып оянған Еркілік маңайын барлап, Үлкен Тәңірді тауып 
алады. Алғашқыда ол Үлкеннің сенімді досы әрі інісі болды. Бірақ 
шамалы уақыттан кейін оны қара қызғаныш буып, өзін ойша Үлкен 
Тәңірмен теңмін деп есептеп, тіпті одан да жоғары қоя бастады. Бір-
те-бірте менмендікпен: «Егер мен құдай болсам, мақлұхаттарды 
Үлкен Тәңірден жақсырақ жасар едім!» деп те ойлайтын болды. Енді 
Еркілік Үлкенді дүниедегінің бәрін өзінен бұрын бірінші болып жа-
сап-жаратып қойғаны үшін одан сайын күндеп қызғанды. Ақыры, 
Үлкен Тәңір жаратқан барлық мақұлықтарының қас дұшпанына 
айналды.
Еркіліктің өзімен жауласқысы келетінін көрген Үлкен Тәңір (ал 
бұлай істеуге мүлдем болмайтын) өзіне басқа бір дос – Манғышөре 
Алыпты (Мәңгілік Билік, Мәңгілік күш-қуат, Мәңгілік Тақ) жа-
ратты. Ол ылғи қасынан табылып, Еркілік сайтанға қарсы шығып, 
айқасуға тиіс болды.
Еркілік сайтанның, 
Манғышөре Алыптың және 
басқа жан иелерінің пайда 
болуы


19
Манғышөрені жарату үшін Үлкен Тәңір тастан май шығарып, 
содан алынған металдан (шойын мен күмістің қоспасы) Алыптың 
тастан қатты мүсінін бәдіздеп құйды. Осы кесекке ол дем салып
жан бітірді. Жер бетінде Мәңгілік билік пен Мәңгілік күш-қуат – 
Манғышөре Алыптан асқан құдірет иесі болмады.
дам тән мен жаннан тұрады. Адам жанының тіршілік етуі 
үшін төрт қасиет қажет. Бұл қасиеттер құт, юла, тын және 
сұр болып табылады.
Құт – адамның болмысы басталатын ұрық, адамның тіршілігіне нәр 
беретін өмірлік қуат. Құт аспанның тоғызыншы қабатында, Үлкен 
Тәңір мен оның балаларының қасиетті қайыңының бұтақтарында 
жапырақтар сияқты салбырап тұрады. Біреу туатын кезде құт 
Тәңірдің еркімен қасиетті қайыңнан үзіліп түсіп, мұржа арқылы 
үйге кіреді. Сол уақытта-ақ Тәңір жаратылатын адамның болашақ 
тағдырын айқындап қояды.
Адамның құтын көкте жаратушы – Ұмай. Ұмай жаратқан құт 
От-Ананың көмегімен әйел-ана құрсағына еніп, қызыл құрттың 
кейпіне кіреді. Содан бастап ұрық табиғи өсіп-өну жолымен кәдімгі 
адам бітәнасына ауысады. Құтпен бірге Жерге Ұмай да түсіп, оны 
тіпті ананың құрсағында жатқанынан бастап, жарық дүниеге кел-
геніне дейін желеп-жебейді. Толғақ кезінде де баланы өзіне қарай 
тартып, тууына бөгет жасаушы Еркіліктің жын-шайтандарымен 
айқасқа түсіп, нәрестенің өмірге келуіне жәрдемдеседі. Одан ке-
йін де Ұмай Тәңір-Ана баланы күзетіп қана қоймай, оны күтеді, 
бетін жуады, кірпіктерін тазалайды. Оны ойнатып, тәрбиелейді, 
өзінше сөйлеседі. Олар бір-бірін жақсы түсінеді. Ұмай Тәңір ұдайы 
баланың қасында болып, ол жүріп, жүгіріп, ең бастысы, сөзді 
түсініп, еркін сөйлей бастағанға шейін, яғни бес-алты жасқа кел-
генше қамқорлығына алады. Содан соң барып, баланың Ұмаймен 
қатынасы үзіліп, әрі қарай ол өз бетімен өседі.
Жануарлар мен өсімдіктердің жан-ұрығы да құт кейпінде 


20
және одан әрі оның тіршілігіне нәр беретін өмірлік қуат ретінде 
қабылданады.
Юла дегеніміз де – құт сияқты адамның тіршілігі үшін қажетті 
қасиеттің бірі. Оның адам тәнінен шығып адасып, қайтып бармай-
тын кезі де болады. Адамнан ажырағаннан кейін ол кеңістікте, ер-
кіндікте өмір сүреді. Бұл уақытта оның иесі ұйқы ауруынан азап 
шегеді: қайда отырса, сонда ұйықтап кетеді. Дүниені кезіп жүргенде 
юла жын-шайтандардың қолына түсіп, олар оны жеп қоюы да 
мүмкін. Мұндай жағдайда юланың иесі ұзақ та ауыр сырқатқа 
шалдығады. Мұның арты тіпті адамның жер бетіндегі тіршілігінің 
тоқтауына әкеліп соғуы да ықтимал. 
Тын – рухани қасиет. Тын – тыныстау қабілеті. Ол адамға, 
малға, аң мен құсқа, өсімдікке тән. Тек тасқа ғана мұндай қабілет 
берілмеген.
Өсімдік әлемінде тын «өсу қабілеті» ретінде қабылданады. 
Оның тыны (тіршілігі) толассыз әрі мәңгілік. Өйткені, тамыр жерде 
қалып, өсімдік өзінің болмысын мәңгілік сақтай алады. Сондықтан 
аса зәрулік болмаса, ағаштарды кесіп, шөпті жұлып, оларға азап 
шектіруге болмайды. 
Сұр дегеніміз – адамның бет-бейнесі, келбет-кейпі. Бейнелеу, 
кескіндеу мағынасындағы «сурет» сөзі сұр сөзінен шыққан (сұр 
келбет, бет-әлпет деген мағынаны береді). Сұр жануарларға да тән.
Сұрдың адамнан ажырауы Ұмайдың еркімен болады. Өзінің 
мұндай ерік-қалауын Ұмай Үлкен Тәңірдің «Савбыр битиг» кітабы-
на жазады. Егер сұр адамнан ажырауға тиіс болса, онда кітаптағы 
жазу қараға айналады. Сұрды адамнан ажырата отырып, Ұмай 
сол арқылы оның жердегі тіршілігінің тәмамдалуына жол аша-
ды. Сұр енді адамнан тысқары өмір сүріп, құдды оның ажалының 
көлеңкесіндей болады.
Сұр адамның жан тәсілім етуінен жеті немесе он жыл бұрын 
ажырап кете алады. Адам өлгеннен кейін оның сұры сол адамның 
жерде тіршілік етуіне құт жіберген иесіне қарай жол тартады.
Адам жаны – суна. Адам жанын о баста Еркілік сайтан жасап, 
Үлкен Тәңір мен басқа құдайлардың қарсылығына қарамастан, 


21
адамға дарытқан. Иесі өлген сәтте суна (жан) денеден шығып, жер-
легенге дейін марқұмның үйінде қалады. Сунаның қасында болуына 
орай, марқұм айналасында болып жатқан нәрселерді түсініп, біліп, 
айтылған сөздерді естіп жатады. Ал жерленгеннен кейін марқұмның 
жаны біршама уақыт үйде жүре тұрып, сосын Еркіліктің талқылы 
сотына барады. 
лкен Тәңір Еркілік пен Манғышөреден басқа да көптеген 
жан иелерін жаратты. Оларды өзіне қызмет еткізіп, әлемдерге 
бөліп орналастырды.
Үлкен Тәңір адамдардың сүйектерін қамыстан, денелерін балшық-
тан жасады. Содан соң олардың құлақтары мен мұрындарына дем 
үрледі. Үлкен Тәңір құлаққа үрлеген кезде құдайдың демімен 
адамның денесіне жан кірді. Ал мұрнына дем жібергенде адамның 
басына ақыл-ес орнықты. Сөйтіп ақыл-ойы бар тірі адам, тіршілік 
иесі пайда болды. Үлкен Тәңір осылайша жеті еркекті дүниеге кел-
тірген.* Оған қоса сонша ағаш жаратты.
Адамдарды жаратқан соң Үлкен Тәңір сол жерден кетпей тұрып, 
бетін шығысқа бұрды. Шығыс жақта Алтын тау (Алтай, Алатау) бо-
латын. Сөйтіп, тағы бір еркек пен ағаш жаратып, олардың беттерін 
батысқа қаратып, Алтын таудың үстіне қойды. Алайда, сегізінші 
адамға жан мен ақыл-ой үрлемес бұрын, Үлкен Тәңір оған: «Ұғып 
ал, жақсы болсын, жаман болсын, жаратқанымның бәрінің қожасы 
сен боласың. Кімнің аштан өлетіні, кімнің ауру, кімнің сау болаты-
ны өз билігіңде. Осының бәрін білетін бол!» – деді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет